Oб утверждении типовой формы договора о жилищных строительных сбережениях Күшін жойған
Басқа 0
Тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы шарттың үлгі нысанын бекіту туралы
"Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 7 желтоқсандағы Заңына
сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы шарттың үлгі нысаны бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Басқа 3. Тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы шарттың үлгі нысаны
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2001 жылғы 24 шілдедегі
N 997 қаулысымен
бекітілген
Тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы шарттың үлгі нысаны
____________ қаласы 2001 ж. "___"________
Бұдан әрi "Банк" деп аталатын,
_________________________________,
қолданыстағы Жарғы негiзiнде iс-әрекет жасайтын
____________________ бiр
жағынан және бiрге "Тараптар" деп аталатын, бұдан әрi "Салымшы" деп аталатын, _______________________, екiншi жағынан, "Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 7 желтоқсандағы Заңына сәйкес (бұдан әрi - Заң) төмендегi тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы осы шартты (бұдан әрi - Шарт) жасасты.
Тармақ 1. 1. Шарттың мәнi
1. Шарттың мәнi
Тармақ 1.1
1.1. Банк Салымшыға тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасына арналған теңгемен N ______ жинақ шотын (бұдан әрi - Шот) ашады және Салымшыға салым құжатын бередi.
Тармақ 1.2
1.2. Салымшы осы Шарттың талаптарына сәйкес _______ жылғы "____"_____________ бастап _______ жылғы "____"______________ дейін _____ ай құрайтын жинақтау мерзiмi iшiнде бағалау көрсеткiшiнiң жеткiлiкті мәнiне жеткенге дейiн қажеттi ақша сомасын жинақтауды жүзеге асырады. Бағалау көрсеткiшiнiң жеткiлiктi мәнiне жеткiзе алмаған жағдайда, жинақтау мерзiмi Тараптардың келiсiмi бойынша ұзартылуы мүмкiн.
Тармақ 1.3
1.3. Банк Салымшының ақшасын, сондай-ақ мемлекеттiң сыйлықақысын қабылдауға әрi оларды Салымшының Банктегi Шотына орналастыруға және осы Шарттың 5.1-тармағына сәйкес жинақталған қаражат сомасына жыл сайын сыйақы есептеуге міндеттенеді.
Тармақ 1.4
1.4. Жинақтау мерзiмi аяқталысымен Салымшы қажеттi сомадан және тұрғын үй заемы сомасынан тұратын ___________ теңге мөлшерiндегi шарт сомасының _______ % (_______ пайызын) құрайтын қажеттi соманы жинақтаған жағдайда, Банк Салымшыға осы Шарттың 5.2-тармағына сәйкес сыйақы ставкасы бойынша ______ жылғы "___"_________ бастап _______ жылғы "___"________ дейiн ________ ай мерзiмде тұрғын үй заемын беруге мiндеттенедi.
Тармақ 1.5
1.5. Салымшы осы Шарттың талаптарына сәйкес тұрғын үй заемының сомасын, ол бойынша есептелген сыйақыны қоса алғанда, қайтаруға мiндеттенедi.
Тармақ 2. 2. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
2. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
Тармақ 2.1
2.1. Салымшы:
Тармақ 2.1.1
2.1.1. Шот ашылған кезде алғашқы жарнаны төлеуге және бұдан әрi тараптардың келiсiмiмен белгiленген кесте бойынша сомада және мерзiмде Шотқа ақша салып отыруға;
2.1.2 Шартты жасаған кезде осы Шарттың 9.1-тармағында айқындалған мөлшерде Банкке комиссиялық алым төлеуге;
Тармақ 2.1.3
2.1.3. Осы Шартты мерзiмiнен бұрын бұзған жағдайда, бұзу күнiне дейiн кем дегенде 30 (отыз) күнтiзбелiк күн бұрын Банкке ескертуге;
Тармақ 2.1.4
2.1.4. Осы Шартты жасаған кезде қол қою үлгiлерi бар құжатты, жеке басын куәландыратын құжатты, сондай-ақ Салымшының салық есебiне (СТН) қою фактiсiн растайтын құжатты ұсынуға;
Тармақ 2.1.5
2.1.5. Шартты соманы алған кезде Банкке тараптардың келiсiмi бойынша айқындалған бағалау құнымен _______ теңге мөлшерiнде ______________ түрiнде қамтамасыз етудi ұсынуға;
Тармақ 2.1.6
2.1.6. Шартты соманы не есептелiнген сыйақымен бiрге салым сомасын алған кезде жеке басын куәландыратын құжатты және осы Шартты ұсынуға мiндеттенедi.
