О дополнительных меpах по усилению социальной защиты военнослужащих и лиц, уволенных с военной службы Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.09.2001. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Әскери қызметшілердің және әскери қызметтен босатылған адамдардың әлеуметтік жағынан қорғалуын күшейту жөніндегі қосымша шаралар туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Президентінің 04.09.2001 N 677 Жарлығымен (жарияланған күнінен бастап күшіне енеді). Әскери қызметшілердің және әскери қызметтен босатылған адамдардың әлеуметтік жағынан қорғалуын күшейту, әскери қызмет міндеттерін орындау үшін тиісті жағдайларды қамтамасыз ету мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. 1992 жылғы 1 маусымнан бастап әскери қызметшілердің қолданылып жүрген лауазымдық жалақыларының мөлшері 80 процент, ал әскери атақтары бойынша жалақылары орташа есеппен 7,5 есе арттырылсын.
Тармақ 2
2. 1992 жылғы 1 тамыздан бастап бұрын офицер құрамдағы адамдарға, мерзімнен тыс қызметтің прапорщиктеріне, мичмандарына, әскери қызметшілеріне және олардың отбасыларына тағайындалған зейнетақылардың мөлшері 1-тармаққа сәйкес белгіленген ақшалай үлес деңгейіне қарай өсірілсін.
Тармақ 3
3. Осы Жарлықтың күші Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, шекара және ішкі әскерлерінің, Республикалық ұланын, Қазақстан Республикасы Мемлекет қауіпсіздігі комитеті мен басқа да арнаулы әскери бөлімшелердің әскери қызметшілеріне, адамдардың аталған санаттарының зейнеткерлеріне және олардың отбасыларының мүшелеріне қолданылсын.