Об утвеpждении Вpеменного положения о поpядке пpоведения лесных тоpгов (аукционов) в Республике Казахстан Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.01.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасында ағаш саудаласуын (аукциондар) өткізу тәртібі туралы уақытша ережені бекіту туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 13.01.2004 № 32 қаулысымен. "Қазақстан Республикасының Орман кодексiн күшiне енгiзу тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң 1993 жылғы 23 қаңтардағы N 1925-XII қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: Қазақстан Республикасында Ағаш саудаласуын (аукциондар) өткiзу тәртiбi туралы Уақытша ереже бекiтiлсiн (қоса берiлiп отыр).
Басқа 1. Қазақстан Республикасында ағаш саудаласуын (аукциондар) өткiзу тәртiбi туралы УАҚЫТША ЕРЕЖЕ
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 18 ақпандағы N 199 қаулысымен Бекiтiлген Қазақстан Республикасында ағаш саудаласуын (аукциондар) өткiзу тәртiбi туралы УАҚЫТША ЕРЕЖЕ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Тармақ 1
1. Өсiп тұрған сүректердi саудаласу арқылы сату орман шаруашылығын ұтымды жүргiзудi экономикалық ынталандыру, өсiп тұрғанда босатылатын сүректiң нарықтық бағасын қалыптастырудың маңызды құралы болып табылады және орман пайдалануда нарықтық қатынастарды жандандыру мақсатында енгiзiледi.
Тармақ 2
2. Ағаш саудасын (аукциондарды) өткiзу тәртiбi туралы Уақытша ереже, бұдан былай Ереже, өсiп тұрған сүректi, сол сияқты қурап тұрған, жел сұлатқан, дауыл омырған және басқа осындай сүректi сату тәртiбiн реттейдi.
Тармақ 3
3. Өсiп тұрған сүрек саудасы (аукционы) - бұл өсiп тұрған сүректiң ашық саудасы, мұндай жағдайда оны ұйымдастырушылар неғұрлым жоғары баға ұсынған заңды немесе жеке тұлғалар сатып алатын болуы үшiн тиiстi хабарландырулар жолымен сүрек сатып алушыларды бәсекелестiк сайысқа қатысуға тартады.
Тармақ 4
4. 4-тармақ алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2003.04.14. N 358 қаулысымен .
Тармақ 5
5. Саудаласу арқылы (аукционда) сату үшiн қойылатын, өсiп тұрған сүректiң көлемiн орман қоры учаскелерiнiң иелерi ағаш дайындаушылар, орман топтары, шаруашылықтар бойынша ағаш кесу қоры лимитiн орналастырумен бiр мезгiлде анықтайды және облыстық атқарушы өкiмет органдарының келiсiмi бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттiк орман шаруашылығын басқару органы бекiтедi.
Тармақ 6. САУДАЛАСУДЫ (АУКЦИОНДАРДЫ) ҰЙЫМДАСТЫРУ
6. Саудаласу арқылы (аукциондарда) сүректердi сатып алушылар болып заңды ұйымдар және қажеттi техникасы мен жабдығы бар жеке тұлғалар қатысуы мүмкiн. Сатып алушы аукционға жеке өзi немесе сенiмхат бойынша өзiнiң өкiлi арқылы қатысады. 📌 Ескерту. 6-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.04.14. N 358 қаулысымен . САУДАЛАСУДЫ (АУКЦИОНДАРДЫ) ҰЙЫМДАСТЫРУ
Тармақ 7
7. Саудаласуды (аукционды) облыстық атқарушы өкiмет органы облыстық орман шаруашылығын басқару органымен бiрлесе отырып ұйымдастырады және өткiзедi. Бұл үшiн Сауда комиссиясы құрылады, оның құрамына облыстық атқарушы өкiмет органының, облыстық орман шаруашылығын басқару органының мемлекеттiк салық инспекциясының, сүректi сатушы орман қоры учаскелерi иелерiнiң өкiлдерi, хаттамашы, заң кеңесшiсi, бухгалтер және басқа мүшелерi енгiзiлуге тиiс. Сауда комиссиясының төрағасы болып облыстық атқарушы өкiмет органының өкiлi тағайындалады. 📌 Ескерту. 7-тармақтың 2-абзацы алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2003.04.14. N 358 қаулысымен .
Тармақ 8
8. Саудаласудың (аукциондардың) маңызына қарай олар ауызша жарысу (ауызша саудаласу) түрiнде немесе конвертке салып, желiмдеп ұсынған жазбаша сұранымды (жабық саудаласу) қарастыру жолымен немесе екi тәсiлдi қоса отырып (бiрлескен саудаласу) өткiзiледi. Бiрлескен саудаласу басымырақ тағайындалады. Өсiп тұрған сүректi аса iрi көлемде сатқан кезде жабық саудаласу тағайындалады. Саудаласуды өткiзу тәсiлiн Сауда комиссиясы белгiлейдi. 📌 Ескерту. 8-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.04.14. N 358 қаулысымен .
