Аудан әкімдігінің «Үш пайыз мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы» (тіркеу №7-9-29, 13.09.2006, «Қаратөбе өңірі» газетінде 23.10.2006 жылы №43(6701) жарияланған) қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.08.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аудан әкімдігінің «Үш пайыз мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы» (тіркеу №7-9-29, 13.09.2006, «Қаратөбе өңірі» газетінде 23.10.2006 жылы №43(6701) жарияланған) қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы», «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңдарына және Қаратөбе аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің 25 шілде 2007 жылғы №792 санды ұсынбасына сай аудан әкімдігінің қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
Тармақ 1
1. Қаратөбе аудан әкімдігінің 05.09.2006. жылғы «Үш пайыз мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы» (тіркеу №7-9-29, 13.09.2006, «Қаратөбе өңірі» газетінде 23.10.2006 жылы №43(6701) жарияланған) №193 санды қаулысының 1 тармағындағы сөздер жаңа редакцияда мазмұндалсын:
Тармақша 1
1) аудандық аумақтық медицина бірлестігі - 1 жұмыс орын;
Тармақша 2
2) аудандық мектеп-гимназия - 1 жұмыс орын ;
Тармақша 3
3) «Ермек» шаруа қожалығы - 1 жұмыс орын ;
Тармақша 4
4) аудандық білім беру бөлімі - 2 жұмыс орын ;
Тармақша 5
5) аудандық мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын - 1 жұмыс орын.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуына бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Балғайшиевке жүктелсін.