Тармақ 2.2
2.2. Салымшы:
Тармақ 2.2.1
2.2.1. Шоттың жай-күйi туралы, сондай-ақ тұрғын үй заемы бойынша берешектiң жай-күйi туралы толық ақпарат алуға;
Тармақ 2.2.2
2.2.2. Осы Шарт бойынша құқықтарын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес үшiншi тұлғаның пайдасына аманат етуге немесе беруге (талап ету құқықтарын беруге);
Тармақ 2.2.3
2.2.3. Осы Шарт бойынша құқықтарды осы Шарттың 6.1-тармағында көзделген талаптарды сақтай отырып, үшінші тұлғаның пайдасына кепілге беруге;
Тармақ 2.2.4
2.2.4. Осы Шартың 1.4-тармағында айқындалған қажетті соманы жинақтау шартымен жинақтау мерзiмi аяқталғанға дейiн аралық тұрғын үй заемының жеке шартымен ресiмделетiн аралық тұрғын үй заемын алуға;
Тармақ 2.2.5
2.2.5. Шартты мерзiмiнен бұрын бұзуға;
Тармақ 2.2.6
2.2.6. Банкте қажеттi сома жиналмаған жағдайда, жинақтау мерзiмi аяқталғаннан кейiн осы Шарттың 5.1-тармағында көзделген сыйақы ставкасы бойынша, жинақтауды жалғастыруға құқылы. Бұл ретте, салым бойынша мемлекеттiң сыйлықақысы есептелмейдi және Салымшы осы Шарттың 4.1-тармағының талаптарын орындаған сәтке дейiн тұрғын үй заемын алуға құқығы жоқ.
Тармақ 2.3
2.3. Банк:
Тармақ 2.3.1
2.3.1. Салымшыға Салым бойынша шот ашуға және оған қолма-қол салынған және қолма-қол ақшасыз тәртiппен аударым жасалған ақшаны есепке алуға;
Тармақ 2.3.2
2.3.2. Салымға осы Шарттың 5.1-тармағында айқындалған мөлшерде сыйақы есептеуге; Бұл ретте Шот ашылған күнiнен бастап сыйақы төлеуге арналған мерзiмнiң есебi басталады;
Тармақ 2.3.3
2.3.3. Салым бойынша мемлекеттiң сыйлықақысын Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртiппен есептеуге және оларды Шотқа орналастыруға;
Тармақ 2.3.4
2.3.4. Тұрғын үй заемын төлеудiң кезектiлiгін белгiлеу мақсатында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi мен Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгі айқындаған тәртiппен Шарт бойынша бағалау көрсеткiшiнiң есебiн жүзеге асыруға, сондай-ақ Салымшы осы ақпаратты сұраған жағдайда Салымшыны Шартты жасасу кезiнде оның. мәнiмен және есеп айырысу тәртiбiмен таныстыруға;
Тармақ 2.3.5
2.3.5. Салымшының бастамасы бойынша осы Шартты мерзiмiнен бұрын бұзған жағдайда, салымның негiзгi сомасын және Шартты бұзу сәтiне ол бойынша есептелген сыйақыны не осы Шарттың 7.4-тармағының талаптарына сәйкес жинақталған ақшаның бүкiл сомасын төлеуге;
Тармақ 2.3.6
2.3.6. Осы Шарт талаптарының құпиялылығын қамтамасыз етуге мiндеттенедi. Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiнде көзделген жағдайларда ғана, осы Шарттың талаптары туралы ақпаратпен үшіншi тұлғаны Салымшының келісiмiнсiз таныстыруға болады.
Тармақ 2.4
2.4. Банк:
Тармақ 2.4.1
2.4.1. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкiлеттендiрiлген шешiмдерiнiң негізiнде Шот бойынша операцияларды тоқтата тұруға;
Тармақ 2.4.2
2.4.2. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, егер мемлекеттiң сыйлықақы сомасы Заңды және (немесе) осы Шарттың талаптарын бұза отырып есептелсе, сондай-ақ Салымшы осы Шарттың талаптарын бұзған жағдайда, Салымшының Шотынан акцептеусiз тәртiбiмен толық алып қоюға және республикалық бюджетке қайтаруға құқылы.
