Вpеменное положение о техническом поpядке откpытия и ведения анонимных счетов в иностpанной валюте в банках Республики Казахстан Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасының банктерiнде шетелдiк валютадағы анонимдiк шоттар ашудың және жүргiзудiң техникалық тәртiбi туралы
Қазақстан Республикасының Ұлттық
Банкi Басқармасы Мәжiлiсiнiң
Х А Т Т А М А С Ы
Алматы қаласы
Тыңдалды:
Тармақ 1
1. "Қазақстан Республикасының Банктерiнде шетелдiк валютадағы
анонимдiк шоттар ашудың және жүргiзудiң техникалық тәртiбi туралы уақытша
ереженiң" жобасы.
Қаулы қабылдады:
Тармақ 1
1. "Қазақстан Республикасының банктерiнде шетелдiк валютадағы
анонимдiк шоттар ашудың және жүргiзудiң техникалық тәртiбi туралы уақытша
ереже" ескертулер мен толықтыруларды ескере отырып бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Осы уақытша ереже басқа да мүдделi мемлекеттiк органдармен
келiсiлгеннен кейiн жүзеге асырылсын.
Басқа 4. Қазақстан Республикасының банктерiнде
шетелдiк валютадағы анонимдiк шоттар ашудың
және жүргiзудiң техникалық тәртiбi туралы
Уақытша ереже
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкiнiң
Басқармасында бекiтiлген
1994 ж. 2 қыркүйек
Қазақстан Республикасының банктерiнде
шетелдiк валютадағы анонимдiк шоттар ашудың
және жүргiзудiң техникалық тәртiбi туралы
Уақытша ереже
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Жеке тұлғалар үшiн шетелдiк валютадағы анонимдiк шоттар енгiзу туралы" 01.02.94 ж. N 1537 Жарлығын жүзеге асыру және ақша салымдарының құпиялылығын қорғау және оларға қол сұғуға болмайтынына кепiлдiк беру, сондай-ақ Қазақстан Республикасына шетелдiк валюталарды тарту мақсатында осы "Қазақстан Республикасының банктерiнде шетелдiк валютадағы анонимдiк шоттар ашудың және жүргiзудiң техникалық тәртiбi туралы уақытша ереже" бекiтiледi.
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1.1
1.1. Шетелдiк валютадағы анонимдiк шот ашу дегенiмiз арнайы кодтық құрылымы бар жеке тұлғаның валюталық шоты. Анонимдiк шот (кодтың) ашық және жабық бөлiктерден тұрады. Код әрiптердiң немесе сандардың түрлi қисындарынан тұруы мүмкiн.
Тармақ 1.2
1.2. Анонимдiк шоттың иесi дегенiмiз Қазақстан Республикасының Бейрезидентi, банктен осындай шот ашқысы келетiн және одан тиiстi құжат алған жеке тұлға.
Бейрезиденттер - шетел азаматтары, азаматтығы жоқ тұлғалар, шетелде тұрақты мекен-жайы бар Қазақстан Республикасының азаматтары.
Тармақ 1.3
1.3. Жеке тұлғалар үшiн шетелдiк валютадағы анонимдiк шот, әрмен қарай "Банк" деп аталады, ұлттық банктен жеке тұлғалар үшiн шетелдiк валютадағы анонимдiк шот жүргiзу құқына лицензия алған өкiлеттi банктен ашылады.
Тармақ 1.4
1.4. Кез келген жеке тұлға - Қазақстан Республикасының Бейрезидентi анонимдiк шотты шетелдiк валютада аша алады.
Тармақ 1.5
1.5. Жеке тұлғалардың анонимдiк шотқа арналған шетелдiк валютасы оның шығу тегiнiң заңды екенiне құжат көрсетпестен-ақ қабылданады.
Тармақ 1.6
1.6. Анонимдiк шоттар ашудың нақты тәртiбiн, кодтың шартты белгiлер жүйесiн, анонимдiк шотқа қабылданатын шетелдiк валюталардың тiзбесiн, комиссиялық сыйақы мөлшерi өкiлеттi банктер өз бетiнше анықтайды.
