О Госудаpственном контpоле за обоpотом отдельных видов оpужия Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.12.1998. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жекелеген қару түрлерiнiң айналымына мемлекеттiк бақылау жасау туралы 📌 Ескерту. Күшi жойылды - ҚР 30.12.1998 № 340-I Заңымен. Осы Заң Қазақстан Республикасы аумағында жекелеген қару түрлерiн өндiру, сатып алу, пайдалану тәртiбi мен оларға бақылау жасаудың жалпы негiздерiн белгiлейдi.
Бап 1. 1-бап. Осы Заңда қолданылатын негiзгi ұғымдар
1-бап. Осы Заңда қолданылатын негiзгi ұғымдар Осы Заңда қару деп тiрi немесе өзге де нысананы атуға құрылысы жағынан арналған құрылғылар мен заттар, сондай-ақ қарудың қолданылу мақсатын белгiлейтiн негiзгi бөлiктерi түсiнiледi. Оқ ататын қару дегенiмiз жарылғыш заттардың энергиясы есебiнен бағытты қозғалыс алатын снарядпен қашықтықтағы нысананы механикалық түрде атуға арналған қару. Атылмайтын қару дегенiмiз жаралау объектiсiмен тiкелей жанасу жағдайында адамның бұлшық етi күшiнiң көмегiмен нысананы зақымдандыруға арналған қару. Атылмайтын лақтыратын қару дегенiмiз адамның бұлшық етi күшiнiң не механикалық құрылғының көмегiмен бағытты қозғала алатын снарядпен қашықтықтан нысананы зақымдауға арналған қару. Газды қару дегенiмiз көзден жас ағызатын және тiтiркендiретiн заттарды қолдану арқылы тiрi нысанаға уақытша зақым келтiруге арналған қару. Электрлi (электрмен естен тандыратын) қару дегенiмiз электр разрядын қолдану арқылы тiрi күшке зақым келтiруге арналған арнаулы құрылғы. Пневматикалық қару дегенiмiз сығылған газ тектес заттардың энергиясы есебiнен бағытты қозғалыс алатын снарядпен нысананы атуға арналған қару. Оқ-дәрi дегенiмiз тиiстi қару түрiнен атуға құрылысы жағынан арналған құрылғылар немесе заттар. Қару өндiрiсi дегенiмiз қаруды жасау мен жөндеу, сондай-ақ оқ-дәрi жасау. Қару жасаушы дегенiмiз қаруды өндiруге лицензиясы бар кәсiпорын. Қару айналысы дегенiмiз қаруды өндiру, өткiзу, сатып алу, есепке алу, сақтау, алып жүру, тасымалдау, пайдалану, қайтарып алу, жою, импорттау мен экспорттау, сондай-ақ қарудың бiрлi-жарым данасын Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және оларды республикадан әкету. Қару иесi дегенiмiз қаруды сатып алу мен сақтауға лицензиясы (рұқсаты) бар заңды ұйым. Қаруды пайдаланушы - қаруды уақытша пайдалануға алған адам.
Бап 2. 2-бап. Қару түрлерi
2-бап. Қару түрлерi Қару өзiнiң мақсаты бойынша тиiстi субъектiлердiң пайдалануы үшiн:
Тармақша 1
1) әскери;
Тармақша 2
2) қызметтiк-штаттық;
Тармақша 3
3) азаматтық қару болып бөлiнедi. Қарудың осы Заңда көзделген өзге түрлерi Қазақстан Республикасы аумағында тек қана жүйелi жинақтау немесе Қазақстан Республикасы заңдарында көзделген реттерде оны қолдану ишарасын жасау мақсатымен пайдаланылуы мүмкiн.
Бап 3. 3-бап. Әскери қару
3-бап. Әскери қару Әскери қаруға Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң, Республика ұланының, Президенттiң Күзет қызметiнiң iшкi iстер министрлiгiнiң, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң, Прокуратураның, Қаржы министрлiгi Бас кеден басқармасының әскери бөлiмдерi, органдары мен бөлiмшелерi өздерiне жүктелген мiндеттердi жүзеге асыру үшiн пайдаланатын қару жатады.