Тармақ 3. 3. Шотты жүргiзу талаптары
3. Шотты жүргiзу талаптары
Тармақ 3.1
3.1. Тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы бойынша салымның мерзiмiн есептеу Шоттың ашылған күнiнен басталады, бұл ретте Шоттың ашылған және жабылған күнi бiр күн болып есептеледi.
Тармақ 3.2
3.2. Салым бойынша сыйақы:
Тармақша 1
1) жинақтау мерзiмi аяқталмаған кезде - жыл қорытындысы бойынша;
Тармақша 2
2) жинақтау мерзімі аяқталған кезде - жыл басынан басталған кезең үшiн есептеледi.
Тармақ 3.3
3.3. Шот бойынша ақша қозғалысымен байланысты барлық операциялар сыйақы сомасының және мемлекеттiң сыйлықақысының есептелуiн қоса алғанда, ол Банкке ұсынылған жағдайда, Салымшының салым құжатының тиiстi бөлiмдерiнде көрсетiледi.
Тармақ 4. 4. Тұрғын үй заемын беру талаптары
4. Тұрғын үй заемын беру талаптары
Тармақ 4.1
4.1. Салымшыға тұрғын үй заемы және жинақталған қаражаттың сомасы (шарт сомасы) төменде санамаланған барлық талаптарды сақтай отырып:
Тармақша 1
1) қажеттi сома жинақталғанда;
Тармақша 2
2) жинақтау мерзiмі аяқталғанда (бiрақ, осы Шарт жасалғаннан кейiн кемiнде үш жылдан соң);
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi мен Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi айқындаған тәртiпке сәйкес банк есептеген бағалау көрсеткiшi негiзiнде төлем кезектiлігi басталғанда;
Тармақша 4
4) Салымшы тұрғын үй заемын қажетті түрде қамтамасыз еткенде төленеді.
Тармақ 4.2
4.2. Салымшының осы Шарттың 10.1-тармағына сәйкес жинақталған ақшаның сомасын алуы оны тұрғын үй заемын алу құқығынан айырмайды.
Тармақ 4.3
4.3. Салымшы осы Шарттың 4.1-тармағының талаптарын орындағанына қарамастан, тұрғын үй заемын алудан бас тартқан жағдайда, оның мемлекеттiң сыйлықақысын қоспағанда, жинақталған қаражат сомасын алуға құқығы бар. Салымшы мемлекеттiң сыйлықақысын алу құқығын жинақтаудың бес жылынан кейiн алады.
Тармақ 5. 5. Тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасының және тұрғын үй заемының салымы бойынша сыйақы ставкасы
5. Тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасының және тұрғын үй заемының салымы бойынша сыйақы ставкасы
Тармақ 5.1
5.1. Тұрғын үй заемы бойынша сыйақы ставкасының мөлшерi тұрғын үй құрылысы жинақ ақша салымдары бойынша сыйақы ставкасының жылдық үш пайызынан жоғары болмайды.
Тармақ 5.2
5.2. Тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасына салым бойынша сыйақы ставкасы бүкiл жинақтау мерзiмiне жылдық ______ % (_______ пайыз) құрайды.
Тармақ 5.3
5.3. Тұрғын үй заемы бойынша сыйақы ставкасы заемды пайдаланудың бүкiл уақытына жылдық ______ % (_______ пайыз) құрайды.
Тармақ 6. 6. Жинақталған ақша сомасын және/немесе тұрғын үй заемын кепiлге берудiң талаптары
6. Жинақталған ақша сомасын және/немесе тұрғын үй заемын кепiлге берудiң талаптары
Тармақ 6.1
6.1. Осы Шарт бойынша құқықтарды кепiлге тапсырған кезде төмендегi мынадай талаптар сақталуы тиiс:
Тармақша 1
1) осы Шарт бойынша құқықтар оны уәкiлетті орган тiркелген сәттен бастап кепiлге тапсырылған деп танылады;
Тармақша 2
2) салымшы Банктi құқықтарды кепiлге беру туралы кепiл туралы шарт жасалғаннан кейiн 3 (үш) банктiк күн ішiнде хабардар етедi;
Тармақша 3
3) кепiл туралы шарт бойынша мiндеттемелердi орындау мерзiмi басталғанға дейiн Салымшы осы Шарттың 1.2-тармағында көзделген мiндеттемелердi орындаудан босатылмайды;
Тармақша 4
4) егер осы Шарт бойынша кепiлдегi құқықтар басқа талаптарды (қайта кепiлге беру) қамтамасыз етуге тағы бiр кепiлдiң мәнi болса, келесi кепiл ұстаушының талаптары бұрынғы кепiл ұстаушының талаптарынан кейін кепіл мәнінің құнынан қанағаттандырылады. Бұл ретте, қайта кепілге беру кепіл туралы бұрынғы шартпен тыйым салынбаса рұқсат етіледі.
