О переутверждении решения облмаслихата №5-1 от 28 сентября 2000 года «О мерах по активизации роли женщин в общественно-политической жизни и на производстве и утверждении плана действий по улучшению положения женщин в Западно-Казахстанской области на 2001-2005 годы» Күшін жойған
Басқа 0
«Қоғамдық - саяси өмірі мен өндірісте әйелдердің белсенділігін арттыру шаралары және Батыс Қазақстан облысында әйелдердің жағдайларын жақсарту бойынша 2001-2005 жылдарға іс-қимыл жоспарын бекіту туралы» 2000 жыл 28 қыркүйектегі № 5-1 облыстық мәслихат шешімін қайта бекіту туралы
📌 Ескерту. Күші
жойылды - Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 02.07.2004 № 9-4 шешімімен.
Облыстық мәслихат хатшысы Ғ. Шәмшаеваның «Қоғамдық-саяси өмірі мен өндірісте әйелдердің белсенділігін арттыру шаралары және Батыс Қазақстан облысында әйелдердің жағдайларын жақсарту бойынша 2001-2005 жылдарға іс-қимыл жоспарын бекіту туралы» баяндамасын тыңдап және талқылай отырып облыстық мәслихат облысымызда әйелдердің жағдайын жақсарту, өнеркәсіпте жұмыспен қамту, саяси-қоғамдық өмірге баулу барысында көптеген жұмыстар атқарылғанын атап өтеді.
Жалпы облыс тұрғындарының 51,7 пайызын әйелдер құрайды. Облыс экономикасының барлық салаларында жұмыс жасайтын әйелдердің саны – 50 мың адам. Олардың басым көпшілігі денсаулық сақтау, білім бері, мәдениет салаларында әлеуметтік қамсыздандыру, қаржы органдарында, сақтандыру компаниялары мен қоғамдарында жұмыс жасайды. Қалада және аудандарда әйелдер арасында жұмыссыздар санын қысқарту мақсатында әлеуметтік қорғауды талап ететін әйелдер үшін квоталы орындар бекітілді. Облыстық кедейлік пен жұмыссыздықты жою бағдарламасында да осы мәселе қаралған. Жұмыспен қамту орталықтарында орта және кіші бизнесті ашуда, өзін-өзі еңбекпен қамтуға бейімдеу мақсатында әйелдердің арасында мамандар қайта даярлау, оларды оқыту іске асырылуда.
Облыс, қала, аудан әкімдерінің аппараттарында жанұя және әйелдер мәселелерімен айналысатын комиссиялар құрылды және әйелдердің мәселелерін шешуге ықпалын тигізетін кәсіпорындар мен ұйымдарда өткізілетін шараларды үйлестіріп отыратын қоғамдық ұйымдар, облыстық мәслихаттың әлеуметтік саясат жөніндегі тұрақты комиссия жұмыс атқарады.
Сонымен қатар әйелдердің ролін өнеркәсіпте арттыру мәселелері шешілмей отыр. Экономиканың барлық саласында да олардың саны жыл сайын азайып отырады. Денсаулық сақтау, әлеуметтік қызмет саласында қызмет атқаратын әйелдердің саны 1999 жылмен салыстырғанда 11,2, сауда саласында - 22,2 пайызға қысқарды. Жұмыспен қамтамасыз етілген әйелдердің басым көпшілігі қарапайым жұмысшылар, мемлекеттік қызметте 31 мыңға жуық адам қызмет атқарды. Ауыл шаруашылығында олардың қызметі біліксіз немесе жартылай білікті болып отыр. Жоғарғы басшы лауазымдық қызметке аз ұсынылуда.
Денсаулық сақтау саласында шешілмеген мәселелер балалар мен әйелдердің денсаулығына әсерін тигізеді. Соңғы жылдары жүкті әйелдер мен жас босанған әйелдер үшін ауруханада орын саны азайып кетті. Облыс экономика саласында қызмет атқаратын әйелдердің жұмыс орындарының санитарлы-гигиеналық жағдайлары өте нашар, сондықтан жарақаттану жағдайлары көп кездеседі. Жылдан жылға бала туу саны төмендеп келеді. Өнеркәсіпте жұмыс жасап жүрген әйелдердің орта айлық жалақысы жалпы жалақыға есептегенде 79,9 пайызды құрайды.
Әйелдердің рөлін өнеркәсіпте және облыстың қоғамдық саяси өмірінде арттыруға білім бері, мәдениет және экономиканың басқа да саласындағы жетіспеушіліктер өз әсерін тигізіп отыр. Облыста мектепке дейінгі балалар мекемесінің саны қысқарып кетті. Қазіргі уақытта олардың 48-і, соның ішінде Орал қаласында 27-і жұмыс жасап отыр, бұл мектепке дейінгі дайындық нәтижесін төмендетіп отыр. Аудандар мен ірі мекен жайларда балаларға арналған сүт кухнясы жоқ.
Осы барлық мәселелерді ескере отырып, қоғамдық-саяси өмірі мен өндірісте әйелдердің белсенділігін арттыруға жағдай жасау үшін, сонымен қатар Батыс Қазақстан облысында 2001-2005 жылдарға әйелдердің жағдайын жақсарту бойынша ұйымдастырылған шаралар жоспарын талқылап облыстық мәслихат шешім ЕТТІ:
Тармақ 1
1. «Қоғамдық-саяси өмірі мен өндірісте әйелдердің белсенділігін арттыру шаралары және Батыс Қазақстан облысында әйелдердің жағдайларын жақсарту бойынша 2001-2005 жылдарға іс-қимыл жоспарын бекіту туралы» 2000 жыл 28 қыркүйектегі № 5-1 облыстық шешімі қайта бекітілсін.
Тармақ 2
2. 2001-2005 жылдарға арналған Батыс Қазақстан облысында әйелдердің жағдайын жақсарту бойынша іс-шаралар жоспары бекітілсін (тіркелді).
Облыста әйелдердің жағдайын жақсартуға арналған іс-шаралар жоспары ұзақ мерзімге созылатындығынан жоспардағы «Әйелдер және денсаулық» В бөліміндегі 2 бап алып тасталынсын.
Облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларына, қалалық және аудандық мәслихаттарға осы Жоспардың орындалуын қадағалау тапсырылсын.
Тармақ 3
3. Облыс, қала және аудан әкімдеріне өз аппараттарында әйелдер мәселесімен айналысатын бір адам қызметке қабылдау ұсынылсын.
Тармақ 4
4. Облыс, қала және аудандар әкімдері облыстық денсаулық сақтау, білім беру басқармалары (Ш.М. Қадырбеков, Е.С. Катаев) басқа да ынталық білдіріп жүрген ұйымдармен 2001-2005 жылдар арасында аудан орталықтары мен ірі мекен жайларда қазір қызмет жасап жатырған және бұрын жабылып қалған мектепке дейінгі балалар мекемелерін сақтап қалуға шаралар қолданылсын.
Барлық аудан орталықтарында балаларды тамақтандыруда қайта ұйымдастыру үшін барлық аудан орталықтарында балалар сүт кухнясының жұмысын қайта жандандыру қажет.
Жастардың, әсіресе оқушылар арасында темекі, ішімдік өнімдерін және есірткі заттардың пайдалануын насихаттау нығайтылсын.
Тармақ 5
5. Облыс әкіміне, облыстық қаржы (А.Ш. Хамитов), денсаулық сақтау (Ш.М. Қадырбеков), коммуналдық меншік (К.К. Кенжегалиев) облыстық Қызыл Крест және Қызыл жарты Ай (М.М. Мұқашева) қоғамдары бірігіп 2001 және одан кейінгі жылдарға арналған бюджетті қалыптастырған кезде алкоголизм мен нашақорлықтан емделу, зорлыққа ұшыраған әйелдерді емдеу орталығын ашуға бір ғимарат және қаржыландыруға қаражат бөлу мәселесі қаралсын.
Тармақ 6
6. Қала, аудан әкімдеріне, облыстық басқарма, барлық жеке меншік түрлерінің басшыларына, 2000-2002 жылдар арасына есептелген кедейлік пен жұмыссыздықпен күрес облыстық Бағдарламасына сәйкес әйелдер арасында жұмыссыздықты жою бойынша шаралар қолдану тапсырылсын.
Тармақ 7
7. Облыстық еңбек, тұрғындарды әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамтамасыз ету басқармасы (Т.Б. Мырзахметов) жұмыс тәжірибесі үлкен «Диана» АҚ, «Мария» салоны жанынан нарықтық экономикада қажетті білім, тәжірибелерін үйрету үшін, өз ісімді ашамын деп ынта білдіретін кәсіпкер әйелдерді дайындауға арналған оқу орталығын ашу ұсынылсын.