Бап 4. 4-бап. Қызметтiк-штаттық қару
4-бап. Қызметтiк-штаттық қару Қызметтiк-штаттық қаруға меншiктi күзету, адамдардың өмiрi мен денсаулығын, табиғатты, табиғат ресурстарын (ерекше жарғылық мiндеттi бар кәсiпорынды, ұйым мен мекеменi) қорғау жөнiнде өздерiне заңдарда жүктелген мiндеттердi жүзеге асыру кезiнде кәсiпорындардың, ұйымдар мен мекемелердiң, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесi депутаттарының, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi белгiлейтiн тiзбе бойынша лауазымды адамдардың пайдаланатын қаруы жатады.
Бап 5. 5-бап. Азаматтық қару
5-бап. Азаматтық қару Азаматтық қаруға өзiн-өзi қорғау, аң аулау және спортпен шұғылдану мақсатында азаматтардың пайдалануына арналған қару жатады. Азаматтық қару мыналарға бөлiнедi:
Тармақша а
а) өзiн-өзi қорғауға арналған газ қаруы - пистолеттер, револьверлер, көзден жас ағызатын және тiтiркендiргiш заттармен жарақталған механикалық бүрiккiштер мен аэрозольды құрылғылар;
Тармақша б
б) спорттық (иiр ойықты және тегiс ұңғылы оқ ататын, атылмайтын, соның iшiнде лақтыратын, пневматикалық) қару- халықаралық немесе ұлттық спорт федерацияларының стандарттарына сай келетiн, спортшылар даярлауға, олардың бiлiктiлiк қалыпты мөлшердi орындауына және жарыстарға қатысуға арналған қару;
Тармақша в
в) аңшылық (иiр ойықты және тегiс ұңғылы оқ ататын, атылмайтын, соның iшiнде лақтыратын, пневматикалық) қару - кәсiпшiлiк, спорттық-әуесқойлық немесе ғылыми аңшылық үшiн азаматтар, меншiктiң барлық түрiндегi кәсiпорындар, мекемелер мен ұйымдар сатып алатын қару.
Бап 6. 6-бап. Қызметтiк-штаттық және азаматтық қарулар айналымына қойылатын шектеулер
6-бап. Қызметтiк-штаттық және азаматтық қарулар айналымына қойылатын шектеулер Қазақстан Республикасының аумағында:
Тармақша 1
1) қызметтiк-штаттық және азаматтық қару ретiнде:
Тармақша а
а) жалпы ұзындығы кем дегенде 800 миллиметр, сондай-ақ өзiн қаттап салуға, қозғалтуға, жинап қоюға немесе бөлшектеуге мүмкiндiк беретiн және бұл орайда ату мүмкiндiгi жоғалмайтын құрылымнан тұратын аңшылық оқ ататын қарудың;
Тармақша б
б) басқа заттардың ишарасын жасайтын нысаны бар оқ ататын қарудың;
Тармақша в
в) қол шоқпарлардың, кастеттердің және соққылық-уатқыштық әсерi бар басқа да заттардың;
Тармақша г
г) сауыт бұзғыш, тұтандырғыш немесе жарғыш әсер ететiн оқтары бар оқ-дәрiнiң, сондай-ақ пистолеттер мен револьверлерге арналған бытыралы снарядтары бар оқ-дәрiнiң;
Тармақша д
д) зақымдау әрекетi электр қуатын, радиоактивтi сәулелер мен биологиялық факторларды пайдалануға негiзделген қарулар мен өзге заттардың;
Тармақша е
е) жүйкелiк-семдiрушi, уландырғыш және басқа күштi әсер ететiн заттармен жарақталған газ қаруының айналымына;
Тармақша 2
2) калибрi 4,5 миллиметрден асатын пневматикалық қаруды, сондай-ақ оқ ататын және атылмайтын спорт қаруын спорт объектiлерiнен тыс сақтауға немесе пайдалануға және сатып алуға;
Тармақша 3
3) дыбыссыз ату мен түнгi нысаналарға арналған құралды қызметтiк-штаттық және азаматтық қаруға орнатуға;
Тармақша 4
4) қаруды бiр жерден екiншi жерге салып жiберуге;
Тармақша 5
5) митингiлерге, көше шерулерiне, демонстрацияларға, пикеттерге, ереуiлдерге қатысушы азаматтардың қару алып жүруiне;
Тармақша 6
6) қоғамдық орындарда қаруды ашық (қынабына салынбаған) күйiнде алып жүруге;
Тармақша 7
7) ұлттық киiмнiң бөлiгi ретiнде қаруды рұқсатсыз (лицензиясыз) алып жүруге тыйым салынады.
