О внесении изменений и дополнений в некотоpые законодательные акты Республики Казахстан Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.05.1995. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы
Тармақ ii
II. Қазақ ССР Қылмыстық кодексiне тұрақты сомаларда көзделген айыппұлдарды қайта есептеудiң мынадай тәртiбi бекiтiлсiн: егер айыппұлдың жоғарғы шегi: екi жүз сомнан аспаса, ол он айлық есептi көрсеткiштiң мөлшерiне тең деп есептелсiн; үш жүз сомнан аспаса, ол он айлық есептi көрсеткiштiң мөлшерiне тең деп есептелсiн; төрт жүз сомнан аспаса, ол он үш айлық есептi көрсеткiштiң мөлшерiне тең деп есептелсiн; бес жүз сомнан аспаса, ол он төрт айлық есептi көрсеткiштiң мөлшерiне тең деп есептелсiн; сегiз жүз сомнан аспаса, ол он бес айлық есептi көрсеткiштiң мөлшерiне тең деп есептелсiн; бiр мың сомнан аспаса, ол он алты айлық есептi көрсеткiштiң мөлшерiне тең деп есептелсiн; екi мың сомнан аспаса, ол он жетi айлық есептi көрсеткiштiң мөлшерiне тең деп есептелсiн; үш мың сомнан аспаса, ол он сегiз айлық есептi көрсеткiштiң мөлшерiне тең деп есептелсiн; бес мың сомнан аспаса, ол жиырма бес айлық есептi көрсеткiштiң мөлшерiне тең деп есептелсiн; он мың сомнан аспаса ол отыз айлық есептi көрсеткiштiң мөлшерiне тең деп есептелсiн; он бес мың сомнан аспаса, ол қырық айлық есептi көрсеткiштiң мөлшерiне тең деп есептелсiн; жиырма мың сомнан аспаса, ол қырық бес айлық есептi көрсеткiштiң мөлшерiне тең деп есептелсiн; жиырма бес мың сомнан аспаса, ол елу айлық есептi көрсеткiштiң мөлшерiне тең деп есептелсiн. 📌 ЕСКЕРТУ. II-бөлiмдегi сөздер ескертiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.06.13. N 124 заңымен.
Тармақ iii
III. Осы Жарлық жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.