Тармақ 9
9. Саудаласу (аукцион) бүкiл жыл бойы алармандар үшiн анағұрлым қолайлы мерзiмде тағайындалады. Әр түрлi жерде белгiленген саудаласуды (аукциондарды) өткiзу мерзiмi аларманның әрбiр жекелеген саудаласуға (аукционға) қатысуына мүмкiндiгi болатындай есеппен анықталады.
Тармақ 10
10. Сүректi сатушы Сауда комиссиясымен "сауда келiсiмiн" (1-қосымша) жасасады. Сауда келiсiмiнiң құрамды бiр бөлiгi саудаласуды өсiп тұрған сүректi сатуға арналған "өтiнiм" (2-қосымша) болып табылады, оны сатушы толтырады. Әрбiр сауда бiрлiгiне өтiнiм жеке-жеке жасалады және онда аталған тауар түрi жөнiнде барлық негiзгi мәлiметтер: тұрған жерi (орман иесі, орманшылық, орамы, бөлiнген тiлкем, оның нөмiрi), ормандар тобы, қорғаныштық санаты, көлiк жолының бар-жоғы тұқымы бойынша сүректiң саны және оның тауарлық құрылымы, кесу тәсiлi, дайындау және тасып әкету мерзiмi, өсiп тұрған сүректiң алғашқы (сөрелiк) құны, ақы төлеу шарты, орманды қалпына келтiру тәсiлi мен мерзiмi, ағаш кесiлетiн жердi (тiлкемдi) игерудiң технологиялық қартасы, неғұрлым пайдалы мәмiленi жүзеге асыруға себепшi болатын және осы сауда бiрлiгi жайында аларманның неғұрлым толық хабардар болуы үшiн қажеттi басқа да ақпарат көрсетiлуi қажет. (Сауда бiрлiгi - бiрыңғай тұтастық түрiнде саудаласуға қойылған өсiп тұрған сүректiң текше метр есебiндегi көлемi. Ол ағаш кесу учаскесiнiң кесiлуге жататын ағаштарын немесе оның бiр бөлiгiн, ағаштар тобын, оның жекелеген бөлiгiн бiлдiредi). 📌 Ескерту. 10-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.04.14. N 358 қаулысымен .
Тармақ 11
11. Сауда комиссия сүректi сатуға арналған (сауда келiсiмiне қосымшалар) өтiнiм негiзiнде каталог жасайды, онда барлық сауда бiрлiгi жөнiндегi толық мәлiмет, сондай-ақ алармандардың, сатушы ұйымдардың шоттарына кепiлдiк салуына мүмкiндiгi болуы үшiн олардың есеп айырысу шоттары мен атаулары көрсетiледi.
Тармақ 12
12. Сауда комиссиясы саудаласуды өткiзу мерзiмi мен орны жайында бұқаралық ақпарат құралдарында, арнаулы анықтамалық басылымдарда хабарландыру бередi. Хабардар ету нысандары мен құралдарын таңдау өсiп тұрған сатылатын сүректiң көлемi мен сапасына және саудаласу тәсiлiне қарай жүргiзiледi.
Тармақ 13
13. Саудаласуды өткiзу мерзiмiн хабарлау саудаласудың маңыздылығына қарай оның басталуынан бiр-алты ай бұрын жасалуға тиiс.
Тармақ 14
14. Хабарландыруда саудаласудың орны, мерзiмi, тәсiлi, оған кiмнiң жiберiлетiнi, өсiп тұрған сүректiң сатуға қойылатын әрбiр тобының көлемi мен бастапқы құны және барлық сауда бiрлiгi, сондай-ақ сатудың шарттары туралы егжей-тегжейлi мәлiметтi қайдан алуға болатыны, өсiп тұрған сатылатын сүректi байқап көру үшiн кiмге жолығу керектiгi, табиғи күйдегi тiлкемдi байқап көру тәртiбi және оның құны көрсетiледi. Сонымен қатар жабық конвертте хатталған өтiнiм бойынша сауда жүргiзетiн кезде хабарландыруда оны саудаласуға қатысуға тiлек бiлдiрушi алармандардың беретiн мерзiмi де көрсетiледi.
Тармақ 15
15. Өсiп тұрған сүректiң бастапқы бағасы өзiне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекiтiлген өсiп тұрған күйiнде босатылатын сүрек үшiн төлемнiң қолданыстағы базалық ставкаларын және сауда шығындарын қамтиды. 📌 Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2003.04.14. N 358 қаулысымен .