Бап 7. 7-бап. Мемлекеттiк қару-жарақ кадастры ұғымы және оның мақсаты
7-бап. Мемлекеттiк қару-жарақ кадастры ұғымы және оның мақсаты Мемлекеттiк қару-жарақ кадастры дегенiмiз Қазақстан Республикасының аумағында өндiрiлетiн және оның аумағына әкелiнетiн қару үлгiлерiнiң жүйеленген тiзбесi (құрылыстық түрi, жүйесi, үлгiсi, Мемлекеттiк стандарты (ГОСТ) және т.б.), онда олардың негiзгi тактикалық-техникалық деректерi көрсетiледi. Мемлекеттiк қару-жарақ кадастры қаруды жасау, сату, сатып алу, иелену және пайдалану ережелерiне бақылау жасауды ұйымдастыру мақсатында осы заңның 2-бабында көрсетiлген қарудың нақты үлгiлерiне жататындығы туралы мәлiметтермен мүдделi кәсiпорындарды, мекемелердi, ұйымдарды және азаматтарды қамтамасыз етуге арналған.
Бап 8. 8-бап. Қаруды сертификаттау
8-бап. Қаруды сертификаттау Қазақстан Республикасының аумағында өндiрiлетiн және республика аумағына басқа мемлекеттерден әкелiнетiн қарудың барлық үлгiлерi Қазақстан Республикасы заңдарында белгiленген тәртiппен мiндеттi түрде сертификаттауға жатады.
Бап 9. 9-бап. Қаруды өндiру
9-бап. Қаруды өндiру Қаруды, негiзгi бөлшектерiн өндiру, оларды құрастыру, оған жоғалтып алған зақымдау қасиеттерiн қайтару мақсатымен қаруды қайта жасау немесе жөндеу, сондай-ақ оқ-дәрi мен патрондар өндiру Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi беретiн рұқсат (лицензия) негiзiнде жүзеге асырылады. Қару жасайтын кәсiпорындардың тiзбесiн республиканың Министрлер Кабинетi белгiлейдi. Қаруды, өзiн-өзi қорғау құралдарын және ұрыс оқ-дәрiсiн рұқсатсыз өндiру заңдарда белгiленген жауаптылыққа әкеп соқтырады.
Бап 10. 10-бап. Қаруды сату
10-бап. Қаруды сату Қаруды және оқ-дәрiнi сатуды оларды өндiруге немесе сатуға лицензиясы (рұқсаты) бар кәсiпорындар жүзеге асырады. Сатуға лицензия (рұқсат) тек осы мақсаттар үшiн арнайы құрылған кәсiпорындарға ғана берiлуi мүмкiн. Қару сатуды жүзеге асырушы кәсiпорындар:
Тармақша 1
1) сатылатын қаруға сертификаты болуға;
Тармақша 2
2) сатып алынатын және сатылатын қарудың есепке алынуын қамтамасыз етуге, сондай-ақ есеп құжаттамаларын 10 жыл бойы сақтауға;
Тармақша 3
3) iшкi iстер органдарына Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi белгiлеген тәртiппен сатылған қызметтiк-штаттық және азаматтық қару мен оны сатып алушылар туралы деректер беруге;
Тармақша 4
4) қарудың сақталуын және оны сақтау қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң оқ-гильзотекасына Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi белгiлеген тәртiппен сатылатын қызметтiк-штаттық және азаматтық қарудан атылған снарядтар мен гильзаларды тапсыруға мiндеттi. Қарудың аталған түрiн сатып алуға лицензиясын (рұқсатын) көрсетпеген заңды ұйымдар мен нақты адамдарға қаруды, сондай-ақ нөмiрi мен таңбасы жоқ қаруды не стандартқа сәйкес белгiсi жоқ оқ-дәрiнi сатуға тыйым салынады.