Тармақ 1.7
1.7. Анонимдiк шоттарды ашу және жүргiзу бойынша барлық құжаттар, сондай-ақ соларға байланысты операциялар қатаң түрде құпия сипатта болады, осы шоттар бойынша ақпараттар алуға мүмкiндiктерi бар адамдардың тобы барынша шектелуi керек.
Тармақ 1.8
1.8. Банктер анонимдiк шоттар бойынша қаржылар қозғалысының есептемесi мен есебiнiң формасын толтыру үшiн Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң талабына сәйкес бухгалтерлiк есептiң жүргiзiлуiн көрсету үшiн жинақтамалы есеп жүргiзедi.
Жинақтамалы есепте барлық анонимдiк шоттар бойынша бiр ғана құрама дербес шот жүргiзiледi, ол шетелдiк валютаның әр түрi бойынша "Шетелдiк валютадағы анонимдiк шоттар" деген 151 баланстық шотпен жүзеге асырылады.
Банктер ай сайын осы ереженiң N 1 қосымшасында келтiрiлген форма бойынша анонимдiк шоттар жөнiнде қаржы министрлiгi мен ұлттық банкке мәлiметтер берiп отырады.
Қажеттiгiне қарай, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi анонимдiк шоттары жүргiзуге лицензия алған банктерден қосымша мәлiметтер сұрауы мүмкiн.
Тарау 2. 2. Анонимдiк шоттарды ашу тәртiбi және
операцияларды жүргiзудiң iс-шаралары
2. Анонимдiк шоттарды ашу тәртiбi және
операцияларды жүргiзудiң iс-шаралары
Тармақ 2.1
2.1. Салым иесi анонимдiк шот ашу үшiн қатаң есептегi "Шетелдiк валютадағы анонимдiк шотты ашуға өтiнiш" деген арнайы бланк толтырады, онда төмендегiдей мәлiметтер көрсетiледi: фамилиясы, аты, азаматтығы, жеке басын анықтайтын құжаттық мәлiметтер, толық мекен-жайы, қол қою үлгiсi, өз қалауы бойынша салым иесi өзi туралы қосымша мәлiметтер беруi мүмкiн, сондай-ақ егер өзi қайтыс болған жағдайда немесе басқа жағдайларда анонимдiк шоттағы қаржыларына меншiктену құқын бере алады. Банк клиенттiң Бейрезиденттiгiн анықтауға жауапты.
Анонимдiк шоттың ашылуы туралы өтiнiштiң тексiне өзгертулер мен толықтырулар енгiзетiн болса, онда бұл туралы шот иесi банк жетекшiлiгiн жазбаша түрде хабардар етедi.
Тармақ 2.2
2.2. Анонимдiк шот ашылғаннан кейiн белгiленген тәртiппен шот иесiне көрсетуге тиiс болса, шот нөмiрi, берiлген уақытында шот бойынша қаржы қозғалысы жазылған арнайы құжат берiледi. Анонимдiк шоттың (код) жабық бөлiгi жеке параққа жазылады, конвертке салынып, соңынан иесiне берiледi.
Тармақ 2.3
2.3. "Шетелдiк валютадағы анонимдiк шотты ашуға өтiнiш" деген әрбiр бланк толтырылғаннан кейiн жеке нөмiрленiп, банктiк конвертке салынады, бақылау белгiсi бар жолақ қағазбен желiмделедi, оған банктiң арнайы өкiлеттi лауазымды екi адамының қолы қойылады, мөр басылады, сөйтiп конверт банктiң арнайы сейфiнде сақталады. Шот иесi бақылау жолағына өз қолымен белгi соғады. Конверттiң нөмiрi мен дайындалған күнi "анонимдiк шоттарды тiркеу" деген жеке журналға жазылады және анонимдiк шот иесiне конверт нөмiрiнiң анонимдiк шотты тiркеу нөмiрiне сәйкестiгi туралы хабарлайды.
Өтiнiш толтырылғаннан кейiн банк клиентпен шарт жасасады, онда шотты жүргiзудiң және операцияларды аяқтаудың шарттары қарастырылады.
