О натуpальных ноpмах pасходов на обмундиpование и питание студентов высших, учащихся сpедних специальных и пpофессионально-технических учебных заведений Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.06.2002. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жоғары, арнаулы орта және кәсiптiк-техникалық оқу орындарының студенттерi мен оқушыларын киiндiру және тамақтандыруға арналған шығындардың заттай мөлшерi туралы 📌 Ескерту. Күшi жойылды - ҚР Үкіметінің 2002 жылғы 17 маусымдағы N 665 қаулысымен. Оқушы жастарды әлеуметтiк қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
Тармақ 1
1. Жетiм балалардың және ата-анасының қамқорынсыз қалған балалардың (интернат мекемелерiнiң бұрынғы тәрбиеленушiлерi) арасынан шыққан жоғары, арнаулы орта және кәсiптiк-техникалық оқу орындарының студенттерi мен оқушылары толық мемлекеттiк қамсыздандыруға N 5, 6, 7 қосымшаларда бекiтiлген мөлшерлерде алынатын болып белгiленсiн.
Тармақ 2
2. Индустриалдық-педагогикалық техникумдарының оқушыларына киiм, аяқ киiм, iш киiм мен төсек бұйымдарын беру мөлшерi кию мерзiмдерi, тамақтанудың заттай мөлшерi N 1-4 қосымшаларға сәйкес бекiтiлсiн. 📌 Ескерту. 2-тармағына өзгерiстер енгiзiлген - ҚРМК-нiң 30.05.1994 ж. N 573 қаулысымен.
Тармақ 3
3. Қазақ қыздар педагогика институтының студенттерiне N 1 қосымшада бекiтiлген тамақтанудың заттай мөлшерi қолданылсын.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасының Сауда министрлiгi, "Қазжеңiлөнеркәсiп" концернi оқушыларға, студенттерге киiмдi, аяқ киiмдi, iш киiм мен төсек бұйымдарын әзiрлеп, жеткiзудi бекiтiлген нормативтерге сәйкес қамтамасыз етсiн.
Тармақ 5
5. Киiммен, аяқ киiммен, iш киiммен және тамақпен қамтамасыз етуге мүмкiндiк болмаған жағдайда, сондай-ақ студенттерге, оқушыларға аталған материалдық қамтамасыз ету орнына қолданып жүрген заңдармен белгiленген тәртiппен ақшадай төлем төлеген ретте Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгiне, облыстық бiлiм (кәсiптiк-техникалық) басқармаларына өз қарамағындағы мекемелерге ақшадай төлемнiң белгiленген нормативтерге сәйкес мөлшерiн анықтау хұқығы берiлсiн.
Тармақ 6
6. Аталған нормативтер 1992 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданылады деп белгiленсiн.
Тармақ 7
7. 1992 жылғы 1 қаңтардан бастап: Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң 1988 жылғы 10 шiлдедегi N 187 өкiмiнiң; Қазақстан Компартиясының Орталық Комитетi мен Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң 1987 жылғы 29 қыркүйектегi N 440 (Қазақ КСР ҚЖ, 1987 ж., N 24, 98-ст.) қаулысындағы тамаққа, киiмге, аяқ киiмге, жұмсақ және қатты мүкәммалға шығынның ақшадай мөлшерi жөнiндегi бөлiгiнiң күшi жойылған деп танылсын.
Басқа 8
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 28 тамыздағы N 720 қаулысына 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7 Қосымшалар 📌 Ескерту. N 1-4 қосымшалардың атауынан сөздер алынып тасталған - ҚРМК-нiң 30.05.1994 ж. N 573 қаулысымен.