О поpядке оплаты услуг населению по паспоpтной и визовой pаботе Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.04.1998. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Паспорт және виза жұмысы жөнiнде халыққа қызмет көрсетуге ақы төлеу тәртiбi туралы 📌 Ескерту. Күшi жойылды - ҚР Президентiнiң 27.04.1998 № 3928 Жарлығымен. Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының паспорт және виза жұмыстарын одан әрi жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi мен Қаржы министрлiгiнiң паспорт және виза жұмысы жөнiнде халыққа қызмет көрсетуге ақы төлеу тарифтерiн енгiзу туралы ұсынысы қабылдансын. Көрсетiлген қызмет тiзбесi N 1 қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне паспорт және виза жұмысы жөнiнде халыққа қызмет көрсетуге ақы төлеу тарифтерiн Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң келiсуi бойынша бекiту құқы берiлсiн.
Тармақ 3
3. Аталған қызметтер үшiн ақы төлетуден түсетiн қаржының 60 процентiн Iшкi iстер министрлiгi республикалық бюджетке енгiзедi деп белгiленсiн. Iшкi iстер министрлiгiнiң қарауында қалатын қаржы арнаулы қаражатты жұмсаудың бюджеттегi ұйымдарға белгiленген тәртiбiне сәйкес пайдаланылсын.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасының заңдарымен тиiстi жеңiлдiктер берiлген адамдар, сондай-ақ осы қаулыға N 2 қосымшада көрсетiлген адамдар аталған қызметтер үшiн ақы төлеуден босатылсын.