О таpифах на пеpевозки гpузов и пассажиpов железнодоpожным тpанспоpтом Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.03.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Темiржол көлiгiмен жүк және жолаушы тасымалдауға арналған тарифтер туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 17.03.2003 № 258 қаулысымен. Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң темiржол көлiгiмен жүк және жолаушы тасымалдаудағы бiрыңғай тарифтiк саясатын жүргiзу мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: Қазақстан Республикасы Көлiк министрлiгiнiң Қазақстан Республикасы Экономика министрлiгiнiң жанындағы Баға комитетiмен және Қаржы министрлiгiмен келiсiлген: 1993 жылғы 11 қыркүйек айынан бастап тарифтi көтерудiң шектi коэффициентiн (қосымша құн салығынсыз) жүктердi мемлекетаралық қатынаста тасымалдаудың қолданылып жүрген тариф деңгейiне 1,28 есе; 1993 жылғы 15 қыркүйектен бастап жолаушыларды, жүктi және почтаны темiржол көлiгiмен тасымалдаудың (қала маңындағы қатынастан басқасы) шектi коэффициентiн қолданылып жүрген тариф деңгейiне 2,5 етiп белгiлеу туралы ұсынысы қабылдансын.