Тармақ 8
8. Кіші кәсіпкерлікті қолдау және дамыту Департаменті (А.Қ. Нұғманов) 19 маусым 1997 жылғы 131-ші ҚР «Кіші кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы» заңына сәйкес 2001-2005 жылдарға арналған облыста Кіші кәсіпкерлікті қолдау және дамыту Аумақтық Бағдарламасын даярлау барысында өз ісін ашатын әйелдерді қолдауға қаржы бөлу қаралсын.
Тармақ 9
9. Облыстық «Орал өңірі» және «Приуралье» газеттеріне облыстық телерадио комитетіне теледидар бағдарламаларында және газет беттерінде мектеп, жанұя және әйелдерге байланысты сұрақтарды баяндап отыру тапсырылсын.
Тармақ 10
10. Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісі мен Сенатқа "Зейнетақымен қамтамасыз ету туралы" заңының зейнетақыға шығатын жасты белгілеу бөлігінде 5 немесе одан да көп балалы әйелдерге 50-ге дейін төмендету жөнінде өзгерістер енгізіп, ұсыныстарды жолдасын.
«Қазақстан республикасында еңбек туралы» заңының 87 бабына сәйкес босанар алды және босанғаннан кейінгі жәрдемақыны жұмыс берушінің есебінен емес, үкіметтің есебінен төлену ұсынылсын.
«Қазақстан Республикасында арнайы мемлекеттік жәрдемақы туралы» заңға әлеуметтік мәселелер бойынша басқа да заң актілеріне жалғыз басты аналарға, 4 немесе одан да көп балалы аналарға, әскери қызмет барысында міндеттерін орындауда бейбіт кезеңде жарақат алған жедел қызметтегі әскери қызметшілерге нақты жәрдемақы тағайындау ұсынылсын.
Тармақ 11
11. Осы шешімнің орындалуын қадағалау облыстық мәслихаттың әлеуметтік саясат және облыстың экономикалық дамуы және бюджет мәселелері жөнінде тұрақты комиссияларына тапсырылсын.
Тармақ 12
12. «Қоғамдық-саяси өмірі мен өндірісте әйелдердің белсенділігін арттыру шаралары және Батыс Қазақстан облысында әйелдердің жағдайларын жақсарту бойынша 2001-2005 жылдарға іс-қимыл жоспарын бекіту туралы» 2000 жыл 28 қыркүйектегі 5-1-ші облыстық мәслихат шешімінің күші жойылсын.
Басқа 13. 2001-2005 жылдарға арналған Батыс Қазақстан облысында әйелдердiң жағдайын жақсарту жөнiндегi iс-қимыл ЖОСПАРЫ
2001-2005 жылдарға арналған Батыс Қазақстан облысында әйелдердiң жағдайын жақсарту жөнiндегi iс-қимыл ЖОСПАРЫ
КIРIСПЕ
Қоғамда әйелдер ролiнiң өсу факторы қазiргi заманда бұрыңғыдан да алға шығып отыр. ХХ ғасырдың соңында қазiргi замандағы әйелдердiң орнын белгiлеудiң өзектi мәселесi алға қойылуда, өйткенi оны шешпейiнше адамзаттың дамуы процесi мүмкiн емес.
Қазақстан жас демократиялық мемлекет ретiнде Конституциясында бостандық пен теңдiктiң болуын, кемсiтушiлiкке, соның iшiнде жыныс белгiсiне қарай кемсiтушiлiкке тиым салуды заңмен бекiттi.
Қазақстан Республикасы 100-ден астам мемлекетпен бiрге әйелдердi кемсiтушiлiктiң барлық түрлерiн жою ережелерiн қолдап және сақтап отыр. "Теңдiк. Бейбiтшiлiк. Даму" аясында әйелдердiң жағдайы жөнiндегi өткен IY Дүниежүзiлiк конференцияда өткен 12 басымдық бойынша әзiрленген шешiмдер Қазақстан Республикасында әйелдердiң жағдайын жақсарту жөнiндегi Ұлттық iс-қимыл жоспарының негiзi болады.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 19 шiлдедегi № 999 қаулысымен бекiтiлген республикада әйелдердiң жағдайын жақсарту жөнiндегi Ұлттық iс-қимыл жоспарына сәйкес Батыс Қазақстан облысы әкiмi жанындағы отбасы және әйелдер iсi жөнiндегi облыстық комиссия облыс бойынша гендерлiк талдаулар жүргiздi.
2000 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша Батыс Қазақстан облысы бойынша тұрғындар саны 610,8 мың адам болды, ондағы әйелдердiң үлесi 51,7 процент (315,7 мың адам) құрайды. Облыста 85550 мың 14 жасқа дейiнгi қыздар тұрады, ал 60 жасқа дейiнгi әйелдер 59,1% және 60 жастан жоғары әйелдер 14% құрайды. Облыс бойынша орташа 1000 әйелге 935 еркектен келедi. Облыс орталығында 54% әйел тұрады, 1000 қала әйелiне 836 еркектен келедi.
Осыған қарамастан әйелдердiң өсуiнiң баяулағаны байқалады, соның нәтижесiнде облыста әйелдер саны 1989 жылғы 325478-ден 1999 жылғы 318913-ке дейiн немесе 2,1 процент кемiдi.
Әйелдер санының артуы орта және жасы ұлғайғандардан басталады, бұл ер адамдар өлiмiнiң көптiгiнен болып отыр.
Облыста әйелдердiң жағдайын жақсарту жөнiндегi ұсынылып отырған iс-қимыл жоспары әйелдер өмiрiнiң барлық салаларын қамтиды және мынандай мақсаттары бар:
Тармақ 1
1. Әйелдердiң және олардың от басыларының денсаулығын жақсарту.
Тармақ 2
2. Тұрғындарды жұмыспен қамту және табысы төмен азаматтарды әлеуметтiк қорғау саясатын енгiзу.
Тармақ 3
3. Әйелдердiң облыстың саяси, әлеуметтiк-экономикалық және мәдени өмiрiне белсендi қатысу үшiн қажеттi жағдайлар жасау.
Тармақ 4
4. Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жою.
Тармақ 5
5. Облыстың бұқаралық ақпарат құралдарында гендерлiк мәселелердi жариялау.
Жоспарды отбасы және әйелдер iсi жөнiндегi облыстық комиссия қоғамдық ұйымдардың қатысуымен, мемлекеттiк мүдделi органдармен бiрлесiп жасады және алға қойылған мiндеттердi 2001-2005 жылдары iске асыру көзделген.
Бөлім 19. А бөлiмi. Әйелдер және кедейлiк
А бөлiмi. Әйелдер және кедейлiк
Нарықтық экономикаға көшу, экономиканың дағдарысты жағдайымен сипатталатын қазiргi әлеуметтiк-экономикалық жағдай, әлеуметтiк кепiлдiктер жүйесiнiң өзгеруi бiрқатар өзектi мәселелердi туындатты. Әсiресе, өткiр мәселелердiң бiрi халықтың тұрмыс деңгейiнiң төмендеуi және әйелдер жұмыссыздығы болып отыр. Көп балалы және асыраушысынан айырылған отбасылар, зейнеткерлер, мүгедектер, жұмыссыз табысы төмен отбасылар кедейлер санаттарына ұшырап отыр, олардың айлық жиынтық табысы 2 есептiк көрсеткiштен аспайды. Ауыл тұрғындары қалалықтардан кедейлеу тұрады.
Тұрғындар отбасының негiзгi көзi жалақы болып есептеледi.
1999 жылғы жалақы қорынан әйелдерге аударылған (нақты түрде төленгенiн қосқанда) 4495,6 млн. теңге тұрады.
Облыс бойынша 1999 жылы әйелдердiң орташа нақты жалақысы 8340 теңге құрады, ал үстiмiздегi жылдың қаңтар-маусым айларында ол 8894 теңге болып отыр (ер адамдардiкi 1999 жылы – 12858 теңге).
Экономиканың «әйелдер саласы» деп аталатын жекелеген салаларында әйелдер көпшiлiк болып отыр. Бұл бiлiм беру, денсаулық сақтау, бөлшек сауда және үйде пайдаланылатын бұйымдарды жөндеу, сондай-ақ өнеркәсiптiң белгiленген түрлерi сияқты салалар. Саны жағынан артық болғанмен әйелдердiң жалақысы ер адамдардiкiнен төмен.
Экономикалық қызметтiң түрлерi бойынша әйелдердiң жалақысы айтарлықтай сараланған. Мәселен, оның жоғары нүктесi 1999 жылы (қаржы қызметi – 19805 теңге) орташа деңгейдiң 187,7% құраса, төменгi шекарасы (ауыл шаруашылығы, аң және орман шаруашылығы 3234 теңге), тиiсiнше 30,7% құрады. 1999 жылы облыстың 11 ауданында әйелдердiң жалақысы орташа облыстық деңгейдегiге де жеткен жоқ. Әйелдердiң ең төменгi жалақысы Жаңақала ауданында (6098 теңге), жоғарысы (13058 теңге) Бөрлi ауданында болды.
