О пpизнании утpатившим силу Закона Казахской ССР "Об аpенде" Қолданыста
Басқа 0
"Аренда туралы" Қазақ КСР заңының күшi жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi қаулы етедi:
Тармақ 1
1. "Аренда туралы" Қазақ КСР Заңының (Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1990 ж., N 10, 87-құжат) күшi жойылды деп танылсын.
Тармақ 2
2. Былай белгiленсiн:
- осы Заң күшiне енгiзiлгенге дейiн туған арендалық қатынастар арендалық шарттардың мерзiмi бiткенге дейiн сақталады және қолданылып жүрген заңдарда белгiленген тәртiппен тек сот шешiмi негiзiнде бұзылуы мүмкiн;
- осы Заң күшiне енгiзiлгенге дейiн құрылған арендалық кәсiпорындар 1993 жылғы 31 желтоқсанға дейiн қызметкерлердiң кәсiпорынның ортақ меншiгiндегi үлесiн даралап, шаруашылық серiктестiктерi немесе акционерлiк қоғамдар болып қайта құрылуға тиiс.
Тармақ 3
3. Осы Заң жарияланған күнiнен бастап күшiне енгiзiлсiн.