Тармақша 5
5) кепiл ұстаушы осы Шартта көзделген мөлшерде және мерзімде осы Шарт бойынша Банктің міндеттемелерін орындауды талап ете алады;
Тармақша 6
6) кепiлмен қамтамасыз етiлген міндеттеменiң тоқтатылуымен бiрге кепiл де тоқтатылады.
Тармақ 7. 7. Шарттың мазмұнын өзгерту және бұзу талаптары
7. Шарттың мазмұнын өзгерту және бұзу талаптары
Тармақ 7.1
7.1. Осы Шарт салым бойынша және тұрғын үй заемын пайдалануға сыйақы ставкасын қоспағанда, Тараптардың келiсiмi бойынша өзгертiлуi, толықтырылуы, ұзартылуы, сондай-ақ бұзылуы мүмкін.
Тармақ 7.2
7.2. Барлық өзгерiстер мен толықтырулар осы Шарттың ажырамас бөлiгi болып табылатын қосымша келiсiм ретiнде жазбаша ресiмделедi.
Тармақ 7.3
7.3. Тараптардың әрқайсысы бұзу күнiне дейін кемiнде 30 (отыз) күнтiзбелiк күн бұрын, басқа Тарапты ескерте отырып, осы Шартты бұзуға құқылы.
Тармақ 7.4
7.4. Салымшының бастамасы бойынша Шарт бұзылған жағдайда, оған:
Тармақша 1
1) бұзу кезiнде Банк осы Шарттың талаптарын орындағанына қарамастан - салымның негiзгi сомасын және ол бойынша есептелген сыйақыны, сондай-ақ мемлекеттiң сыйлықақысын (бес жылдан астам уақытта жинақталған жағдайда);
Тармақша 2
2) бұзу кезiнде мемлекеттiң сыйлықақысы уақытылы есептелмеген жағдайда, жинақталған ақшаның бүкiл сомасы төленедi.
Тармақ 8. 8. Шартты жасасу кезiндегi комиссиялық алымның мөлшерi
8. Шартты жасасу кезiндегi комиссиялық алымның мөлшерi
Тармақ 8.1
8.1. Комиссиялық алымның мөлшерi ______________ теңге құрайды.
Тармақ 9. 9. Тараптардың жауапкершiлігi
9. Тараптардың жауапкершiлігi
Тармақ 9.1
9.1. Салымшы осы Шарттың 4.1-тармағының талаптарын орындаған кезiнде Банк тұрғын үй заемын бермеген жағдайда және шарт бойынша құқықтар басқаларға берiлмеген не басқа тұлғалардың пайдасына кепiлге берiлген жағдайда, Банк Салымшыға мерзiмi өткен әрбір күн үшін төленбеген тұрғын үй заемы сомасынан 0,5% мөлшерінде өсім төлейді.
Бұл ретте Салымшы жинақталған ақша сомасын талап еткен жағдайда, осы Шарттың қолданылуы және өсімнің есептелуі тоқтатылады, ал Банк Салымшының бірінші талап етуі бойынша даусыз тәртіппен оған жинақталған ақша сомасын және төлем сәтіне есептелген өсімді төлеуге міндетті.
Тармақ 9.2
9.2. Салымшы осы Шарттың 2.1.2-тармағының талаптарын орындамағаны үшiн Банкке мерзiмi өткен әрбiр күн үшiн комиссиялық алым сомасынан 0,5% мөлшерiнде өсiм төлейдi.
Тармақ 9.3
9.3. Тараптар осы Шарт бойынша мiндеттемелердi орындамағаны және/немесе тиiсті түрде орындамағаны үшiн әрi еңсерiлмес күштiң салдарынан (форс-мажор) туындаған зиян үшiн жауапкершiлiктен босатылады.
Осы Шарттың мақсаттары үшiн форс-мажор дүлей зiлзала және қоғамдық құбылыстарды қоса алғанда, Тараптардың естi бақылауына көнбейтiн оқиғаны бiлдiредi.