Жеңiл, тамақ өнеркәсiбi өндiрiсi көлемiнiң, қызмет көрсету саласының, мектепке дейiнгi мекемелер желiлерiнiң және басқа да салалардың қысқаруы әйелдердiң жұмысқа орналасу мүмкiндiктерiн шұғыл кемiттi.
Талдау көрсеткенiндей 1999 жылғы жұмыссыздар құрамының 53 процентiн әйелдер құрайды, бұл қазiргi кезде ерекше өзектi мәселе болып отыр.
Халықты жұмыспен қамту арқылы табысы төмен азаматтардың тұрмыс деңгейiн арттыру, тұрғындардың кедей топтарына арнаулы әлеуметтiк көмектер көрсету және жұмыссыздықты әлеуметтiк тұрғыдан жарамды деңгейге жеткiзу мақсатында Батыс Қазақстан облысында жұмыссыздықпен және кедейшiлiкпен күресу жөнiнде 2000-2002 жылдарға арналған Бағдарлама әзiрлендi және бекiтiлдi. Аталған Бағдарламаға сәйкес жүргiзiлген жұмыстардың нәтижесiнде кедей отбасылар деңгейiн 2000 жылдағы 1 наурыздағы 16,1 проценттен 2000 жылы 1 тамызда 12,8 процентке кемiтуге қол жеткiзiлдi.
Аталған кезеңде 6330 көп балалы аналарға 55,8 млн. теңгенiң адрестi әлеуметтiк көмектер көрсетiлдi. 55,8 млн. теңгенiң адрестi әлеуметтiк көмегiмен 22318 отбасы қамтылды, оның басым көпшiлiгi әйелдер мен балалар болып отыр.
Кедейшiлiкке қарсы күрес саясатындағы басты мiндет адрестi әлеуметтiк көмектi одан әрi жүзеге асыру, әйелдердi түрлi жұмыстарға орналастыруға көмектесу және өзiн-өзi жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында тұрғындардың кейбiр бөлiгiне шағын несиелер беру болып табылады.
А. Әйелдер және кедейлік - бөлімі бойынша іс-шаралар жоспары
№№
Іс-шаралар
Аяқталу
Жауапты атқарушылар
Орындалу мерзімі
1.
Табысы төмен және әлеуметтік жағынан осал топтағы әйелдерді (жұмыссыздар, көп балалы аналар, мүгедек балалары бар әйелдер, мүгедек әйелдер) қолдау жөнінде шаралар алу, әлеуметтік қорғауды жетілдіру:
- адресті көмектер көрсету;
- қайырымдылық және ізгілік көмектер;
- қоғамда мүгедектерді сауықтыру және ықпалдастыру;
- даму мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік қолдау
Атқарылған жұмыстар туралы тоқсан сайын ақпарат
Облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қолдау басқармасы. Отбасы және әйелдер ісі жөніндегі облыстық комиссия
2000-2005 ж. ұдайы
2.
Халықты жұмыспен қамту туралы Мемлекеттік саясаттың еңбекке орналастыру бөлігін жүзеге асыру жөнінде шаралар алу:
- квота бойынша;
- қоғамдық төлемді жұмыстар ұсыну;
- өздерінің жұмысқа орналасуын бағдарлау мақсатында жүмыссыздарды оқыту және қайта оқыту;
- босқындар мен оралмандарды қабылдау және жұмысқа орналастыру;
- жастарды, мектеп бітірушілерді оқыту және оларға кәсіпті бағдар беру
Атқарылған жұмыстар туралы тоқсан сайын ақпарат
Облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қолдау басқармасы, облыстық көші-қон және демография басқармасы, облыстық білім басқармасы
2000-2005 ж. ұдайы
3.
«Қазақстан Республикасында еңбек туралы» Заңының мынадай бөлімдерінің сақтауын бақылауды жүзеге асыру:
- қызметшілердің, әсіресе әйелдердің және 18 жастағы қыз балалардың еңбек қауіпсіздігі мен гигиена талаптарына жауап беретін еңбек жағдайлары құқығын сақтау;
- 18 жасқа дейінгілерді ауыр жұмысқа және зиянды әрі қауіпті жұмыстарға қабылдануына жол бермеу;
- 14-тен 16 жасқа дейінгі жастарды жұмысқа қабылдау жеке еңбек шарттарын жасасқан кезде ата- аналардың келісімі болуын қадағалау
Атқарылған жұмыстар туралы ақпарат
Қалалық жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімі, еңбекке орналастыру орталығы
Ұдайы
4.
Кедейшілікпен және жұмыссыздықпен күресу жөніндегі Бағдарламаны жүзеге асыру барысында көпбалалы және толық емес отбасыларға көңіл бөлу және оларды мыналармен қамтамасыз ету:
- шағын несиелер беру;
- жеке шаруашылықтары үшін ірі мүйізді қараның төлдерін, құстар бөлу;
- бау-бақша үшін участкелер бөлу;
- меншіктің нысанына қарамастан кәсіпорын басшыларын, кәсіпкерлерді қайырымдылық көмектер көрсету үшін кедей отбасыларға бекіту
Жиынтық есеп және тізім
Отбасы және әйелдер істері жөніндегі облыстық комиссия, Орал қаласының және аудандардың әкімдері
2000 жылдан 2001 жылға дейін
5.
Панасыз балалар, тұрақты мекен-жайы жоқ кезбелер және бас еркінен айыру орнынан оралғандар үшін бейімделу орталықтарын құру, үй-интернаттарына орналастыру, қоғамдық жұмыстарға орналастыру, еңбекке орналастыру, оқыту т.б.
Ақпарат
Облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қолдау басқармасы, ІІБ, қоғамдық бірлестіктер
Бөлім 20. Б бөлiмi. Әйелдерге бiлiм беру және оқыту. Қыздар.
Б бөлiмi. Әйелдерге бiлiм беру және оқыту. Қыздар.
1999 жылғы халық санағының соңғы мәлiметi бойынша облыста 233363 әйел 15 және одан да жоғары жастағылар, олардың бiлiм деңгейлерi төмендегiдей дәрежеде: әйелдердiң 12 процентiнiң жоғары және аяқталмаған жоғары бiлiмi, 23,8 процентiнiң арнаулы орта, 33,3 процентiнiң жалпы орта, 18,9 процентiнiң жалпы негiздегi, 10,2 процентiнiң бастауыш бiлiмдерi бар. Негiзiнен ауылдық жерлердегi әйелдердiң бiлiм деңгейi төмен.
Жұмыс iстейтiн әйелдердiң негiзгi бөлiгi жұмысшы мамандығының өкiлдерi (36%) болып отыр, жұмыс iстейтiн әйелдердiң 53%-i жұмысшы мамандығының өкiлдерiне, жұмыс iстейтiн әйелдердiң 53%-i қызметшi санатына жатады. Кәсiпорындар мен ұйымдар басшылары арасында әйелдердiң үлесi салмағы 5,7 процент қана.
Жұмыссыз әйелдердiң бiлiм деңгейi жұмыссыз ер адамдарға қарағанда айтарлықтай жоғары болып отыр. Олардың 40%-нiң жоғары және орта бiлiмi бар, ал жұмыссыз ер адамдардiкi 20 проценттен астам ғана.
Әйелдер үшiн еңбек рыногында жағдайлар жасау, мектеп жасындағы, әсiресе ауылдық мектептерде балаларды толық орта бiлiммен қамту, оқытудың тәсiлдерiн жетiлдiру жолымен бiлiм берудiң сапасын арттыру қазiргi кезде өзектi мәселе болып отыр.
Б. «Әйелдерге білім беру және оқыту. Қыздар» бөлімі бойынша іс-шаралар жоспары
№№
Мақсаттары мен міндеттері
Нақты іс-әрекеттер
Аяқталу нысаны
Жауапты атқарушылар
Орындалу мерзімі
Қаржыландыру көздері
1.
Гендерлік (әлеуметтік-жыныстық) білім беру
Жергілікті жерге бағытталған құжаттар толтыру кезінде гендерлік тәсілді ескеру (бұйрықтар, әдістемелік құралдар, мақалар және басқалар). Гендерлік сабақ жөнінде факультативтер енгізу
Облыстық білім басқармасы бастығының бұйрығы
Облыстық білім басқармасы, облыстық біліктілікті аттыру институт
2000-2005 жылдар
Жергілікті бюджет, халықаралық ұйымдардың гранттары және инвестициялар
2.
Әйелдердің экономикалық, құқықтық және кәсіби білімін арттыру
Тәрбиелеу, оқыту, еңбекке әзірлеу мәселелері жөнінде тренингтік орталық құру
Жұмсыздар арасынан әйелдерді нарықтық қажетті дағдылар мен білімге оқыту
Әйелдерді, соның ішінде жұмыссыздарын, олардың біліктілігі мен өзі-өзін жұмыспен қамтуын арттыру мақсатында компьютерлік біліммен және жаңа технологияға қол жеткізуін қамтамасыз ету.