Тармақ 16
16. Сауда комиссиясы әрбiр сауда бiрлiгi бойынша бастапқы ақшалай жарнаны (кепiлдiктi) жеке-жеке белгiлей алады, бұл кейiн сатып алынған тауар бағасына қосылады немесе ешнәрсе сатып алмаған қатысушыларға қайтарылады. Аукционда саудаласуға тiлек бiлдiрген аларман таңдап алған барлық сауда бiрлiгi бойынша сатушының есеп айырысу шотына кепiлдiк сома өткiзуге мiндеттi. 📌 Ескерту. 16-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.04.14. N 358 қаулысымен .
Тармақ 17
17. Сатушы саудаласу алдында алармандардың қалауы бойынша ағаш кесiлетiн жердi (тiлкемдi) байқап көрудi ұйымдастырады.
Тармақ 18
18. Жабық конвертте хатталған өтiнiм беру жолымен саудаласуға тiлек бiлдiрушiнiң тiкелей өзi немесе басқа кiсi немесе почта арқылы өзiнiң өтiнiмiн Сауда комиссиясына жолдай отырып, конверт сыртына "Мынадай күнге белгiленген өсiп тұрған сүректi саудаласуға өтiнiм" деп жазуы керек. Өтiнiм саудаласу жайындағы хабарландыруда көрсетiлген мерзiмнен кешiктiрiлмей табыс етiлуге тиiс және онда:
Тармақша а
а) өсiп тұрған сүректi хабарландырылған сату шарттары негiзiнде сатып алуға келiсетiнi, нендей бiр түзетусiз жазбаша түрде белгiленген әрбiр сауда бiрлiгiнiң ұсынылатын бағасы;
Тармақша б
б) өтiнiм берген заңды тұлғаның деректемесi, сондай-ақ фамилиясы, аты, әкесiнiң аты және осы тұлғаның уәкiлдiк берген жекелеген өтiнiмшiлердiң мекен-жайы;
Тармақша в
в) кепiлдiктi төлегенi туралы төлемдiк тапсырманың көшiрмесi болуға тиiс.
Тармақ 19
19. Сауда комиссиясына келiп түсетiн барлық жабық өтiнiмдерге тiркелген нөмiрi берiлiп, сол бойынша осы жабық өтiнiм саудаласуға қатысады.
Тармақ 20
20. Сауда комиссиясы саудаласуға (аукционға) қатысушыларға билет береді, билеттiң нөмiрi саудаласуға (аукционға) қатысушының нөмiрi болып табылады. Саудаласуға қатысушыларға билет кепiлдiк ақы төленгенi туралы төлемдiк тапсырма көрсетiлгеннен кейiн берiледi, бұған қоса заңды тұлғаның уәкiлдiк берген сенiмхатты табыс етуге тиiс. 📌 Ескерту. 20-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.04.14. N 358 қаулысымен .
Тармақ 21. САУДАЛАСУДЫ (АУКЦИОНДЫ) ЖҮРГIЗУ ТӘРТIБIНЕ ҚОЙЫЛАТЫН ЖАЛПЫ ТАЛАПТАР
21. Кепiлдiк ақының төленгенi туралы ақпарат Кепiлдiк туралы ведомоске (3-қосымша) жазылып, қатысушылар қол қояды. САУДАЛАСУДЫ (АУКЦИОНДЫ) ЖҮРГIЗУ ТӘРТIБIНЕ ҚОЙЫЛАТЫН ЖАЛПЫ ТАЛАПТАР
Тармақ 22
22. Сауда комиссиясы саудаласуды (аукционды) жүргiзедi және олардың операциясын ресiмдейдi.
Тармақ 23
23. Саудаласуды (аукционды) жүргiзу кезiнде "Сауда комиссиясының саудаласуды жүргiзгенi туралы есебi" (7-қосымша) жасалады, онда саудаласу кезiнде орын алған нендей бiр жағдай жөнiнде қабылданған барлық шешiм көрсетiледi және "Сауда парағы" (4-қосымша) толтырылады.
Тармақ 24
24. Саудаласу мүмкiндiгiнше оның аяқталатын мерзiмiне дейiн үзiлiссiз жүргiзiлуге тиiс. Үзiлiс қажет болған жағдайда, Сауда комиссиясының төрағасы бұл жөнiнде сауданы қайта жалғастыру мерзiмiн белгiлей отырып, барлық қатысушыларға хабарлайды, саудаласу жүргiзiлгенi жайындағы есепке жазба түсiрiледi. Саудаласуды жабық конверттегi өтiнiмдер бойынша жүргiзу кезiнде саудаласуға жасалған үзiлiс уақытында өтiнiмдер ортақ конвертке салынып, Сауда комиссиясы төрағасының мөрi басылып, хатталады.
Тармақ 25
25. Сауда комиссиясының төрағасы саудаласуды (аукционды), ашып, оны жүргiзу шарттарын (саудаласуды жүргiзудiң осы Ережелерiнiң 27-42-тармақтарында жазылған тәртiбiн) оқып бередi және саудаласуға ниет бiлдiрушiлердiң бәрiне шарттар жазылған қағаздың бiр данасына қолдарын қоюды ұсынады, сондай-ақ қанша жабық өтiнiм түскенiн хабарлайды. Саудаласушылардың жазбаша жабық өтiнiмдерi ауызша саудаласу аяқталғанға дейiн ашылмай көрнектi жерде қойылып тұруға тиiс.