Тармақ 2.4
2.4. Анонимдiк шоттар бойынша операциялар жүргiзудiң iс-шараларын банк өзбетiнше талдап жасайды және анонимдiк шоттарды ашу мен жүргiзудiң iшкi тәртiбiне әсер етедi.
Тармақ 2.5
2.5. Көрсетушiге деген құжаттар немесе код жоғалған жағдайда салым иесi бұл туралы банк басшылығына тез арада жазбаша түрде хабарлауға мiндеттi.
Шот иесi көрсетушiге деген құжаттарды немесе кодты жоғалтып алған жағдайда, оны қайта қалпына келтiру қолда бар мәлiметтер мен шарттарды негiзге ала отырып, анонимдiк шоттар ашу және жүргiзу бойынша банктiң iшкi тәртiбiне сай талаптармен жүргiзiледi.
Көрсетушiге деген құжаттарды қайта қалпына келтiргенде, оның нөмерi бұрынғы құжаттың нөмiрінен басқа болуға тиiс, сондай-ақ бұл құжаттың нөмiрiнiң өзгергенi жөнiнде "Шетелдiк валютада анонимдiк шот ашу үшiн өтiнiш" деген ашық конверттегi бланкiге белгiленедi.
Тарау 3. 3. Анонимдiк шоттардың тәртiбi
3. Анонимдiк шоттардың тәртiбi
Тармақ 3.1
3.1. Анонимдiк шоттар бойынша операциялар жүргiзу өкiлеттi банк қабылдаған және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi бекiткен Қазақстан Республикасының заңдары мен нормативтi актiлерiнiң шеңберiндегi осы уақытша ережеге және жеке тұлғалар үшiн шетелдiк валютада анонимдiк шоттар ашу және жүргiзу тәртiбiне сәйкес жүргiзiледi.
Тармақ 3.2
3.2. Анонимдiк шоттар ағымдағы және мерзiмдi болуы мүмкiн, анонимдiк шот бойынша депозит мөлшерлемесiн, мерзiмiн және басқа шарттарды банктер өздерi белгiлейдi.
Тармақ 3.3
3.3. Анонимдiк шот ашылған кезде депозиттегi шетелдiк валютаның ең аз жарнасы АҚШ-тың 500 долларынан немесе басқа еркiн өтiмдi валютадағы соған сәйкес ақша баламасынан тұрады.
Анонимдiк шотқа салынатын алғашқы салым қолма-қол шетелдiк валютамен салынады.
Тармақ 3.4
3.4. Қолма-қол ақшамен жүргiзiлетiн операциялар анонимдiк шотқа қолма-қол түрде салынған ақша сомасы мөлшерiнде жүргiзiледi.
Тарау 4. 4. Ұлттық банктiң банктерге анонимдiк шоттарды
ашуға және жүргiзуге лицензия берудегi iс-шаралары
4. Ұлттық банктiң банктерге анонимдiк шоттарды
ашуға және жүргiзуге лицензия берудегi iс-шаралары
Тармақ 4.1
4.1. Анонимдiк шоттарды ашуға және жүргiзуге лицензия беру (әрмен қарай текст бойынша "лицензия") Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң айрықша құзыретiне жатады.
Ұлттық банк банктерге өтiнiшiн қарау үшiн және лицензия беру үшiн банктiк қадағалау департаментiнiң, бухгалтерлiк есеп және есептеме департаментiнiң, заң департаментiнiң, шетелдiк операциялар департаментi мен валюталық реттеу департаментiнiң қызметкерлерiнен 5 адамнан тұратын жұмысшы комиссиясын құрады. Лицензия берудiң мерзiмi немесе ол берiлмеген жағдайда себебiн көрсете отырып құжаттарды қарау мерзiмi - 30 күнге дейiн шешiлуi керек.
Комиссияның мақұлдаған шешiмiнiң хаттамасы барлық басқа құжаттармен бiрге банктерге лицензия берудi түпкiлiктi шешу үшiн Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң директоратына жiберiледi.
Тармақ 4.2
4.2. Лицензиялар Ұлттық Банктiң бас лицензиясын алған банктерге осы уақытша ереже талаптарына сәйкес шетелдiк валютада операциялар жүргiзу үшiн берiлуi мүмкiн.