Бап 11. 11-бап. Қаруды сатып алу және тiркеу
11-бап. Қаруды сатып алу және тiркеу Қаруды сатып алу құқығы он сегiз жасқа толған, iшкi iстер органдарының осы заңның 6 және 17-баптарында көрсетiлген шектеулер ескерiле отырып дербес тәртiппен берiлетiн iшкi iстер органдарының тиiстi рұқсаты бар Қазақстан Республикасының азаматтарына берiледi. Газды аэрозоль құрылғылары мен пневматикалық қаруды Қазақстан Республикасының азаматтары рұқсат (лицензия) алмай-ақ сатып алуға қақылы. Иiр ойық ұңғылы аңшылық оқ ататын қаруды аңшылыққа байланысты кәсiби қызметпен айналысатын Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi белгiлейтiн тәртiппен әуесқой аңшылар сатып алуға құқылы. Атылмайтын аңшылық қаруды оқ ататын қаруды сатып алуға, сақтауға және алып жүруге құқығы бар азаматтардың сатып алуына болады. Сатып алынған азаматтық қару (атылмайтын аңшылық, пневматикалық және газды аэрозоль құрылғылардан басқасы) сатып алынған күнiнен бастап екi апта мерзiмде iшкi iстер органдарында тiркелуге тиiс. Iшкi iстер органдары беретiн рұқсаттар негiзiнде қызметтiк-штаттық қаруды және оған оқ-дәрiнi;
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң iс басқармасы, халық депутаттарының облыстық, Алматы және Ленинск қалалық Кеңестерi - өкiлдi органдардың депутаттары мен лауазымды адамдары үшiн;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Президентi мен Министрлер Кабинетi Аппаратының iс басқармасы, облыстық, Алматы және Ленинск қалалық әкiмшiлiктер - Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi белгiлейтiн тiзбе бойынша атқарушы органдардың лауазымды адамдары мен кәсiпорындардың, мекемелердiң, ұйымдардың басшылары үшiн;
Тармақша 3
3) ерекше жарғылық мiндеттерi бар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi белгiлейтiн тiзбе бойынша кәсiпорындар, ұйымдар мен мекемелер;
Тармақша 4
4) қаруды дайындаумен, сынаумен, өндiрумен немесе оны сатумен айналысатын кәсiпорындар;
Тармақша 5
5) спорттық, аңшылық кәсiпорындар мен ұйымдар;
Тармақша 6
6) оқу орындары сатып алады. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң, Республикалық ұланның, Президенттiң Күзет қызметiнiң, Iшкi iстер министрлiгiнiң, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң, Прокуратураның, Қаржы Министрлiгi Бас кеден басқармасының әскери бөлiмдерi, органдары мен бөлiмшелерi қаруды және оқ-дәрiнi Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi мен осы ведомстволардың қалыпты құжаттары белгiлейтiн тәртiппен сатып алады. Қаруды және оның оқ-дәрiсiн сатып алу, тiркеу тәртiбiн бұзушылық заңдарда белгiленген жауаптылыққа әкеп соқтырады.
Бап 12. 12-бап. Шетел азаматтарының азаматтық қаруды сатып алуы, әкелуi және әкетуi
12-бап. Шетел азаматтарының азаматтық қаруды сатып алуы, әкелуi және әкетуi Өздерi азаматтары болып табылатын мемлекеттер өкiлдiктерiнiң өтiнiшi негiзiнде қаруды сатып алған күннен бастап бес күннен кешiктiрмей оны Қазақстан Республикасынан алып кететiн жағдайда шетел азаматтарының аңшылық қаруды iшкi iстер органдары беретiн лицензиялар бойынша сатып алуына болады, бұған осы баптың үшiншi бөлiгiнде көзделген реттер жатпайды. Өзiн-өзi қорғауға арналған газ қаруын шетел азаматтарының өздерi азаматтары болып табылатын мемлекеттер өкiлдiктерiнiң өтiнiшi бойынша жалпы негiздерде сатып алуына болады. Аң аулауға келiсiм-шарты немесе спорттық шараларға қатысу үшiн шақыруы және Қазақстан Республикасы Iшi iстер министрлiгiнiң тиiстi рұқсаты болған жағдайда шетел азаматтары Қазақстан Республикасы аумағына аңшылық және спорттық қаруларды әкеле алады. Әкелiнген қару Қазақстан Республикасынан келiсiм-шартта немесе шақыруда көрсетiлген мерзiмде әкетiлуге тиiс. Шетел азаматтарының қаруды Қазақстан Республикасынан әкету мерзiмiн бұзуы заңмен белгiленген тәртiппен мәселенi шешкенше дейiн оны алып қоюға әкеп соқтырады.
