Поpядок поступления сpедств, полученных от пpиватизации госудаpственной собственности (кpоме госудаpственных сельскохозяйственных пpедпpиятий) Күшін жойған
Басқа 0
Мемлекеттiк меншiктi /мемлекеттiк ауылшаруашылық кәсiпорындарынан басқаларын/ жекешелендiруден алынған қаржының келiп түсуi мен бөлiнуiнiң ТӘРТIБI
📌 Ескерту. Қолданылуы тоқтатылды - ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 9 ақпандағы N 124 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Қазақстан Қазақстан
Мемлекеттiк мүлiк Республикасының Республикасының
жөнiндегi мемлекеттiк Қаржы Ұлттық
комитетi министрлiгi Банкi
N 9/1352 N Ф-9-1/3778 N 24016/91
1993 ж. 9 шiлде 1993 ж. 12 шiлде 1993 ж. 16 шiлде
Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының
Экономика министрлiгi Әдiлет министрлiгi
N____________ N 5/4-1504
1993 ж." "__________ 1993 ж. 12 шiлде
Тармақ i
Тарау i. I. Жалпы ереже
I. Жалпы ереже
Осы тәртiп Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Мемлекеттiк меншiктi /мемлекеттiк ауылшаруашылық кәсiпорындарынан басқаларын/ жекешелендiруден алынған қаржының келiп түсуi мен бөлiнуiнiң тәртiбi туралы" 1993 жылғы 22 маусымдағы N 1275 қаулысын жүзеге асыру мақсатында әзiрлендi.
Тармақ ii
Тарау ii. II. Қаржының келiп түсуiнiң тәртiбi
II. Қаржының келiп түсуiнiң тәртiбi
Тармақ 1
1. Мемлекеттiк меншiктi жекешелендiруден алынған ақша қаражаты толық көлемiнде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң облыстық басқармаларында Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң N 609 баланс шотының арнаулы қосымша шоттарына жазылып, аумақтық комитеттерге құжаттар тапсырылады.
Тармақ 2
2. Шағын жекешелендiру шеңберiнде аукцион және конкурс арқылы сатудан түскен ақша қаражаты мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi аумақтық комитеттердiң "Тапсырмалар бойынша сомалар" деген ағымдағы қосымша шотына жазылып, жекешелендiрiлген объектiлердiң қарызы өтелгеннен кейiн N 609 баланс шотының арнаулы қосымша шотына аударылады.
Тармақ 3
3. 1991-1992 жылдарда жекешелендiрiлген мемлекеттiк объектiлер үшiн ақша қаражатының келiп түсуiнiң бұрын белгiленген тәртiбi сақталды.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң облыстық басқармалары әр айдың 23-iнде арнаулы қосымша шоттардан Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне МФО 190501109, Алматы қаласының Бас Есеп айырысу-Касса орталығында ашылған 609504 арнаулы қосымша шотқа қаржы аударады.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi жекешелендiруден түскен қаржыны әр тоқсан сайын жаңа тоқсандағы бiрiншi айдың 5-iнде, ал төртiншi тоқсанда ағымдағы жылдың 25 желтоқсанынан кешiктiрмей 609504 арнаулы қосымша шоттан республикалық бюджеттiң кiрiсiне Ұлттық банк есебiнiң символы "Мемлекеттiк меншiктi сатып алудан, акционерлендiруден және өткiзуден түскен қаржы" деген 23 тарауға аударылады.
Тармақ 6
6. Осы тәртiп қол қойылған сәтiнен бастап күшiне енедi.
Меммүлiкком Қаржы Ұлттықбанк
Төрағасының министрiнiң басқармасы
Бiрiншi орынбасары Бiрiншi орынбасары Бiрiншi орынбасары
Экономика министрiнiң Әдiлет министрiнiң
Бiрiншi орынбасары Бiрiншi орынбасары
Қазақстан Республикасының Қазақстан Қазақстан
Мемлекеттiк мүлiк Республикасының Республикасының
жөнiндегi мемлекеттiк Қаржы Ұлттық
комитетi министрлiгi банкi
N 9/2838 N Ф-20/5692 N 174
"26" 07 1994 ж. "05" 09 1994 ж. "29" 08 1994 ж.
"Мемлекеттiк меншiктi/мемлекеттiк ауылшаруашылық
кәсiпорындарынан басқаларын/ жекешелендiруден алынған
қаржының келiп түсуi мен бөлiнуiнiң тәртiбiне"
өзгерiстер енгiзу туралы
Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң, Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң және Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң 1993 жылғы 9, 12 және 16 шiлдедегi N 9/1352, Ф-9-1/3778, 240016/91, 5/4-1504 хатына - "Мемлекеттiк меншiктi /мемлекеттiк ауылшаруашылық кәсiпорындарынан басқаларын/ жекешелендiруден алынған қаржының келiп түсуi мен бөлiнуiнiң тәртiбiне" мынадай өзгерiстер енгiзiледi:
Тармақ 1
1. 4-тармақта "әр айдың 23-де" деген сөздер "он күн сайын /1,11,21-лерiнде/" деген сөздермен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. 5 - тармақта "тоқсан сайын" деген сөздер "ай сайын" деген сөздермен ауыстырылсын.
Осы өзгерiстер қол қойылған және жергiлiктi жерлерде алынған сәтiнен бастап күшiне енедi.
Меммүлiкком Қаржы министрiнiң Ұлттықбанк
Төрағасының бiрiншi орынбасары Төрағасының
Бiрiншi орынбасары Бiрiншi орынбасары