Тармақ 4.3
4.3. Банктер лицензия алу үшiн Ұлттық банкке төмендегiдей құжаттар ұсынады:
- Ұлттық Банктiң төрағасының атына банкке лицензия беру туралы өтiнiш;
- анонимдiк шоттармен жұмыс iстейтiн банк қызметкерлерiн дайындау туралы мәлiметтер;
- Қазақстан Республикасының Бейрезиденттерi - Заңды тұлғалар үшiн осы уақытша ережеге және iс жүзiндегi банк заңдарына сәйкес (барлық қажеттi құжаттар үлгiлерiмен) банктiң талдап жасаған шетелдiк валютадағы анонимдiк шоттар ашу мен жүргiзу тәртiбi. Мұнда бухгалтерлiк есеп, валюта қаржысын сақтау, анонимдiк шот иесiнiң көрсетушiге деген құжаты мен коды жоғалған жағдайда оны қайта қалпына келтiру тәртiбi, анонимдiк шоттар бойынша операциялар жүргiзудiң iс-шаралары анонимдiк шоттарға деген талапта көрiнiс табуы керек. Осы тәртiп Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң бекiтуiне жатады;
- Ұлттық банк белгiлеген, экономикалық нормаларды сақтау туралы мәлiметтер;
- жеке тұлғаның - Бейрезиденттiң шетелдiк валютада шот жүргiзу бойынша банк жұмысының тәжiрибесi жөнiндегi анықтама.
Комиссия анонимдiк шоттар ашу мен жүргiзудiң ережесiне өзiнiң толықтырулары мен өзгертулерiн лицензия алу туралы өтiнiш еткен банкпен келiсе отырып енгiзе алады.
Тарау 5. 5. Анонимдiк шоттарды ашу мен жүргiзуде тәртiп
пен шаралардың бұзылуына жауапкершiлiк
5. Анонимдiк шоттарды ашу мен жүргiзуде тәртiп
пен шаралардың бұзылуына жауапкершiлiк
Банктер лицензия шарттарын, анонимдiк шоттарды ашу мен жүргiзу тәртiбiн бұзғаны үшiн, анонимдiк шоттар бойынша операциялардың тиiстi есебiнiң жасалмағандығы үшiн жауап бередi, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi мен қаржы министрлiгiне есеп құжаттары мен ақпараттарды
бермегенi немесе уақытында бермегенi үшiн республиканың iс жүзiндегi
заңдарына сәйкес банк операцияларын жүргiзуге берген лицензияларды
қайтарып алуға дейiн барады. Банк қызметкерлерi осы уақытша ереженi
бұзғаны үшiн iс жүзiндегi әкiмшiлiк және қылмыстық заң бойынша жауапқа
тартылады.
Басқа 30. Қазақстан Республикасының Бейрезиденттерiнiң шетелдiк
валютадағы анонимдiк шоттары бойынша мәлiметтерi
(Есеп беретiн айдың соңғы күнiнде берiлген деректер)
(Ай сайын)
N 1 қосымша
Келесi айдың 10-на дейiн
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлiгi
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкi
Қазақстан Республикасының Бейрезиденттерiнiң шетелдiк
валютадағы анонимдiк шоттары бойынша мәлiметтерi
(Есеп беретiн айдың соңғы күнiнде берiлген деректер)
Банк ___________________________________
Анонимдiк шоттар саны, барлығы: ___________________________________
(соның iшiнде 10 мың АҚШ
долларымен немесе басқа еркiн
өтiмдi валютаға тең ақшамен) ___________________________________
Салымдар сомасы
АҚШ доллары ___________________________________
Немiс маркасы ___________________________________
Басқа валюталар ___________________________________
Барлығы:
(Ұлттық банк белгiлеген
курс бойынша АҚШ долларымен)
___________________________________
Банк төрағасы қолы _____________
Бас бухгалтер қолы _____________
📌 Ескерту. Есеп беретiн айдың соңғы күнiндегi Ұлттық банк
белгiлеген курс