Орталықтар құру
Қазіргі заңдарға сәйкес
Облыстық білім басқармасы
Облыстық білім басқармасы
Ұдайы
Ұдайы
Халықаралық ұйымдардың гранттары мен инвестициялары
Халықаралық ұйымдардың гранттары мен инвестициялар
3.
Еңбек рыногында бәсекелестікті арттыру экономиқалық қағидалар дағдысын оқыту
Әйелдер мен қыздар арасында салауатты өмір салты мұраттарын орнықтыру мақсатында дене шыңықтыру мен спорт насихаттау және олардың арасында теориялық-практикалық сабақтардың деңгейін көтеру
Әйелдер кәсіпкерлігін дамытуға жәрдемдесу және қолдау көрсету
Әйелдердің рухани, шығармашылық және физикалық әлеуетін ашуға жәрдемдесу. Әйелдерді сауықтыру идеясы мен салауатты өмір салтын насихаттау.
Бағдарлама
Бағдарлама
Облыстық білім басқармасы
Облыстық білім басқармасы, қалалық, аудандық білім бөлімдері, облыстық туризм және спорт жөніндегі басқарма
Ұдайы
Ұдайы
Халықаралық ұйымдардың гранттары мен инвестициялар
4.
Әйелдер қызметін психологиялық және педагогиялық жағынан қолдау жүйесін құру
Бағдарламаны іске асыру үшін ғылыми кадрлар мен материалдық-техникалық база құру ақпараттар, тәжірибелер алмасу үшін қоғамдық ұйымдармен және мемлекеттік органдармен, шығармашылық одақтармен, бірлестіктермен өзара қимыл жасау.
Жұмыс жоспорлары
Отбасы және әйелдер ісі жөніндегі облыстық комиссия, облыстық білім басқармасы, қоғамдық бірлестіктер
2001-2005 жылдары
5.
Әйелдер мен қыздарға ұйымдаспаған және құрылымсыздық ортаның қолайсыз әсерін азайту. Жасөспірімдердің әлеуметтік жауапкершілігін дамыту
Әйелдер мен жасөспірім қыздарды қоғамдық қызметке тарту, жұмыспен қамтамасыз ету, өзара пішіндес қоғамдық ұйымдар,, клубтар құру.
Орталықтар құру
Мектептен тыс мекемелер, туризм және спорт жөніндегі басқарма.
2002-2003 жылдары
6.
Қоғамдағы өз орнын өзі белгілеу үшін әйелдерге кешенді психологиялық, педагогикалық көмектер көрсету. Әйелдердің шығармашылық қабілетін дамыту, ынта-ықласы мен бейімділігін тереңдету.
Жеке тұлғалардың шығармашылық мүмкіндігін анықтау жүйесін құру.
Фестивалдар, байқаулар, көрмелер өткізу
Бағдарламаға өзгерістер енгізу
Облыстық білім басқармасы, қалалық білім басқармасы
2000 жыл 2 тоқсан
Жергілікті бюджет қаржысы шегінде
1.
ҚЫЗДАР
Қыздарды адамгершілікке жыныстық тәрбиеге баулу, оларға салауатты өмір салтын дарыту
Білім беру мекемелерінде оқу және кластан тыс жұмыстар
Жасқа байланысты «Сен туралы» гигиена бойынша СПИД-пен күресу және алдын алу бағдарламасын жасау.
Мектеп бағдарламасы мен өнегелі жыныстық тәрбие жоспарына қыздарға қатысты зорлықпен күрес туралы бөлім енгізу.
Бағдарлама
Мектеп бағдарламасы мен жұмыс жоспарына өзгерістер енгізу
Ұдайы
2000-2001 жылдары
Жергілікті бюджет қаржысы шегінде, халықаралық ұйымдардың гранттары мен инвестициялары
2.
Балалар бақшалары мен мектептерде қыздар мен ер балалардың мектепке дейінгі міндетті даярлығын енгізу.
Қазақстан Республикасы Заңын орындау
Облыстық білім басқармасы. Қалалық, аудандық білім бөлімдері.
2000 ж.
3.
Даму мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік қолдау
Мектепке дейінгі мекемелерде, балалар үйлеріңде даму мүмкіндігі шектеулі балалар мен жасөспірімдері қолдау үшін емдеу-педагогикалық топтар құру.
Бөлім 21. В бөлiмi. Әйелдер және денсаулық
В бөлiмi. Әйелдер және денсаулық
Облыстағы денсаулық сақтау жағдайы аймақтағы экономикалық игiлiктiң маңызды индикаторының бiрiне саналады және ол қазiргi уақытта ерекше назар аударуды қажет етуде. Облыста әйелдердiң және тұрғындардың денсаулығының нашарлауы соңғы жылдары ерекше байқала бастады.
Екi қабат әйелдер арасында қанның аздығы көп таралған (60%, ал жекелеген аудандарда 80%), мұның өзi әйелдердiң босанғаннан кейiнгi жағдайының ауырлауына және iштегi нәрестеде және жас сәбиде патологиялық өзгерiстер болуына әкелiп соқтырады. Жыныс арқылы берiлетiн жұқпалы аурулардың таралуы жылдан жылға өсе түсуде. Бiрiншi кезекте әйелдердi қамтыған экономикалық өзгерiстер мен жұмыссыздық, олардың репродуктивтiк денсаулығына соққы болып тидi.
Әйелдердiң көпшiлiгi гинекологиялық, басқа да түрлi онкологиялық аурулармен ауырады, олардың 70 мыңға жуығы әртүрлi контрацептiк дәрi-дәрмектердi пайдаланады, бұл 45 проценттi ғана құрайды. Барлық орынсыз екiқабаттықтың алдын алу бұрынғыша түсiк тастау болып отыр.
Контрацептiк дәрi-дәрмектердiң жетiспеуi мен оның бағасының қымбаттығы және түсiк тастаудың кең таралуы (жыл сайын босанатындар 8 мың, түсiк тастау 6 мыңнан астам) әйелдердiң репродуктивтiк денсаулығының нашарлауының бiрден бiр себебi.
Дүниежүзiнiң барлық әйелдерi сияқты Қазақстан әйелдерiнiң де денсаулығының физикалық және психикалық жағынан жоғары дәрежеде болуына құқығы бар. Әйелдердiң денсаулығын қорғау, қауiпсiз ана болу және әйелдердiң еңбек ету құқығы мәселелерiн қорғаудың қажеттiгi пiсiп жетiлдi.
Қазiргi және болашақ ұрпақтың репродуктивтiк денсаулығын сақтау жауапкершiлiгi әйелдерге ғана қатысты деуге болмайды. Қазiргi кезде әйелдердiң репродуктивтiк саулығын жақсарту және қолдау жөнiндегi нақты шаралар қабылдау - аймақта әлеуметтiк-экономикалық прогреске қол жеткiзудiң сенiмдi жолы.
В. «Әйелдер және денсаулық» бөлімі бойынша іс-шаралар
№/№
Мақсаттары мен міндеттері
Нақты іс-әрекеттер
Аяқтау нысаны
Жауапты атқарушылар
Орындалу мерзімі
Қаржылан
дыру
көздері
1.
Әйелдердің және балалардың денсаулық жағдайын жақсарту
Бірінші кезекте көп босанған, ауру әйелдер және жасөспірімдер арасында қазіргі контрацептивтік құралдармен орынсыз екіқабаттықтың алдың алу жолымен бала туу жасындағы әйелдердің репродуктивтік денсаулығын қорғау.
Контрацептивтік
құралдарды
орталықтан
дырылған
түрде
сатып
алу.
Облыс әкімінің шешімі, ҚР Үкіметін ақпарат, Облыстық денсаулық сақтау басқармасының бұйрығы
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы, облыстық қаржы басқармасы, аудандардың және Орал қаласының әкімдері
2001-2005 жылдар
Жергілікті бюджет, халықтық қорлар, халықаралық инвестициялар
Туғаннан жүрек ақауы және балалардағы тұқым қуалайтын аурулардың алды алу мақсатында облыс тұрғындарына дәрігерлік-генетикалық кеңес беруді жалғастыру.
Облыстық диагностикалық орталықтың базасында дәрігерлік-генетикалық кеңес беру.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының бұйрығы
Аудандық денсаулық сақтау бөлімдері, Орал қаласының аумақтық емханалары
2001-2005 жылдар
Бала тууға қабілетті жастағы әйелдерді, бірінші кезекте екі-қабат әйелдерді анемиядан тегін емдеу және алдын-алу негізінде әйелдердің анемия ауыруын азайту.
Анемияға қарсы дәрі-дәрмектер мен витаминдерді орталықтандырылған түрде сатып алу, екіқабат әйелдерді әлеуметтік тәуекел тобы арқылы тамақтандыруды қолдау.