Бап 13. 13-бап. Қару өндiруге, сатуға және сатып алуға лицензия беру
13-бап. Қару өндiруге, сатуға және сатып алуға лицензия беру Қазақстан Республикасының аумағында қаруды өндiруге, сатуға және сатып алуға лицензия берiлуге тиiс. Қаруды сатуға немесе сатып алуға лицензияны iшкi iстер органдары, ал қаруды өндiруге - Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi уәкiлдiк берген органдар бередi. Лицензия үшiн төлем мөлшерi мен оны өндiрiп алу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi белгiлейдi.
Бап 14. 14-бап. Қаруды экспорттау мен импорттау, Қарудың бiрлi-жарым данасын әкелу және әкету
14-бап. Қаруды экспорттау мен импорттау, Қарудың бiрлi-жарым данасын әкелу және әкету Әскери қаруды экспорттау мен импорттауды Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi өзi жасасқан мемлекетаралық келiсiмдерге сәйкес жүзеге асырады. Азаматтық қарудың импортталуын қаруды сертификаттау, ол туралы мәлiметтердi кейiннен Кадастрға енгiзу негiзiнде Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi беретiн лицензия бойынша кәсiпорындар жүзеге асырады. Азаматтық қаруды экспорттауды Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi немесе тиiстi лицензиясы бар кәсiпорындар жүзеге асырады. Спорттық, аңшылық, газды және пневматикалық қарудың бiрлi-жарым данасын Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және одан әкету iшкi iстер органдарының рұқсатымен жүргiзiледi.
Бап 15. 15-бап. Қаруды сақтау, алып жүру және тасымалдау
15-бап. Қаруды сақтау, алып жүру және тасымалдау Қаруды өндiруге және сатуға лицензия не оны сақтауға және алып жүруге рұқсат алған нақты адамдар мен заңды ұйымдарға қаруды сақтауға рұқсат етiледi. Сатып алынған қару, ұрыс оқ-дәрiсi Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi белгiлейтiн ережелерге сәйкес сақталады және тасымалданады. Әскери қызметшiлердiң және Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi, Республикалық ұлан, Президенттiң Күзет қызметi, iшкi iстер министрлiгi, Ұлттық қауiпсiздiк комитетi, Прокуратура, Қаржы министрлiгiнiң Бас кеден басқармасы қызметкерлерiнiң қаруды сақтау, алып жүру, тасымалдау ережелерi ведомстволық қалыпты құжаттармен белгiленедi. Қаруды сақтау, алып жүру және тасымалдау тәртiбiн бұзушылық заңдарда белгiленген жауаптылыққа әкеп соқтырады.
Бап 16. 16-бап. Қаруды қолдану
16-бап. Қаруды қолдану Қаруды сақтауға және алып жүруге рұқсаты бар адамдар қарудың нақты түрiн пайдалану құқығына ие болады. Азаматтар қаруды өмiрiн, денсаулығы мен меншiгiн қорғау мақсатында қажеттi қорғану шегiнде пайдалана алады. Әскери қызметшiлердiң және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгi, Республикалық ұлан, Президенттiң Күзет қызметi, iшкi iстер министрлiгi, Ұлттық қауiпсiздiк комитетi, Прокуратура, Қаржы министрлiгiнiң Бас кеден басқармасы қызметкерлерiнiң қаруды қолдану тәртiбi заңдармен белгiленедi. Ерекше жарғылық мiндеттерi бар кәсiпорындардың, ұйымдар мен мекемелердiң қызметкерлерi табиғатты, табиғи ресурстарды, меншiктi қорғау, адамдардың өмiрi мен денсаулығын сақтау жөнiндегi заңдарда өздерiне жүктелген мiндеттердi жүзеге асыру кезiнде қаруды қолдана алады. Қаруды қолдану алдында бұл жөнiнде ол қолданылатын адамға ескертiлуге тиiс. Әйелдерге, мүгедектегiнiң анық белгiлерi бар адамдарға, кәмелетке толмағандарға қатысты қаруды қолдануға тыйым салынады, бұған олардың қару қолданып не топ болып шабуыл жасаған реттерi жатпайды. Қару қолданылған жағдайлардың бәрiнде айналадағы азаматтардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, зардап шеккендерге дереу медициналық жәрдем көрсету үшiн шаралар қолданып, iшкi iстер және прокуратура органдарына хабарлау қажет. Оқ ататын қаруды пайдалана отырып аң аулау ережесiн, сондай-ақ спортпен айналысу кезiнде және жаттығу мақсатында қаруды қолдану ережесiн Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi белгiлейдi.
