О внесении дополнения в Указ Пpезидента Республики Казахстан, имеющий силу Закона, от 18 июля 1995 года N 2367 Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.08.1995. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 18 шiлдедегi Заң күшi бар N 2367 Жарлығына толықтырулар енгiзу туралы "Қазақстан Республикасының Президентi мен жергiлiктi әкiмдерге уақытша қосымша өкiлеттiк беру туралы" 1993 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабына сәйкес қаулы етемiн:
Тармақ 1
1. "Қазақстан Республикасында салық қатынастарын реттейтiн кейбiр заң актілерi мен Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлықтарының күшi жойылған деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 18 шiлдедегi Заң күшi бар N 2367 Жарлығы мынадай мазмұндағы жаңа 3-тармақпен толықтырылсын: "3. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң, 1995 жылғы 15 қыркүйекке дейiнгiсiн қоса алғанда 1995 жылғы 1 шiлдеге дейiнгi мерзiм iшiнде өздерiнiң бюджетке төленбеген салықтар мен басқа да мiндеттi төлемдерi туралы жариялаған және оларды 1995 жылғы 15 қыркүйекке дейiн толық көлемiнде бюджетке енгiзген заңды және жеке тұлғалар жөнiнде 1995 жылғы 1 шiлдеге дейiн пайда болған құқықтық қатынастар бойынша салық заңдарын бұзғаны үшiн, сондай-ақ шетел компанияларының басқаруына берiлген ұйымдар жөнiнде оларды сол компанияларға өткiзуге дейiн жол берiлген бұзушылықтар үшiн көзделген санкцияларды (айыппұлдарды және өсiмдердi) жоюға хақысы бар деп белгiленсiн". 3-тармақ 4-тармақ деп саналсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы мен Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне: екiншi деңгейдегi банктер мен уақытша басқару режимi (доғару) енгiзiлген ұйымдар жөнiнде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi мен Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi алдындағы берешегiн қайта құрылымдау бойынша шешiм қабылдау; банктердiң Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi алдындағы берешектерi бойынша есептелген айыппұл проценттерi мен өсiмнiң мөлшерiн өзгерту құқығы берiлсiн.
Тармақ 3
3. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Оқығандар: Омарбекова А.Т. Нарбаев Е.Ә.