Облыс әкісінің шешімі, облыстық денсаулық сақтау басқармасының бұйрығы
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы, облыстық қаржы басқармасы, аудандардың және Орал қаласының әкімдері
2001-2005 жылдар
Жергілікті бюджет, Халықтық қорлар, халықаралық инвестициялар
Әйелдердің жыныстық жолмен берілетін жұқпалы аурумен ауыру деңгейін кеміту
Екіқабат әйелдерді емханада тегін емдеу үшін дәрі дәрмектер алу
Облыс әкімінің шешімі, ҚР Үкіметіне ақпарат, облыстық денсаулық сақтау басқармасының бұйрығы
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы, облыстық қаржы басқармасы, аудандардың және Орал қаласының әкімдері
2001-2005 жылдар
Жергілікті бюджет, Халықтық қорлар, халықаралық инвестициялар
3.
Әйелдердің денсаулығын қорғау жөнінде әйелдердің қоғамдық ұйымдарымен біріккен қызмет
Орал өңіріндегі «Үміт» әйелдер одағымен бірлескен жұмыс
Халықаралық гранттар мен несиелерге қатысу
АБР жобасы бойынша аймақтық бағдарлама
Орал өңіріндегі «Үміт» әйелдер одағы, облыстық денсаулық сақтау басқармасы
2001-2005 жылдары
Халықаралық гранттар, демеушілік көмектер
Бөлім 22. Г бөлiмi. Әйелдерге қарсы зорлық
Г бөлiмi. Әйелдерге қарсы зорлық
Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес адамның намысына қол сұғуға болмайды. Ешкiм де азаптауға, зорлыққа, адамның намысын түсiретiн басқа да қатiгездiкке ұшырауға тиiстi емес.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 14 бабына сәйкес заң мен сот алдында адамдардың бәрi де бiрдей. Ешкiм де әлеуметтiк тегiне, дiнге қатыстылығына, сенiмiне, тұрған орнына немесе басқа да жағдайларына қарап қуғынға ұшырауы тиiс емес.
Әркiмнiң өз ар-ожданын және намысын қорғауға құқығы бар. Қатыгездiк пен зорлық-зомбылықты насихаттауға жол берiлмейдi.
Соған қарамастан қылмыс пен зорлық фактiлерiнiң деңгейi жоғары. Әйелдерге қатысты зорлық жасаудың көп тараған түрi тұрмыстағы зорлық (денеге, психологиялық, сексуалдық) болып отыр. Бұл ретте әйелдерге қатысты зорлық фактiлерi туралы толық статистикалық мәлiмет жоқ, өйткенi мұндай әрбiр оқиға құқық қорғау органдарында ресми тiркеле бермейдi.
Облыс аумағында жүргiзiлген сауалнаманың қорытындысы бойынша сұрақ берiлген 60%-ке жуық әйелдер өмiрiнде бiр ретте болса психологиялық, денеге немесе сексуалдық зорлық көрген.
Облыс орталығында үстiмiздегi жылдың 6 айында әйелдерге қатысты 370 қылмыстық фактiлерi анықталды, 132 iс сотқа жолданды.
Мүлiктiк сипаттағы қылмыс көп таралып отыр: әйелдерге қатысты тонау - 67, бұзақылық - 24, зорлау – 10 фактiлерi тiркелген, жеңгетайлық фактiлерiнiң 7-i анықталып, оның 5-i сотқа жолданған.
Облыс орталығында «Қазақстан Республикасындағы сот сараптамасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сот-дәрiгерлiк сараптама мәселесi шешiле тұрса да, 1999 жылғы қаңтардан берi облыста жәбiрленушi әйелдер есебiнен бiрде-бiр сот-дәрiгерлiк сараптама жүргiзу тiркелмеген.
Қазақстан Республикасының Әйелдерге зорлық-зомбылықтың барлық түрлерiн жою туралы Конвенцияға қатысуынан кейiн және Қазақстан Республикасы iшкi iстер министрiнiң 1999 жылғы 19 ақпандағы № 91 бұйрығын орындау үшiн облыстық iшкi iстер басқармасында әйелдерге қатысты зорлық көрiнiстерiмен күресу жөнiнде топ құрылды.
Әйелдер және отбасы проблемаларын шешуде iшкi iстер органдарына Орал өңiрiндегi "Үмiт" әйелдер одағы және Қазақстанның iскер әйелдер ассоциациясының Батыс Қазақстан филиалы үлкен көмектер көрсетуде.
Әйелдерге қатысты зорлықтың алдын алу және жою мәселесi жөнiнде тұрғындарға құқықтық көмектi одан әрi көрсете беру қарастырылып отыр.
Г бөлімі. «Әйелдерге қарсы зорлық»
№/№
Мақсаттары мен міндеттері
Нақты іс-шаралар
Аяқтау нысаны
Жауапты атқарушылар
Орындау мерзімі
Қаржыландыру көздері
1.
Әйелдерді зорлықтың кезкелген түрінен қорғауға қатысты Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес қоғамға құқықтық тәрбие беру
Әйелдерге қатысты қылмыс жасаған адамдардың жауапкершілігін күшейту мәселесі жөніндегі Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің баптарына өзгерістер мен қосымшалар енгізуге, ұсыныстар әзірлеуге белсене қатысу.
Жобаға ұсыныстар
Батыс Қазақстан облыстық ішкі істер басқармасы
2001 жыл
2.
Әйелдерге қатысты тұрмыстық зорлық туралы толық және дұрыс ақпарат алу.
Әйелдерге қатысты зорлықтың көп таралған түрін, зорлыққа ұшыраған адамдарды, зорлықтың себептері мен жағдайларын анықтау үшін зорлықтың түрлеріне зерттеу жүргізу
Зорлықтың түрі, себептері, сипаты, дәрежесі және зардаптары туралы ақпараттық мәліметтер банкін құру
Әйелдерге қатысты зорлық проблемаларымен шұғылданатын құқық қорғау органдарының мүдделі мемлекеттік ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктердің өзара ақпарат алмасу жөнінде өзара іс-қимылының тетіктерін әзірлеу
Сауалнама жүргізу
Мәліметтер банкі
Облыс әкімінің шешімі
Батыс Қазақстан облыстық ішкі істер басқармасы, қоғамдық ұйымдар
ІІБ-сы, прокуратура, және ҰҚК, әділет басқармасы
Отбасы және әйелдер ісі жөніндегі облыстық комиссия, қоғамдық бірлестіктер мен ұйымдар.
2000 жылдың ІІІ-тоқсанынан бастап тоқсан сайын
2001 жыл
3.
Зорлық құбандарына көмек көрсету және оларды сауықтыру үшін құқық қорғау органдарыныңқоғамдық бірлестіктердің өзара іс-қимылының тиімді тетіктерін жасау.
Кризистік орталық құрудың қажеттігі туралы негізді ұсыныстар әзірлеу
Әйелдерге қатысты зорлықтың алдын алу және жою жөніндегі Кризистік орталықтың және ішкі істер органдарының біріккен іс-қимыл бағдарламасын әзірлеу
Әкімге өтініш
Біріккен іс-қимыл жоспары
Отбасы және әйелдер ісі жөніндегі облыстық комиссиямен және қоғамдық бірлестіктермен бірге
ІІБ, «Қазақстанның істер әйелдері ассоциациясының» филиалы
2001-2002 жылдар
2001-2002 жылдары
4.
Әйелдерге қатысты мәселесі жөнінде тұрғындар арасында ақпараттық, білім беру және тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру
Тұрғындар санасындағы әйелдердің дәстүрлі әлеуметтік статус туралы ескі көзқарасты өзгертуге бағытталған ақпараттық-насихаттық жұмыстарды жүйелі жүргізу.
Заң консультацияларының, Кризистік орталықтардың және бұқаралық ақпарат құралдарының мүмкіндіктерін пайдаланып, тұрғындарды әйелдерге қатысты зорлықтың алдын алу мәселелері бойынша кәсіби консультациялар беруді дамыту.
Қоғамдық құқықтық семинарлар, лекциялар, баяндамалар өткізу, қоғамда азаматтық білім беруді арттыру
Мақалалар, телерадио хабарлары, консультациялар.
Мақалалар, телерадио хабарлары, консультациялар.
Мақалалар, телерадио хабарлары, консультациялар.
ІІБ-сы ақпарат және қоғамдық келісім қасқармасымен бірге
ІІБ-сы ақпарат және қоғамдық келісім қасқармасымен бірге
ІІБ-сы ақпарат және қоғамдық келісім қасқармасымен бірге
Ұдайды
Бөлім 23. Д бөлiмi. Әйелдер және қарулы жанжалдар
Д бөлiмi. Әйелдер және қарулы жанжалдар
Қазақстан Республикасының негiзгi Заңы республика өмiрiнiң негiзi боларлық принциптерiнiң бiрi қоғамдық келiсiм және саяси тұрақтылық деп жариялады. Конституцияға сәйкес ұлтаралық келiсiмдi бұзатын кез-келген әрекет Конституцияға жат саналады.