Тармақ 26. АУЫЗША САУДАЛАСУДЫ ЖҮРГIЗУ ТӘРТIБI
26. Конвертке салынған өтiнiмдердiң бар-жоғына қарамастан, егер саудаласуға тiлек бiлдiрушiлер екi адамнан кем болмаса, саудаласу белгiленген уақытта ашылады. Егер сүректi сатып алушылардың жоғарыда көрсетiлген саны аталған мерзiмнен бұрын келмесе, онда Сауда комиссиясы өз iс-әрекетiн екi сағат бойы бастамай күте тұрады. Осы уақыт өткен соң саудаласу оған ниет бiлдiрушiлердiң қанша адам болғанына қарамастан, бiрақ жабық жазбаша өтiнiмдердi қосқанда екеуден кем болмаса, жүргiзiле бередi. Көрсетiлген уақытта саудаласуға ешкiм келмеген жағдайда, Сауда комиссиясы жабық өтiнiмдердi ашуға кiрiседi, егер ондай өтiнiмдер бар болса, ал бұған керiсiнше болған жағдайда, саудаласу өткiзiлмедi деп саналып, ол жөнiнде саудаласуды жүргiзу туралы есепте көрсетiледi. АУЫЗША САУДАЛАСУДЫ ЖҮРГIЗУ ТӘРТIБI
Тармақ 27
27. Ауызша саудаласу әрбiр сауда бiрлiгi бойынша каталогтегi нөмiрiне қарай жеке-жеке жүргiзiледi. Каталогте көрсетiлмеген сауда бiрлiгiн саудаласуға ұсынуға жол берiлмейдi. Саудаласуға ұсынылған сауда бiрлiктерiн шығарып тастауды орман қоры учаскелерi иелерiнiң ұсынысы бойынша Сауда комиссиялары сауда күнi ағаш кесуге арналған жерге өрттен, желден, тағы басқа себептерден зиян келтiрiлуi салдарынан сауда бiрлiгiн қайта бағалау қажет болған, сондай-ақ оларды табиғи зiлзаланың зардабын жою үшiн пайдалану қажет болған жағдайда жүргiзуi мүмкiн. Сатушының немесе оның уәкiлдiк берген өкiлiнiң жазбаша мәлiмдемесi бойынша саудаласуға ұсынылған кез-келген сауда бiрлiгi бәсеке болмаған ретте саудаласудан алынып тасталады.
Тармақ 28
28. Сауда комиссиясының төрағасы каталог бойынша сауда бiрлiгiнiң (лотта) сатылатын нөмiрiн хабарлайды, қысқаша сипаттама бередi, бастапқы бағасы мен оны өсiру аралығын жариялайды. Он бөлiкке дейiн ықшамдағанда бұл аралық бастапқы бағаның бiр процентiнен кем болмауға тиiс.
Тармақ 29
29. Аларман өз бағасын ұсына отырып, билетiн (қатысушы нөмiрiн) көтерiп, оны Сауда комиссиясы төрағасы тұрған жаққа қарай бұра көрсетiп, өзi ұсынатын бағаны дауыстап жариялауға тиiс.
Тармақ 30
30. Сауда комиссиясының төрағасы әрбiр ұсынылған бағаны қайталап, оны балғаның соғылған дабылымен құптап отырады. Ұсынылған баға үш мәрте қайталанады, егер алармандардың бiрде-бiреуi жоғары баға ұсынбаса, онда осы сауда бiрлiгi бойынша ауызша саудаласудың аяқталғаны жарияланады. Ұсынылған ең жоғары баға және оны ұсынған қатысушының нөмiрi сауда парағына жазылады.
Тармақ 31. БIРЛЕСКЕН САУДАЛАСУДЫ ЖӘНЕ САУДАЛАСУДЫ КIЛЕҢ КОНВЕРТТЕГI ӨТIНIМДЕР БОЙЫНША ЖҮРГIЗУ ТӘРТIБI
31. Соңғы үстеменi жариялап, аларман өзi ұсынған бағасына әлгi сауда бiрлiгiн оған қалдыруға келiсетiнi жайында сауда парағына қолын қояды. Бұдан кейiн Сауда комиссиясының төрағасы келесi сауда бiрлiгiн саудалауға кiрiседi. БIРЛЕСКЕН САУДАЛАСУДЫ ЖӘНЕ САУДАЛАСУДЫ КIЛЕҢ КОНВЕРТТЕГI ӨТIНIМДЕР БОЙЫНША ЖҮРГIЗУ ТӘРТIБI
Тармақ 32
32. Бiрлескен саудаласуды - ауызша жарыс пен конверттегi өтiнiм бойынша саудаласуды жүргiзген жағдайда әуелi 27-31-тармақтарға сәйкес ауызша саудаласу өткiзiледi, ал ауызша саудаласу аяқталған соң, бiрақ, келiп түскен жазбаша өтiнiмдердi ашуға дейiн, төраға қатысушылардың қалауына орай "өзiне арнап" одан әрi үстеме жасауын ұсынады, бұл жайында сауда парағына тиiстi сауда бiрлiгiнiң тұсына жазып қойылады.