Тармақ 10. 10. Банктiң қызметi тоқтатылған жағдайда, Салымшыға ақшаны қайтарудың тәртiбi мен талаптары
10. Банктiң қызметi тоқтатылған жағдайда, Салымшыға ақшаны қайтарудың тәртiбi мен талаптары
Тармақ 10.1
10.1. Банктiң қызметi тоқтатылған жағдайда, Салымшыға ақшаны қайтарудың тәртiбi мен талаптары Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiмен белгiленедi.
Тармақ 10.2
10.2. Салымға "Қазақстанның жеке тұлғалардың салымдарына (депозиттерiне) кепiлдiк беру (сақтандыру) қоры" (бұдан әрi - Қор) ЖАҚ кепiлдiк бередi (сақтандырады). Банк мәжбүрлеп таратылған жағдайда, салым бойынша өтемақы Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртiппен төленедi.
Тармақ 10.3
10.3. Қор Салымшыға өтемақыны төлеген жағдайда, ол төленген өтемақы сомасы мөлшерiнде Банкке керi талап ету құқығына ие болады.
Тармақ 11. 11. Сыйақыны және мемлекеттiң сыйлықақысын есептеудiң тәртiбі
11. Сыйақыны және мемлекеттiң сыйлықақысын есептеудiң тәртiбі
Тармақ 11.1
11.1. Банк есептеген салым және тұрғын үй заемы бойынша сыйақыны есептеу кезiнде, бiр жыл 360 (үш жүз алпыс) күнге тең болады. Сыйақы салымды орналастыру және тұрғын үй заемын пайдаланудың нақты күндерi санына есептеледi.
Тармақ 11.2
11.2. Салым бойынша мемлекеттің сыйлықақысын есептеу кезінде есепті жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша Шоттағы қалдық есепке алынады.
Тармақ 11.3
11.3. Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiнде көзделген жағдайларда, Шот бойынша операцияларды тоқтата тұру кезінде немесе Шоттағы бар ақшаға тыйым салынған кезде, Шот бойынша операцияларды тоқтата тұру кезеңiне Банк сыйақы төлемейді.
Тармақ 11.4
11.4. Салымшы осы Шарттың 1.2-тармағында көрсетiлген мерзiмде жинақталған қаражат сомасын талап етпеген жағдайда, оның осы Шарттың 5.1-тармағында көзделген мөлшерде сыйақыны және салым бойынша мемлекеттiң сыйлықақысын есептеуге, сондай-ақ тұрғын үй заемын алуға құқығы бар.
Тармақ 12. 12. Дауларды қарау тәртiбi
12. Дауларды қарау тәртiбi
Тармақ 12.1
12.1. Осы Шарттың талаптарын орындау бойынша келiспеушiлiктер және даулар туындаған жағдайда, Тараптар оларды соттан тыс тәртiппен реттеу үшiн барлық қажеттi шараларды қабылдауға мiндеттенедi.
Тармақ 12.2
12.2. Тараптар арасында өзара келiсiмге қол жеткiзiлмеген жағдайда, барлық реттелмеген даулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қаралады.
Тармақ 13. 13. Шарттың қолданылу мерзiмi
13. Шарттың қолданылу мерзiмi
Тармақ 13.1
13.1. Осы Шарт Салымшы Шотқа ақша салған күнінен бастап күшiне енедi және жинақтау мерзiмi мен тұрғын үй заемын пайдалану мерзiмi ішiнде қолданылады.
Тармақ 14. 14. Шарттың басқа талаптары
14. Шарттың басқа талаптары
Тармақ 14.1
14.1. Осы шарт мемлекеттiк тiлде екi дана және орыс тiлiнде екі дана, төрт данада жасалды, әрқайсысының заңды күшi бiрдей.
Мемлекеттiк тiлдегi және орыс тiлiндегi бiр данасы Банкте, ал басқалары - Салымшыда болады.
Тармақ 15. 15. Тараптардың мекен-жайы, деректемелері және қойылған қолдары
15. Тараптардың мекен-жайы, деректемелері және қойылған қолдары
Банк: Салымшы:
______________________________ ЖАҚ Аты-жөнi: ______________
______________________________ ______________
(мекен-жайы) ______________
Қазақстан Республикасы Ұлттық Жеке басын куәландыратын құжат
Банкiнiң Төлем жүйесi ____________________________
басқармасындағы корр. шоты
______________________________
________________ коды ________ (мекен-жайы)
СТН _________________ СТН _______________
Банктің атынан Салымшы
______________ ______________
(қолы) (қолы)
М.О.