Басқа мемлекеттегi қарулы жанжалдардың салдарынан Қазақстанда босқындар проблемасы пайда болды. Облыста босқындар-оралмандар және басқа көшi-қон проблемасын шешумен көшi-қон және демография басқармасы шұғылданады. Босқындардың құқықтық жағдайлары, босқын мәртебесiн алудың тәртiбi мен жағдайлары «Халықтың көшi-қоны туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Заңында белгiленген.
1991-1999 жылдар iшiнде көшi-қон және демография басқармасы 1676 отбасының немесе 4800 адамның құжаттарын қабылдады және орналастырды, мұның 1020 отбасы иммиграция квотасы бойынша болып отыр. Оралмандар (репатрианттар) мәртебесiн 348 отбасы немесе 984 адам алды. 451 адам азаматтық алды, оның iшiнде 2 адам Монғолиядан келгендер.
Иммигранттарды қабылдау процесiнде негiзгi мiндет оларды тұрғын үймен, жұмыспен және өзiн-өзi жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету болып саналады.
Д. «Әйелдер және қарулы жанжалдар» бөлімі бойынша
ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ
№/№
Мақсаттары мен міндеттері
Нақты іс-шаралар
Аяқтау нысаны
Жауапты атқарушылар
Орындау мерзімі
Қаржыландыру көздері
1.
Босқындар-оралмандарды қабылдау және жайғастыру
Босқындарды-оралмандарды, соның ішінде әйелдерді жұмыспен қамтамасыз ету. Жұмыс орындарын ашу.
Оралмандарға (репатриант) тұрғын үй жағдайларын жасау
Қазіргі заңдарға сәйкес оралмандарды және басқа қоныс аударушыларды құқықтық қамтамасыз ету.
Қазіргі заңдарға сәйкес
Облыстық газеттер беттерінде мақалалар, радио, теледидарда әңгімелер
Облыстық көші-қон және демография басқармасы, аудандардың және Орал қаласының әкімдері, облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы.
Облыстық көші-қон және демография басқармасы, Орал қаласының және аудандардың әкімдері
Облыстық көші-қон және демография басқармасы, облыстық бұқаралық ақпарат құралдары, ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы.
Ұдайы
Ұдайы, қажеттілігіне қарай
Ұдайы
Жергілікті бюджет қаржысы шегінде
Республикалық және жергілікті бюджеттер қаржысы шегінде
2.
Армияда зорлық көріністерімен күресу.
Әскери қазметшілер арасында зорлық зомбылықты болдырмау жөніндегі шаралар.
Қазіргі заңдарға сәйкес
Облыстық ІІБ, облыстық прокуратура, әскери полиция басқармасы, қоғамдық бірлестіктер (келісім бойынша)
Ұдайы
Жергілікті бюджет қаржысы шегінде
Бөлім 24. Е бөлiмi. Әйелдер және экономика
Е бөлiмi. Әйелдер және экономика
БҰҰ-ның мәлiметi бойынша қазiргi кезде әйелдер дүниежүзiндегi жұмысшы күшiнiң үштен екi бөлiгiн құрайды. Бiрақ дүниежүзiлiк табыстың тек оннан бiр бөлiгi мен дүниежүзiндегi меншiктiң жүзден бiрi ғана әйелдердiң үлесiне тиедi.
Қазақстанда әйелдер ұлттық дамудың зор ресурсы болып отыр. Жалпы жұмыс iстейтiндер iшiнде әйелдердiң үлес салмағы 46% (1996-1999 жылдары жұмыс iстейтiн әйелдердiң үлес салмағы 5%-тен астам кемiдi).
Оқушы әйелдердiң үлес салмағы басым, ғылыми және инженерлiк корпуста ерлермен бiрдей жұмыс iстейдi. Қазақстанда әйелдердiң экономикалық және шығармашылық әлеуетi жоғары, бiрақ ол қазiргi уақытта жеткiлiксiз пайдаланылуда. Экономиканың өтпелi кезеңiнiң күрделi жағдайлары әйелдердiң экономикалық белсендiлiгiне, әсiресе экономиканың мемлекеттiк секторындағы белсендiлiгiне қолайсыз әсер еттi. Экономиканың әрбiр секторында әйелдерге арналған жұмыс орындары қысқарды. Жалпы облыс бойынша 1998 жылы 56,6 мың адамның 1999 жылы 50,0 мың адамға дейiн, яки 11,7% қысқарды. Мәселен, денсаулық және әлеуметтiк қызмет саласында iстейтiн әйелдер 11,2% (1,3 мың адамға), саудада 22,9% (0,4 мың адамға) қысқарды.
Экономикалық қызметтiң денсаулық сақтау, әлеуметтiк қызмет (80%-тен астам), бiлiм беру (70%-тен астам), қаржы қызметi мен сақтандыру, қонақ үй мен ресторан (60%-тен астам) сияқты түрлерiнде әйелдер басым жұмыс iстейдi.
Әйелдер өнеркәсiптiң тоқыма, тiгiн, тамақ салаларында да көп.
Денсаулық сақтау, бiлiм беру, сауда, байланыс сияқты салалардың басқару органдары аппараттарында әйелдердiң басшы қызметтерде iстейтiндерi тек 2-ден 18 процентке дейiн ғана.
«Жеке кәсiпкерлiктi дамыту» халықтың өзiн-өзi жұмыспен қамтуын қамтамасыз ету мақсатында Үкiмет Қазақстан Республикасының азаматтарын шағын несиемен қамтамасыз етудiң 1998-2000 жылдарға арналған Бағдарламасын iске асыруда.
Облыста шағын несие беру iсiмен табысы төмен азаматтарды қолдау жөнiндегi аймақтық қор шұғылданады. Олар арқылы соңғы екi жылда 190 әйелге 5659,9 мың теңгенiң шағын несиесi бөлiндi. Алынған шағын несиелер әйелдердiң әлеуметтiк бейiмделуiне қолайлы әсер еттi. Жаңадан асханалар, кафе, тiгiн және жөндеу шеберханалары ашылды.
Облыста кәсiпкерлiктi қолдау және одан әрi дамыту жөнiнде жұмыстар жүргiзiлуде. Отандық товар өндiрушiлердi қаржылай қолдау үшiн 1999-2000 жылдарда басым жобаларға жеңiлдетiлген жағдаймен жергiлiктi бюджет есебiнен 60 млн. теңге көлемiнде несие беру жүргiзiлуде.
2000 жылғы 1 қыркүйектегi жағдай бойынша 19 бизнес-жобаға жергiлiктi бюджет қаржысы есебiнен 36,35 млн. теңге көлемiнде несие берiлдi, бұл жаңадан 120 жұмыс орынын ашуға мүмкiндiк бердi.
2000 жылғы 1 қыркүйектегi жағдай бойынша екiншi деңгейдегi банктер арқылы жалпы сомасы 350 шағын бизнес субъектiсi несиелендi, 370 жаңа жұмыс орындары ашылды.
Осыған қарамастан әйелдер кәсiпкерлiгiнiң даму үлесi әлi де азғантай, жұмыссыз әйелдердiң басым бөлiгi отбасы табысының бiрден-бiр көзi болып отырған уақ сауда-саттық бизнеспен шұғылдануда.
Әйелдердiң мемлекеттiк емес сектордағы белсендiлiгiн арттыру көкейкестi мәселе болып отыр.
Е бөлімі. «Әйелдер және экономика» бөлімі бойынша
ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ
№/№
Мақсаттары мен міндеттері
Нақты іс-шаралар
Аяқтау нысаны
Жауапты атқарушылар
Орындау мерзімі
Қаржыландыру көздері
1.
Әйелдердің жер және қаржы ресурстарына теңдей мүмкіндік алуын жеделдету
Жер үлесін нақты дербестеу мәселелерінде, ауыл шаруашылығы өндірісі мен кәсіпкерлікті ұйымдастыруда әйелдерге жәрдемдесу.
Облыстық тігін өндірісіндегі шағын және орта кәсіпорындарды жекешелендіруден кейінгі қолдау бағдарламасын әзірлеу.
Облыста шағын кәсіпорлікті дамытудың және қолдаудың 2000-2001 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы аясында әйелдер кәсіпкерлігі бағдарламамын жасау.
Қазіргі заңдарға сәйкес
Бағдарлама
Бағдарлама
Облыстық ауыл шаруашылығы департаменті
Облыс әкімі аппаратының экономикалық реформалар бөлімі
Облыстық кәсіпкерлікті қолдау және дамыту департаменті
Ұдайы
2001 жыл
2001 ж.
Республикалық және жергілікті бюджеттер қаржысы шегінде
Республикалық және жергілікті бюджеттер қаржысы шегінде
2.