Тармақ 33
33. Ауызша саудаласу және "өзiне арнап" үстеме жасау аяқталған соң, төраға ауызша саудаласу аяқталғанын жариялайды, сонан кейiн Сауда комиссиясы барлық саудаласушылардың көз алдында конверттегi өтiнiмдердi ашуға кiрiседi. Әрбiр ашылған өтiнiм хабарланады және онда жасалған ұсыныс тиiстi сауда бiрлiгi бойынша, конверттегi өтiнiмнiң тiркелген нөмiрi және ұсынылған баға көрсетiлiп сауда парағына жазылады.
Тармақ 34
34. Белгiлi бiр сауда бiрлiгiне ауызша және жазбаша ұсынылған баға тепе-тең болған жағдайда, артықшылық ауызша саудаласқан кiсiге берiледi. Белгiлi бiр сауда бiрлiгiне бiрнеше жабық өтiнiм берушiлер ұсынған бағалар тепе-тең болған ретте, егер ондай адамдардың бәрi саудаласуға қатысып отырса, ауызша жарыс өткiзiледi; ал ендi бiр ғана адам қатыспаған жағдайда, мәселенi Сауда комиссиясы жеребе тартқызу арқылы шешедi, бұл хаттамада көрсетiледi.
Тармақ 35
35. Саудаласу бiрнеше орман иелерi бойынша өткiзiлген жағдайда саудаласу нәтижелерi туралы ведомостер әрбiр шаруашылық бойынша жеке-жеке жасалады. 📌 Ескерту. 35-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.04.14. N 358 қаулысымен .
Тармақ 36. САУДАЛАСУДЫҢ (САУДА ӨНДIРIСI) НӘТИЖЕЛЕРI ЖӨНIНДЕГI ҚҰЖАТТАМАНЫ РЕСIМДЕУ
36. Кiлең жабық конверттегi өтiнiмдер бойынша саудаласу өтiнiм берушiлердiң қатысуынсыз сырттан өткiзiледi. Егер Сауда комиссиясы нендей бiр өтiнiмдi жарамсыз деп танитын болса, онда сол өтiнiмде жасалған ұсыныс сауда парағына жазылмайды, ал саудаласу жүргiзiлгенi туралы хаттамада жарамсыз деп танылған өтiнiмiң дәлелi көрсетiледi. САУДАЛАСУДЫҢ (САУДА ӨНДIРIСI) НӘТИЖЕЛЕРI ЖӨНIНДЕГI ҚҰЖАТТАМАНЫ РЕСIМДЕУ
Тармақ 37
37. Саудаласудың түпкi нәтижелерi "Саудаласудың нәтижелерi туралы ведомостен" (5-қосымша) жазылады, ол саудаласудың жасалғаны туралы хаттаманың ажырамас бөлiгi болып табылады.
Тармақ 38
38. Саудаласу аяқталған соң кепiлдiк ведомосiне, сауда парағына саудаласу өткiзiлгенi туралы хаттамаға және саудаласу нәтижелерi туралы ведомоске Сауда комиссиясының барлық мүшелерi қолдарын қояды, оны Төраға бекiтедi. Төраға саудаласудың түпкiлiктi нәтижелерi туралы хабарлама жасайды.
Тармақ 39
39. Сауда комиссиясы жасайтын құжаттардағы жазу тек қана сиямен немесе шариктi қаламмен жазылады.
Тармақ 40
40. Сауда жасау қағазына мыналар қоса тiркелуге тиiс:
Тармақша а
а) саудаласу туралы жарияланымдардың бiр данасы;
Тармақша ә
ә) өсiп тұрған сүректi сатудың шарттары жазылған қағаздың саудаласуға тiлек бiлдiрген адамдардың қолхаты бар бiр данасы;
Тармақша б
б) табыс етiлген сенiмхаттар;
Тармақша в
в) жазбаша өтiнiмдер салынған конверттер;
Тармақша г
г) каталогтың бiр данасы;
Тармақша д
д) кепiлдiк сомасы төленгенi туралы құжаттар. Бүкiл сауда жасау қағаздары нөмiрленген, тiгiлген және Сауда комиссиясы төрағасының мөрi басылған болуға тиiс.