Бап 17. 17-бап. Лицензиялар мен рұқсат қағаздарын жою
17-бап. Лицензиялар мен рұқсат қағаздарын жою Қаруды өндiруге, сатуға немесе сатып алуға лицензияны, сондай-ақ қаруды сақтауға және алып жүруге рұқсатты лицензия немесе рұқсат берген органдар мына реттерде: - лицензияда немесе рұқсатта белгiленген мерзiм бiткенде; - лицензиядан немесе рұқсаттан өз еркiнен бас тартқанда не кәсiпорын, ұйым немесе мекеме таратылғанда; - заңды ұйымдар немесе нақты адамдар осы Заңда және қару айналысын реттейтiн өзге де құқылық құжаттарда көзделген талаптарды бұзса не орындамаса; - халықаралық шарттар мен үкiметаралық келiсiмдерден туындайтын реттерде; - одан әрi пайдалануға жарамсыз қаруды iшкi iстер органдарына тапсырғанда; - қару нысаналы мақсат бойынша пайдаланылмағанда; - қаруды өндiру, сатып алу, сақтау, есепке алу, алып жүру, тасымалдау мен пайдалану ережелерiн бұзғанда жойылады. Егер адам: - психикалық аурумен ауырса; - қоғамдық тәртiптi өрескел бұзса; - тиiстi есепте тұратын маскүнем немесе нашақор болса; - қасақана қылмыс жасағаны үшiн заңмен белгiленген тәртiппен өтелмеген немесе алып тасталмаған соттығы болса; - қылмыс жасағаны үшiн қылмыстық жауапқа тартылған болса; - тұрақты тұрғылықты жерi болмаса, қаруды сатып алуға және сақтауға рұқсат берiлмейдi, ал берiлген рұқсаттың күшi жойылады.
Бап 18. 18-бап. Қаруды қайтарып алу
18-бап. Қаруды қайтарып алу Қару мынадай реттерде:
Тармақша 1
1) қаруды өндiруге, сатуға немесе сатып алуға лицензия, сондай-ақ оны сақтау мен алып жүруге рұқсат болмаса;
Тармақша 2
2) қаруды өндiруге, сатуға немесе сатып алуға лицензияның не оны сақтау мен алып жүруге рұқсаттың белгiленген тәртiппен күшi жойылса;
Тармақша 3
3) заңды ұйымдар мен нақты адамдар түпкiлiктi iс жүргiзу шешiмi қабылданғанға дейiн қаруды сатып алудың, тiркеудiң, сақтаудың, алып жүрудiң және қолданудың белгiленген ережелерiн бұзса;
Тармақша 4
4) мүлiктi мұраға қалдыру туралы мәселе шешiлгенге дейiн азаматтық қарудың иесi қайтыс болса қайтарып алынады. Қаруды қайтарып алу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi белгiлейдi.
Бап 19. 19-бап. Қаруға бақылау жасауды жүзеге асыратын органдар
19-бап. Қаруға бақылау жасауды жүзеге асыратын органдар Қару жасауға мемлекеттiк бақылауды Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жүзеге асырады. Қаруды (әскери қарудан басқасын) сатып алуға, сақтауға, тасымалдауға, алып жүруге және пайдалануға мемлекеттiк бақылауды Қазақстан Республикасының iшкi iстер министрлiгi жүзеге асырады. Әскери қаруды сатып алуға, сақтауға, тасымалдауға, алып жүруге және пайдалануға мемлекеттiк бақылауды Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi мен ол уәкiлдiк берген органдар жүзеге асырады.
