Об opганизации и финансировании оплачиваемых общественных работ Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.03.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Төлемді қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - ШҚО әкімдігінің 2007 жылғы 10 қаңтардағы N 898 қаулысымен. "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 149-ІІ Заңының 7 бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы N 836 қаулысына сәйкес, халықты жұмыспен қамтудың белсенді саясатын жүзеге асыру жұмысын жетілдіру мақсатында, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148-ІІ Заңының 27 бабының 2) тармағын басшылыққа ала отырып, Шығыс Қазақстан облысының әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Төлемді қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру тәртібі мен шарты бекітілсін (қосымша).
Тармақ 2
2. Шығыс Қазақстан облысы әкімиятының 2001 жылғы 27 қыркүйектегі N 12 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулыны жүзеге асыруға бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары В.Н. Сухоруковаға жүктелсін.
Басқа 4. Төлемді қоғамдық жұмыстарды қаржыландырудың тәртібі мен шарты
Шығыс Қазақстан облысы әкімиятының 2003 жылғы 12 наурыздағы N 09 қаулысына қосымша Төлемді қоғамдық жұмыстарды қаржыландырудың тәртібі мен шарты Қоғамдық жұмыстарды меншіктің барлық нысандарындағы кәсіпорындар мен мекемелерде аймақтық жұмыспен қамту бағдарламаларына сәйкес ұйымдастыруға болады. Жыл сайын аудан әкімиятының қаулысымен мақсатты топтар, мекемелердің тізімі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемін және нақтылы шарттары, қаржыландыру көздері, сондай төлемді қоғамдық жұмыстарға қатысушылардың келесі жылға еңбек рыногіндегі жағдайды есепке ала отырып, еңбек төлемінің мөлшері бекітіледі. Жұмыстар жүргізуге, қызмет көрсетуге мемлекеттік тапсырыстарды аймақтарда орналастырған жағдайда төлемді қоғамдық жұмыстардың ұйымдастырылуы алдын ала қарастырылады. Төлемді қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру облыстық, қалалық, аудандық бюджеттер және жұмыс берушілер есебінен жүзеге асырылуы мүмкін. Жұмыс беруші және бюджет қаржысының есебінен төлемді қоғамдық жұмыстарды бірігіп қаржыландыру мүмкін. Жұмыс берушілердің қаржылары есебінен толық немесе жартылай қаржыландырылатын қоғамдық жұмыстар олардың тапсырмасы бойынша ұйымдастырылады. Төлемді қоғамдық жұмыспен қамтылған адамдардың еңбек төлемінің мөлшері орындайтын жұмыстың санын, сапасын және қиындығын ескере отырып толық жұмыс күніне төленетін Қазақстан Республикасындағы ең аз еңбекақыдан кем болмауы керек. Қоғамдық жұмысқа қатысушының еңбек төлемін қаржыландыру жұмыссыздардың жеке шотына еңбек төлем сомасын аудару жолымен бюджет қаржысының есебінен жүргізіледі. Јр түрлі көздерден қаржыландыру барысында, төлемді қоғамдық жұмыспен қамтылғандардың еңбек төлеміне арналған бюджеттік қаржылар кәсіпорындар мен мекемелердің есептік шотына түскен мерзімнен бастап 10 күн ішінде олар жұмыссыздардың еңбек төлемін жүргізуге міндетті. Жұмыс беруші жұмыспен қамту мәселелері бойынша өкілетті органға төлемді қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы шартта белгіленген есепті ұсынады. Төлемді қоғамдық жұмыстардың ұйымдастырылуы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2002 жылғы 26 сәуірдегі N 91-П бұйрығымен бекітілген, халықты жұмыспен қамту мәселесі бойынша өкілетті орган мен жұмыс беруші арасындағы қоғамдық жұмыстарды орындауға үлгі шарт бойынша жүзеге асырылады. Бюджеттік қаржыны мақсатсыз пайдаланғаны үшін заңды түрде жауапкершілікке тартылады. Жұмыс орнын ұйымдастыруды, тиісті және қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз етуді, еңбек қорғаудың хал-жағдайын, келтірілген зиянды өтеуді, төлемді қоғамдық жұмыстарға қатысушы жұмыссыздардың денсаулығына келтірілген зиянның орнын толтыруды, қолданылып жүрген заңнамаларға сәйкес, төлемді қоғамдық жұмыстарда қамтылған жұмыссыздардың еңбек төлемін қаржыландыру тәртібіне қарамастан жұмыс беруші жүргізеді. Төлемді қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру бойынша есепке алу мен есеп беруді белгіленген тәртіпте жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі өкілетті облыстық, қалалық, аудандық органдар мен жұмыс берушілер жүргізеді. Облыстық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының бастығы