Тармақ 41
41. Саудаласу нәтижелерi жарияланғаннан кейiн жеңiмпаздар 15 күн iшiнде сүректiң саудаласу арқылы сатылғаны-сатып алынғаны жөнiнде сүректi сатушымен (сатушы атынан шартты Сауда комиссиясы ресiмдейдi) Шартты ресiмдейдi (6-қосымша). Шарт Сауда комиссиясына, сатушыға және аларманға арналып 3 дана етiп жасалады.
Тармақ 42. САУДАЛАСУДА (АУКЦИОНДА) ЕСЕП АЙЫРЫСУ ЖӘНЕ ОПЕРАЦИЯЛАРДЫ РЕСIМДЕУ
42. Саудаласудың нәтижелерi туралы есептi Сауда комиссиясы облыстық атқарушы өкiметтiң органына және Қазақстан Республикасының мемлекеттiк орман шаруашылығын басқару органына тапсырады. САУДАЛАСУДА (АУКЦИОНДА) ЕСЕП АЙЫРЫСУ ЖӘНЕ ОПЕРАЦИЯЛАРДЫ РЕСIМДЕУ
Тармақ 43
43. Саудаласуда өсiп тұрған сүректi сатып алғаны үшiн есеп айырысу нысаны сауда бiрлiгiн (лотта) жариялау кезiнде көрсетiледi.
Тармақ 44
44. Сүректi саудаласуда сатудан алынған толық құны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жергiлiкті бюджеттiң кiрiсiне аударылады. 📌 ЕСКЕРТУ. 44-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.06.07. N 708 қаулысымен. Ескерту. 44-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2003.04.14. N 358 қаулысымен .
Тармақ 45
45. Шарт ресiмделгеннен кейiн 10 күннен кешiктiрмей аларман осы Ереженiң 44-тармағына сәйкес ақшаны сатушының шотына аударып, өсiп тұрған сүректi сатушыға өтiнiш жасайды, ол оған ағаш кесу билетiн бередi. Ағаш кесу билетiн жазып беру кезiнде сатушы аларманды өсiп тұрған сүректi босату ережесiмен, өрт қауiпсiздiгi ережелерiмен және ағаш кесу ережелерiмен таныстырады. Осыдан соң аларман солармен танысқаны жөнiнде қол қояды. Ағаш кесу билетiмен бiрге сатылған ағаш кесiлетiн жердi игерудiң технологиялық қартасы берiледi. Егер 10 күн iшiнде ұсынылған шот төленбесе, онда саудаласу нәтижесiнiң күшi болмайды, ал қатысушының өсiп тұрған сүректi саудаласуға жыл бойы қатысуға құқығы болмайды. Мұндай жағдайда оған бастапқы ақшалай жарна (кепiлдiк) қайтарылмайды, жергiлiктi бюджеттiң кiрiсiне есептеледi. 📌 ЕСКЕРТУ. 45-тармақ сөздермен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 1999.06.07. N 708 қаулысымен . Ескерту. 45-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.04.14. N 358 қаулысымен .
Тармақ 46. ТАРАПТАРДЫҢ ЖАУАПКЕРШIЛIГI
46. 46-тармақ алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2003.04.14. N 358 қаулысымен . ТАРАПТАРДЫҢ ЖАУАПКЕРШIЛIГI
Тармақ 47
47. Сүректi сатушының, аларманның және Сауда комиссиясының бiр-бiрiне шағымы Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген тәртiп бойынша қаралады.
Тармақ 48
48. Өсiп тұрған сүректi сатушы:
Тармақша а
а) сатуға ұйғарылған ағаш кесiлетiн жердi бөлуге, ағашы кесiлетiн жер мен таксациялауды қолданылып жүрген нұсқауға сәйкес жүргiзуге. Сатуға ұсынылған сауда бiрлiгiнде сүректiң алдын ала бастапқы бағасын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекiтiлген өсiп тұрған сүрек үшiн төлемнiң қолданыстағы базалық ставкаларына сәйкес анықтауға. Кесуге ұйғарылған ағаштың немесе оның бөлiгiн табиғи күйiнде шектеуге. Сүректегi жаппай оталмайтын ағаш кесу жерлерiнде кесуге белгiленген ағаштарды таңбалауға. Егер ағаш кесiлетiн жердi шектеуге мүмкiндiк болмаса, ағаштарды нөмiрлеуге;
Тармақша ә
ә) қолданылатын таксациялау әдiсi шеңберiнде сүректiң саны мен сапасының дәл анықталуын қамтамасыз етуге;
Тармақша б
б) сатылатын тауар бiрлiктерiн бiлiктiлiкпен таңдап алу мүмкiндiгiн қамтамасыз ету үшiн олар жайында қажеттi әрi дұрыс ақпарат беруге мiндеттi. 📌 Ескерту. 48-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.04.14. N 358 қаулысымен .