Әйелдердің экономикалық, соның ішінде еңбек құқығын қорғау
Халықты жұмыспен қамту бағдарламасын әзірлеу
Қазіргі заңдарға сәйкес
Облыс әкімі аппараты жанындағы экономикалық реформалар бөлімі, қала мен аудандар әкімі, еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Ұдайы
Табысы төмен азаматтарды қолдау жөніндегі облыстық қор
3.
Кәсіпкерлік қызметте әйелдердің және олардың отбасыларының өздерін-өздері жұмыспен қамтамасыз ету.
Табысы төмен әйелдерге және олардың отбасыларына шағын несиелер бөлу.
Несиелер, гранттар
Табысы төмен азаматтарды қолдау жөніндегі аймақтық қор, отбасы және әйелдер ісіс жөніндегі облыстық комиссия
Ұдайы
Табысы төмен азаматтарды қолдау жөніндегі облыстық қор
Бөлім 25. Ж бөлiмi. Әйелдер өкiмет құрылымдарында
Ж бөлiмi. Әйелдер өкiмет құрылымдарында
Елiмiздiң халық шаруашылығы саласындағы өзгерiстермен қатар әйелдердiң беделдi, жоғары интеллектуалды қызметтерге құқығын шектеу проблемасы, өткiр қойылып отыр.
Қазақстан Республикасының жаңа Парламентiнде әйелдер араб мемлекеттерiнiң өкiлдi органдарындағыдан, Греция, Корея Республикасы, Сингапурдан 11,5% көп, қалған дамушы елдердегiден кем жұмыс iстейдi. Облыстық, қалалық, аудандық әкiмшiлiктер құрамына сайланған әйелдер саны 41 немесе жалпы депутаттар санының 20,1 процентiн құрайды.
Үстiмiздегi жылы мемлекеттiк қызмет жүйесiнiң жетiлдiрiлуiне байланысты әйелдердiң мемлекеттiк органдардағы өкiлдiгi көбейдi. Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi агенттiктiң облыстық басқармасы арқылы 94 конкурс өткiзiлдi. 1409 конкурсқа қатысушының 698-i әйелдер немесе 49,5 процентi. Конкурстың 398 жеңiмпазының 177-i немесе 45 процентi әйелдер.
Мемлекеттiк қызметтегi жалпы қызметшiлер санында әйелдердiң үлес салмағы 1999 жылға 35,8 проценттен биылғы алты айда 36,4 процентке ұлғайды.
Жоғары мемлекеттiк органдарда әйелдердiң өкiлеттiгiн ұлғайту мәселесi мемлекеттiк отбасы және кадр саясатымен өзара байланысты кешендi түрде шешiлуi тиiс.
Ж. «Әйелдер өкімет құрылымдарында» бөлімі бойынша
ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ
№/№
Мақсаттары мен міндеттері
Нақты іс-шаралар
Аяқтау нысаны
Жауапты атқарушылар
Орындау мерзімі
Қаржыландыру көздері
1.
Әйелдердің өкімет құрылымдарына тең жағдайға келуін қамтамасыз ету, олардың өсуіне жағдайлар жасау.
Әйелдердің мемлекеттік қызметтің бос лауазымдарын иеленуге конкурсқа қатысуын ұлғайту жөнінде әсерлі шаралар алу.
Қазіргі заңдарға сәйкес
Облыстық мемлекеттік қызмет жөніндегі басқарма (келісім бойынша), отбасы және әйелдер ісі жөніндегі облыстық комиссия
Ұдайы
2.
Қоғамның саяси, экономикалық және әлеуметтік өміріне қатысу үшін әйелдердің мүмкіндіктері мен олардың әлеуетін арттыру.
Депутаттыққа кандидат әйелдерге саяси науқандарды жүргізу, жұрт алдында сөз сөйлеу дағдыларын үйрету жөнінде семинарлар, білім бағдарламаларын іске асыру.
Саясаткер әйелдерге арналған кітаптар, шағын кітапшалар, оқу құралдарын, сондай-ақ басшы-әйелдер туралы анықтамалар шығаруды ұйымдастыру
Семинарлар, білім бағдарламалары
Кітаптар, шағын кітапшалар, оқу құралды
Отбасы және әйелдер ісі жөніндегі облыстық комиссия, қоғамдық бірлестіктер
Ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы (келісімі бойынша), Отбасы және әйелдер ісі жөніндегі облыстық комиссия
Ұдайы
Ұдайы
Бөлінген бюджеттік қаржы шегінде, халықаралық ұйымдардың гранттары мен инвестициялары
Бөлінген бюджеттік қаржы шегінде, халықаралық ұйымдардың гранттары мен инвестициялары
Бөлім 26. З Бөлiмi. Әйел құқығы - адам құқығы
З Бөлiмi. Әйел құқығы - адам құқығы
Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес адамның құқықтары әркiмге туғанынан тиесiлi, таласы жоқ және шеттетiлуге болмайды деп саналды.
Бұл құқықтардың жүзеге асырылуы бiлiм алуда және кәсiби даярлықта, қоғамдық-саяси және мәдени қызметте әйелдерге еркектермен бiрдей тең құқықтар берiлуiмен, сондай-ақ еңбегi мен денсаулығын қорғау жөнiндегi арнаулы шаралармен, еңбектi ана болумен қатар атқаруға мүмкiндiк беретiн жағдайлар жасаумен, құқықтық қорғаумен, отбасын және әке болуды, ана мен баланы материалдық және моралдық қолдаумен қамтамасыз етiледi.
Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы туралы» 1998 жылғы 17 желтоқсандағы Заңы еркектермен әйелдердiң некелiк одағының ерiктiлiк принципiн, отбасында жұбайлардың теңдiгiн бекiтедi.
Қазақстанда әйелдердiң еңбекке, оның ақысын алуға, демалуға және әлеуметтiк қамтамасыз етiлуге ерлермен бiрдей тең құқығы бар.
Қазiргi заңдарда әйелдер құқығын қорғаудың қылмыстық - құқықтық шаралары бекiтiлген, 1997 жылғы 16 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексiнде «Отбасы және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыс» деген жаңа тарау бiрiншi рет енгiзiлдi.
Қылмыстық кодексте әйелдерге қатысты жаза қолдауда шек қойылған. Жүктi әйелдерге, елу жасқа жеткен әйелдерге бас бостандығын шектеу қолданылмайды. Кәмелетке толмаған балалары бар және жүктi әйелдерге қамауға алу қолданылмайды. Әйелдерге өмiр бойы бостандықтан айыру белгiленбейдi.
1998 жылы 29 қаңтарда Қазақстан әйелдерге қатысты кемсiтушiлiктiң барлық нысандарын жою туралы конвенцияға қосылды. 1955 жылғы 26 мамырда ТМД елдерiнде Қазақстан Республикасы адамның құқықтары мен негiзгi бостандықтары туралы конвенцияға қосылды, онда әйелдерге қатысты өлiм жазасын қолданбау туралы нысан бекiтiлдi. Қазақстан адам құқықтары бойынша 20-дан астам халықаралық конвенциялар мен шарттарға қосылды.
Алайда Қазақстан Республикасының Конституциясында айқындалған азамат құқықтарының көпшiлiгi нақты мемлекеттiк кепiлдiктермен, ең алдымен соттың қорғауымен, олардың бұзылғандығы үшiн жауаптылықпен бекiтiлмеген. Әйелдерге қарсы зорлық фактiлерi, еңбек қатынастарындағы, қызметi бойынша жылжудағы және т.б. теңсiздiк көрiнiстерi қоғамының қатты алаңдаушылығын туғызып отыр.
Қалыптасқан ахуалды өзгерту мақсатында Қазақстан Республикасының Президентi 1997 жылдың 5 наурызында Қазақстан Республикасында әйелдердiң жағдайын жақсартудың мемлекеттiк саясаты концепциясын мақұлдады. Ол әйелдерге қатысты мемлекеттiк саясаттың жалпы стратегиясы мен басым бағыттарын айқындайды.
Бөлім 27. З. «Әйел құқығы - адам құқығы» бөлімі бойынша
ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ
З. «Әйел құқығы - адам құқығы» бөлімі бойынша
ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ
№/№
Мақсаттары мен міндеттері
Нақты іс-шаралар
Аяқтау нысаны
Жауапты атқарушылар
Орындау мерзімі
Қаржыландыру көздері
1.
Әйелдер құқығын іс жүзінде қамтамасыз етуге қол жеткізу.
Қазақстан қосылған «Отбасы, әйелдер және балалар мәселелері» бойынша БҰҰ конвенциясы мен басқа да халықаралық шарттар талаптарының орындалуын бақылау
Қазіргі заңдарға сәйкес
Облыстық прокуратура, Отбасы және әйелдер ісі жөніндегі облыстық комиссия
2.
Қоғамдық және отбасында әйелдер мен ерлер үшін жыныс белгісі бойынша кемсітушілікті жою, тең құқықтарға қол жеткізу.
Қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу кодекстерін Қазақстан Республикасының Конституциясымен әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы конвенциямен және әйелдерге қатысты зорлықтың тамырын жою туралы декларациямен сәйкестікке келтіру
Облыстық прокуратура, Отбасы және әйелдер ісіс жөніндегі облыстық комиссия
3.
Халықтың гендерлік проблемалар саласындағы құқықтық сауаттылығына қол жеткізу.
Бұқаралық ақпарат құралдарында әйелдердің құқығы саласындағы халықаралық құжаттар мен Қазақстан Республикасының Заңдарын ұдайы жариялап отыру
Жарияланымдар, теле және радио хабарлар
Облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы, Отбасы және әйелдер ісі жөніндегі облыстық комиссия
Ұдайы
Жергілікті бюджет қаржысы
Бөлім 28. И бөлiмi. Әйелдер және бұқаралық ақпарат құралдары
И бөлiмi. Әйелдер және бұқаралық ақпарат құралдары
Соңғы жылдары бұқаралық ақпарат құралдары әйелдерге қатысты проблемаларды жариялауға көп көңiл бөлуде. Бiрақ соған қарамастан көптеген бұқаралық ақпарат құралдары әйелдердiң қазiргi қоғамдағы ролiн, әсiресе олардың әлеуметтiк және саяси мәртебесiн, еңбек белсендiлiгiн көтеру қажеттiгiн терең ашып көрсете алмай отыр.
Зорлық және әйелдердiң адамгершiлiк намысын түсiретiн теледидар хабарларын көптеп көрсету байқалады. Мұның бәрi әйелдердiң қоғамдағы әлеуметтiк жағдайына, өскелең ұрпаққа, қоғамдық ортадағы өзара қатынасқа керi әсерiн тигiзедi.
Бұқаралық ақпарат құралдары әйел - ананың байыпты бейнесiн қалыптастыруға, ананы жасампаз тұлға, елдiң дамуындағы қоғамдық процестiң белсендi құрылысшысы ретiнде көрсетуi тиiс.
Мыналар жүзеге асырылуы қажет:
1. Әйелдердiң өз мүдделерi мен қабiлетiн бұқаралық ақпарат құралдары арқылы бiлдiруiне және телекоммуникациялық технологияларға кең жол ашу.
2. Әйелдердiң қазiргi замандағы ролi мен орнын бұқаралық ақпарат құралдарында объективтi және жаттандылықсыз көрсетудi жүзеге асыру.
И. "Әйелдер және бұқаралық ақпарат құралдары" бөлімі бойынша
ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ
№/№
Мақсаттары мен міндеттері
Нақты іс-шаралар
Аяқтау нысаны
Жауапты атқарушылар
Орындау мерзімі
Қаржыландыру көздері
1.
Әйелдердің жағдайын жақсарту жөніндегі облыстық бағдарламаның іске асырылуын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялап тұру..
Бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланымдар мен радио және теле хабарларының бағдарламалары
Жарияланымдар, телерадио хабарлары
Облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы, Отбасы және әйелдер ісі жөніндегі облыстық комиссия
2001-2005 ж. ұдайы
Жергілікті бюджет қаржысы шегінде
2.
Әйелдердің құқықтық сауаттылығын дамыту.
«Дөңгелек столдар» өткізу, семинарлар, тренингтер ұйымдастыру, бұқаралық ақпарат құралдарында «Әйелдер қоғамда» айдарын ашу
Дөңгелек столдар, семинарлар, БАҚ-да айдарлар
Облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы, әйелдердің қоғамдық бірлестіктері (келісімі бойынша)
Ұдайы
Жергілікті бюджет қаржысы шегінде
3.
Әйелдердің облыстың қоғамдық саяси өміріне белсенді қатысуын насихаттау.
БАҚ-да жарияланымдар және телерадио хабарларын әзірлеу және өткізу
Телерадио хабарлары, БАҚ-да айдарлар
Облыстық телерадио компаниясы, БАҚ
2000-2003 ж.
Жергілікті бюджет қаржысы шегінде
4.
Әйелдердің қоғамдағы өмірі туралы оңды мәліметтер мен факторларды жариялау.
Гендерлік проблеманы жариялау жөнінде мемлекеттік және БАҚ үшін ұсынбалар
Әйелдердің адамгершілік намысын түсіретін бейнелердің көрсетілуін болдырамау жөнінде шаралар қолдану
БАҚ арқылы гендерлік тепетеңдік принциптерін тарату
БАҚ арасында әйелдердің дұрыс бейнесін көрсету жөнінде пікірталастар мен конкурстар өткізу
Әйелдердің сексуалдығын пайдалануды және әйелдердің азаматтық құқықтарын бұзуды болдырмайтын Қазақстан Республикасының «Жарнама туралы» Заңының жобасына ұсыныстар дайындау
Ұсынбалар
Ұсынбалар
Жарияланымдар, телерадио хабары
Конкурстар, пікірталастар
Ұсыныстар
Облыстық ақпарат қоғамдық келісім басқармасы, әйелдердің қоғамдық бірлестіктері (келісімі бойынша)
Ұдайы
Ұдайы
Ұдайы
2000ж.
Жергілікті бюджет қаржысы шегінде, халықаралық ұйымдардың гранттары, инвестициялары
Бөлім 29. К бөлiмi. Әйелдер және қоршаған орта
К бөлiмi. Әйелдер және қоршаған орта
Қоршаған ортаны қорғау проблемасы бүгiнде мемлекеттiк маңызды мәселелердiң бiрi болып отыр. Бұл ретте облысымызда шешiмiн табуды қажет ететiн бiрқатар экологиялық проблемалар бар. Соның бiрi «Азғыр» және "Капустин Яр" әскери сынақ аймақтарының қызметiнен зардап шеккен оңтүстiк аудандарының халқы аумағын сауықтыру.
Сондай-ақ Қарашығанақ мұнайгаз кен орнын игеруге байланысты Бөрлi ауданының ауа жағдайы да ерекше назар аударуды қажет етуде. Мұнда шетелдiк альянстың ауаны қорғауға арналған iс-шараларды орындамауының салдарынан поселкеде және кенiшке жақын орналасқан жерлердiң атмосферасында азот, күкiрт, көмiр тотықтары және басқа да зиянды заттар бар.
Өнеркәсiп кәсiпорындарының жұмыс iстеуi, жылжымалы көлiк санының күрт өсуi қоршаған ортаға шығарылатын зиянды заттар мен қалдықтарды азайту жөнiнде мақсатты жұмыстар жүргiзудi талап етуде.
Осы және басқа да экологиялық мәселелердi шешу үшiн бұл мәселелерге кешендi тұрғыдан келiп, жүйелi және келiсiлген iс-шаралар жүргiзiлуi қажет.
Ұсынылып отырған «Әйелдер және қоршаған орта» iс-шаралар жоспарының мақсаты әйелдердiң еңбегi мен тұрмысына қолайлы жағдайлар жасау және болашақ ұрпақтың денсаулығын қамтамасыз ету.
К. «Әйелдер және қоршаған орта» бөлімі бойынша
ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ
№/№
Мақсаттары мен міндеттері
Нақты іс-шаралар
Аяқтау нысаны
Жауапты атқарушылар
Орындау мерзімі
Қаржы
ландыру
көздері
1.
Қоршаған ортаның жағдайын, әйелдердің еңбегі мен тұрмыс жағдайларын жақсарту.
Орал қаласының, Бөрлі ауданының ауа бассейінін сауықтыру
Жыл сайынғы шараларды, бағдарламаларды іске асыру
КПО, Орал қаласының әкімі, облыстық қоршаған ортаны қорғау басқармасы
Жыл сайын
КПО
қаржысы,
Орал
қаласы
кәсіпорын
дарының,
ұйымда
рының
өз
қаржысы
және
жергілікті
бюджет
2.
Қоршаған ортаның жәй-күйі және оны қорғау жөнінде халықтың хабардарлығын көтеру
Оқушы жастар арасында экологиялық білімді насихаттауда мектепке дейінгі және мектеп оқу орындарына қолдау көрсету
«Жерұйық», «Атамекен» экологиялық телехабарлар ұйымдастыру және өткізу
«Жайық табиғаты» экологиялық басылымды 2 тілде шығару
Іс-шаралар жоспары
Іс-шаралар жоспары
Іс-шаралар жоспары
Облыстық білім басқармасы, қор шаған ортаны қорғау, басқармасы. Қоршаған ортаны қорғау облыстық қоры
Облыстық телерадиокомпаниясы, облыстық қоршаған ортаны қорғау басқармасы, Қоршаған ортаны қорғау қоры
Облыстық қоршаған ортаны қорғау басқармасы және Қоршаған ортаны қорғау қоры
Жыл сайын
Тоқсан сайын
Қоршаған ортаны қорғау облыстық Қордың қаржысы
Қоршаған ортаны қорғау облыстық Қордың қаржысы