Бап 20. 20-бап. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қару айналымы саласындағы өкiлеттiгi
20-бап. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қару айналымы саласындағы өкiлеттiгi Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi қарауына:
Тармақша 1
1) қаруға бақылау жасаудың Қазақстан Республикасы үшiн бiрыңғай қағидаттарын белгiлеу, Қазақстан Республикасының қару туралы қалыпты құжаттарын әзiрлеу мен жетiлдiру;
Тармақша 2
2) Мемлекеттiк қару-жарақ кадастрын жүргiзу тәртiбiн белгiлеу;
Тармақша 3
3) қаруды өндiруге лицензия беру;
Тармақша 4
4) қаруды өндiру тәртiбiн белгiлеу;
Тармақша 5
5) қаруды өндiруге бақылау жасауды ұйымдастыру;
Тармақша 6
6) әскери қаруы мен оның оқ-дәрiсiн экспорттау мен импорттау iсiн мөлшерлеу және оған лицензия беру;
Тармақша 7
7) қаруды сатып алу, сақтау, сақтау және есепке алу тәртiбiн белгiлеу жатады.
Бап 21. 21-бап. Қазақстан Республикасы iшкi iстер министрлiгiнiң қару айналымы саласындағы өкiлеттiгi
21-бап. Қазақстан Республикасы iшкi iстер министрлiгiнiң қару айналымы саласындағы өкiлеттiгi Қазақстан Республикасы iшкi iстер министрлiгiнiң қарауына:
Тармақша 1
1) қаруды сатып алуға, сақтауға, тасымалдауға, есепке алуға және пайдалануға бақылау жасауды ұйымдастыру;
Тармақша 2
2) республика аумағына қару әкелуге және оны шетелге әкетуге рұқсаттар беру;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасы халық депутаттарының және Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi белгiлейтiн тiзбе бойынша лауазымды адамдардың қызметтiк-штаттық қаруды алып жүруi мен сақтауына рұқсат беру жатады.
Бап 22. 22-бап. Iшкi iстер органдарының қаруға бақылау жасау саласындағы құзыретi
22-бап. Iшкi iстер органдарының қаруға бақылау жасау саласындағы құзыретi Қаруға бақылау жасау саласында облыстық, қалалық және аудандық iшкi iстер органдарының қарауына:
Тармақша 1
1) қаруды (әскери қарудан басқасын) сатып алуға, сақтауға, алып жүруге, тасымалдауға және пайдалануға рұқсат беру;
Тармақша 2
2) азаматтардың, кәсiпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың иелiгiндегi қаруды тiркеу;
Тармақша 3
3) атыс тирлерiн, атыс алаңдарын, атыс-аң аулау стендiлерiн, қару-жарақ жөндеу шеберханаларын және қару мен оқ-дәрi сататын дүкендер ашуға рұқсат беру;
Тармақша 4
4) қаруды есепке алуды қамтамасыз ету;
Тармақша 5
5) қаруды сатып алу, сақтау мен иеленудiң белгiленген ережелерiнiң сақталуына бақылау жасау;
Тармақша 6
6) спорт ұйымдарының жарыстарға қатысу үшiн қаруды, ұрыс оқ-дәрiсiн шетелге әкетуге және Қазақстан Республикасына әкелуiне рұқсат беру;
Тармақша 7
7) осы заңда көзделген реттерде қаруды қайтарып алу жатады.