Тармақ 49
49. Аларман сатып алған сауда бiрлiгiнен ақау тапқан жағдайда сатушы аларман талап қойған кезден бастап 5 күн iшiнде оларды ауыстыруға мiндеттi. 📌 Ескерту. 49-тармақтың 2-абзацы алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2003.04.14. N 358 қаулысымен .
Тармақ 50
50. Сауда комиссиясы аларманға саудаласу (аукцион) басталғанға дейiн сатушының өтiнiмiне сәйкес сауда бiрлiктерi жөнiнде толық және дәлме-дәл ақпарат беруге тиiс.
Тармақ 51
51. 51-тармақ алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2003.04.14. N 358 қаулысымен .
Тармақ 52
52. Аларман сүректi ағаш кесу билетiнде көрсетiлген мерзiмде кесiп, тасып әкетуге, ағаш кесiлген алаңды тазартуға, орманды қалпына келтiру жұмысын (егер бұл сату шарттарында көрсетiлген жағдайда) жүргiзуге мiндеттi. Өсiп тұрған сүректi босатудың қолданылып жүрген ережелерiне сәйкес сүректi дайындау мен тасып әкету мерзiмi ұзартылуы мүмкiн. Белгiленген мерзiмде кесiлмеген және тасып әкетiлмеген сүрек өсiп тұрған ағашты сатушының қайтадан меншiгiне айналады.
Тармақ 53. ӨСIП ТҰРҒАН СҮРЕКТI КОНКУРСТIК НЕГIЗIНДЕ САТУ
53. Саудаласу кезiнде сатып алынған өсiп тұрған сүректi иелену құқығын басқа бiреуге аударуға тыйым салынады. ӨСIП ТҰРҒАН СҮРЕКТI КОНКУРСТIК НЕГIЗIНДЕ САТУ
Тармақ 54
54. Ағаш дайындау кезiнде орман өсiру және экология талаптарын ерекше технологияларды қолдану талап етiлген жағдайларда өсiп тұрған сүректi сату конкурстiк негiзде жүргiзiлуi мүмкiн.
Тармақ 55
55. Конкурске қажеттi техникасы мен жабдықтары, бiлiктi кадрлары бар мамандандырылған ағаш дайындаушы кәсiпорындар қатысады.
Тармақ 56
56. Конкурсты ұйымдастыру үшiн облыстық атқарушы орган облыстық орман шаруашылығын басқару органымен бiрлесiп, облыстық атқарушы орган өкiлдiгi басқаратын конкурстық комиссия құрады. 📌 Ескерту. 56-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2003.04.14. N 358 қаулысымен .
Тармақ 57
57. Конкурстiк комиссия орман иелерiнiң ұсыныстары бойынша ағаш кесiлетiн жердiң тiзбесiн анықтайды, конкурстiк негiзде игерiлуi мүмкiн ағаш кесiлетiн жерлердiң тiзбесiн анықтап, ағаш дайындауды жүргiзу технологиясында қойылатын талаптарды белгiлейдi және ағаш дайындаушыларға қажеттi ақпаратты жеткiзедi.
Тармақ 58
58. Конкурс жеңiмпазы облыстық атқарушы органның шотына кепiлдiк ретiнде өсiп тұрған сүректiң бастапқы құнының елу пайызы мөлшерiндегi соманы аударады. Жұмыс аяқталған соң, егер ол конкурстiк комиссия белгiлеген технологиядан ауытқымай орындалған болса, ағаш дайындаушының кепiлдiк ретiнде берген сома оған қайтарылады. 📌 ЕСКЕРТУ. 58-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.06.07. N 708 қаулысымен . Ескерту. 58-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.04.14. N 358 қаулысымен .
Тармақ 59
59. Ағаш дайындаушы белгiленген технологияны бұзған жағдайда облыстық орман шаруашылығын басқару органының шешiмi бойынша ағашы кесiлетiн жер қайтарып алынады, ондай жағдайда ағаш дайындаушы қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жауап бередi. Енгiзiлген кепiлдiң сомасы қайтарылмайды және тек сот шешiмi бойынша жергiлiктi бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi. 📌 ЕСКЕРТУ. 59-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.06.07. N 708 қаулысымен . Ескерту. 59-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.04.14. N 358 қаулысымен .
Басқа 73. САУДА КЕЛIСIМI
1-Қосымша 📌 Ескерту. Қосымша өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.04.14. N 358 қаулысымен . САУДА КЕЛIСIМI Қол қойылған күнi____________________________________199__ж. _____________________________________________________бiр жағынан,                  (Сауда комиссиясының атауы) бұдан былай Сауда комиссиясы деп аталатын________________________ ___________________________________________________________негiзде iс-әрекет жасайтын________________________________________________                         (лауазымы, фамилиясы, аты, әкесiнiң аты) ____________________________________________________________атынан және екiншi жағынан__________________________________________бұдан                          (Орман иесiнiң атауы) былай Сатушы деп аталатын_________________________________________ негiзде iс-әрекет жасайтын________________________________________                           (Лауазымы, фамилиясы, аты, әкесiнiң аты) __________________________________________________________________ атынан мыналар жайында осы келiсiмдi жасасты.
