О меpах по улучшению выплаты пенсий и пособий Күшін жойған
Басқа 0
ЗЕЙНЕТАҚЫ МЕН ЖӘРДЕМАҚЫ ТӨЛЕУДI ЖАҚСАРТУ ЖӨНIНДЕГI ШАРАЛАР ТУРАЛЫ
📌 Ескерту. Күшi жойылды - ҚР Үкіметінің 19.09.1996 № 1149 қаулысымен.
Зейнетақы мен жәрдемақының уақтылы төленуiн қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасы Зейнетақы қорының шығындарын азайту мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
Тармақ 1
1. Қалалық және ауылдық жерлерде жұмыс iстемейтiн зейнеткерлерге, сондай-ақ жұмыс iстеп жатқан зейнеткерлер мен жәрдемақы алушыларға қалауына қарай зейнетақы мен жәрдемақыларын жеткiзiп берудi Қазақстан Республикасының Халықты әлеуметтiк жағынан қорғау министрлiгiнiң органдары арқылы, Қазақстан Республикасының Байланыс министрлiгi кәсiпорындары мен Халықтық банк мекемелерi жүргiзетiн болып белгiленсiн.
📌 Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚРМК 25.05.1994
№ 560
қаулысымен.
Тармақ 2
2. 1996 жылғы 1 маусымнан бастап зейнетақы мен жәрдемақыны жеткiзу мен төлеу бойынша көрсетiлетiн қызметтiң бiрынғай тарифi төленген зейнетақы мен жәрдемақының жалпы сомасының 1,8 процентi, мөлшнрiнде белгiленсiн.
Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң жанындағы Республикалық мемлекеттiк почта байланысы кәсiпорнымен және Қазақстан Республикасының Халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiмен бiрлесiп зейнетақы мен жәрдемақыны жеткiзу және төлеу бойынша көрсетiлетiн қызмет төлемiнiң мөлшерiн реттеп отыру құқығы берiлсiн.
📌 ЕСКЕРТУ. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚРҮ-нiң 06.06.1996
№ 714
қаулысымен.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының Халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi Қазақстан Республикасының Байланыс министрлiгiмен байланыс орындарының зейнетақы мен жәрдемақыны уақтылы жеткiзiп тұрмағандығы үшiн қаржылық жауапкершiлiгiн көздейтiн шарттық қатынастар орнататын болсын.
Тармақ 4
4. Байланыс министрлiгi, Халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi
Қаржы министрлiгi және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен
келiсе отырып бiр ай мерзiмде зейнетақы мен жәрдемақы төлеу
жөнiндегi нұсқаулықты әзiрлеп, бекiтетiн болсын.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасының Байланыс министрлiгi халыққа
зейнетақы мен жәрдемақының уақтылы төленуi мен жеткiзiлуiне қатаң
бақылау орнататын болсын.