Бап 23. 23-бап. Қару жасаушылардың құқықтары мен мiндеттерi Қару жасаушылар:
23-бап. Қару жасаушылардың құқықтары мен мiндеттерi Қару жасаушылар:
Тармақша 1
1) жасалған қаруды сатудан заңда белгiленген тәртiппен кiрiс алуға;
Тармақша 2
2) берiлген лицензияға сәйкес қару жасауға;
Тармақша 3
3) жасалған қаруды тиiстi рұқсат (лицензия) бойынша сатуға;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен конструкторлық талдамалар мен жасалған қаруды сынақтан өткiзуге құқылы. Қару жасаушылар:
Тармақша 1
1) жасалған қаруды сынақтан өткiзуге және оның мемлекеттiк стандартқа сәйкес келуiн тексеруге;
Тармақша 2
2) жасалған қаруды таңба белгiлерiмен және есеп нөмiрлерiмен куәландыруға;
Тармақша 3
3) жасалған қару мен оқ-дәрi есебiн жүзеге асыруға;
Тармақша 4
4) жасалған қарудың, оның қосалқы бөлшектерi мен ұрыс оқ-дәрiсiнiң сақталуын қамтамасыз етуге мiндеттi.
Бап 24. 24-бап. Қару иелерiнiң құқықтары мен мiндеттерi
24-бап. Қару иелерiнiң құқықтары мен мiндеттерi Қару иелерi:
Тармақша 1
1) белгiленген тәртiппен сатып алынған қару мен ұрыс оқ-дәрiсiн меншiктенуге;
Тармақша 2
2) қаруды қайтарып алған немесе оны өз еркiмен тапсырған ретте қару құнының өтемiн алуға;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасы iшкi iстер министрлiгiнiң қалыпты құжаттарында белгiленген реттер мен тәртiп бойынша қаруды сатуға не уақытша пайдалануға беруге құқылы. Қару иелерi:
Тармақша 1
1) меншiгiндегi қаруды iшкi iстер органдарында тiркетуге және қайта тiркетуге;
Тармақша 2
2) қару мен оқ-дәрiнi тасымалдаудың белгiленген тәртiбiн сақтауға;
Тармақша 3
3) қару мен оқ-дәрiнiң сақталуын қамтамасыз етуге мiндеттi. Қару иеленушi заңды ұйымдар бақылауындағы объектiлердiң аумағына және қаруды сақтау органдарында iшкi iстер органдары қызметкерлерiнiң бөгетсiз кiруiн қамтамасыз етуге, оларға танысу үшiн қажеттi құжаттаманы беруге мiндеттi. Қару иеленушi нақты адамдар iшкi iстер органдары қызметкерлерiнiң талап етуi бойынша қаруды ұстап бiлу ережелерiн сақтауға бақылау жасау мақсатымен өзiндегi қару мен оқ-дәрiнi тексеру үшiн көрсетуге мiндеттi.
Бап 25. 25-бап. Қаруды пайдаланушылардың құқықтары мен мiндеттерi
25-бап. Қаруды пайдаланушылардың құқықтары мен мiндеттерi Қаруды пайдаланушылар:
Тармақша 1
1) өздерiне берiлген құқыққа сәйкес қаруды алып жүруге және сақтауға;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген реттермен тәртiп бойынша қаруды пайдалануға құқылы. Қаруды пайдаланушылар:
Тармақша 1
1) қаруды нысаналы мақсатына сәйкес пайдалануға;
Тармақша 2
2) қару мен оқ-дәрiнi тасымалдаудың белгiленген тәртiбiн сақтауға;
Тармақша 3
3) пайдалануындағы қару мен оқ-дәрiнiң сақталуын қамтамасыз етуге мiндеттi. Қаруды пайдаланушы заңды ұйымдар бақылауындағы объектiлердiң аумағына және қаруды сақтау орындарына iшкi iстер органдары қызметкерлерiнiң бөгетсiз кiруiн қамтамасыз етуге, оларға қатысу үшiн қажеттi құжаттаманы беруге мiндеттi. Қаруды пайдаланушы нақты адамдар iшкi iстер органдары қызметкерлерiнiң талап етуi бойынша қаруды ұстай бiлу ережелерiн сақтауға бақылау жасау мақсатымен өзiндегi қару мен оқ-дәрiнi тексеру үшiн көрсетуге мiндеттi.
Бап 26. 26-бап. Қару жасаушылардың, қаруды иеленушiлер мен пайдаланушылардың құқықтарын қорғау
26-бап. Қару жасаушылардың, қаруды иеленушiлер мен пайдаланушылардың құқықтарын қорғау Қару жасаушылар, қаруды иеленушiлер мен пайдаланушылар құқықтарының бұзылғандығы туралы дауларды сот шешедi.