О таpифах на пеpевозки гpузов, пассажиpов, багажа и гpузобагажа железнодоpожным тpанспоpтом Күшін жойған
Басқа 0
Жүктердi, жолаушыларды, багажды және жүк-багажды темiржол көлiгiмен тасымалдауға арналған тарифтер туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 17.03.2003 № 258 қаулысымен.
Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына мүше елдердiң темiржол көлiгiмен тасымалдаудағы бiрыңғай тарифтiк саясатын жүргiзу мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1994 жылғы 5 қаңтардан бастап мемлекетаралық қатынастағы жүк тасымалдауға арналып қолданылып жүрген тарифтерге шектi көтерiңкi коэффициент 1,16 /қосымша құн салығын есептемегенде/ болып;
1994 жылғы 15 қаңтардан бастап жолаушыларды, багажды және жүк-багажды тасымалдауға /қала маңындағы қатынастан басқасы/ арналып қолданылып жүрген тарифтерге шектi көтерiңкi коэффициент 2,5 /қосымша құн салығын есептегенде/ болып белгiленсiн.