Тарау 1. 1. Келiсiмнiң пәнi
1. Келiсiмнiң пәнi
Тармақ 1.1
1.1. Сатушы алады, ал Сауда комиссиясы саудаласу барысында мынадай тауар бiрлiктерiн сатуды қабылдап алады: Рет нөмiрi              саны, текше метр           бастапқы құны 1. _______________________________________________________________ 2. _______________________________________________________________ 3. _______________________________________________________________ 4. _______________________________________________________________      Жиынтық бастапқы құны _______________________________________ __________________________________________________________________                     (жазбаша) Тауар бiрлiктерiнiң егжей-тегжейлi ерекшелiгi 1-қосымшада көрсетiлген, ол осы Келiсiмнiң ажырамас бiр бөлiгi болып табылады.
Тарау 2. 2. Тараптардың мiндеттерi
2. Тараптардың мiндеттерi
Тармақ 2.1
2.1. Сатушының мiндеттерi:
Тармақ 2.1.1
2.1.1. Саудаласуға ұсынылған әрбiр тауар бiрлiгi бойынша толық және дұрыс ақпарат табыс етедi.
Тармақ 2.1.2
2.1.2. Саудаласуға ұсынылған тауарлар бiрлiгiн алармандар қалауына қарай табиғи күйiнде байқап көруiне жағдай жасауды қамтамасыз етедi.
Тармақ 2.1.3
2.1.3. Саудаласу жеңiмпазына саудаласу барысында сатылған өсiп тұрған сүрекке арнап ағаш кесу билетiн жазып бередi.
Тармақ 2.1.4
2.1.4. Сатушы саудаласудың өткiзiлгенi жөнiнде Сауда комиссиясынан есеп алғаннан кейiн 5 банк күнiнен кешiктiрмей Сауда комиссиясына саудаласуды сатылған сүректiң ақырғы жиынтық құнынан _________________ % төлейдi.
Тармақ 2.1.5
2.1.5. Сауда комиссиясы есеп бергеннен кейiн __________ күнi iшiнде сатылмаған тиiстi заттар бойынша кепiлдiктi қайтарады.
Тармақ 2.2
2.2. Сауда комиссиясының мiндеттерi:
Тармақ 2.2.1
2.2.1. Саудаласуға ұсынылған өсiп тұрған сүректi байқап көру шарттарын көрсете отырып, саудаласу жайында бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабарландыру бередi.
Тармақ 2.2.2
2.2.2. Сатушының осы Келiсiмге тiркелген өтiнiмiне сәйкес каталогтағы тауарлар бiрлiгi жайында табыс еткен ақпараттың дұрыстығын қамтамасыз етедi.
Тармақ 2.2.3
2.2.3. Саудаласуды өсiп тұрған сүректi неғұрлым жоғары бағаға сату мақсатымен жүргiзедi.
Тармақ 2.2.4
2.2.4. Қазақстан Республикасында Ағаш саудаласуын (аукциондарды) өткiзу тәртiбi туралы уақытша ережеге сәйкес саудаласатын өсiп тұрған сүректi сату-сатып алуға арнап аталған Сауда келiсiмiнiң 3-бөлiмiнде көрсетiлген Сатушы мен саудаласу жеңiмпазы (алармандар) арасында Сатушының атынан ________ күн iшiнде шарт жасасады.
Тармақ 2.2.5
2.2.5. Шарт жасалғаннан кейiн ____________ күн iшiнде Сатушыға саудаласу жасалғаны туралы есеп бередi.
Тарау 3. 3. Есеп айырысудың және алармандардың сатушыдан өнiм алуының шарттары
3. Есеп айырысудың және алармандардың сатушыдан өнiм алуының шарттары
Тармақ 3.1
3.1. Ақы төлеу шарттары мен кепiлдiк мөлшерi әрбiр сауда бiрлiгi бойынша қосымшада көрсетiледi.
Тармақ 3.2
3.2. Шарт ресiмделгеннен кейiн 10 күннен кешiктiрмей аларман заңнамада белгiленген тәртіппен:
Тармақша а
а)
Тармақша б
б) саудаласудан (аукциондардан) сатып алынған өсіп тұрған сүректiң ақшалай қаражаты жергiлiктi бюджетке.
Тармақ 3.3
3.3. Сүректi Сатушыдан Сатып алушыға беру орман заңнамасына сәйкес жүргiзiледi.
Тарау 4. 4. Орындау кепiлдiгi және тараптардың жауапкершiлiгi
4. Орындау кепiлдiгi және тараптардың жауапкершiлiгi
Тармақ 4.1
4.1. Сауда комиссиясы мен Сатушы туындайтын проблемаларды келiсе отырып реттеу үшiн ақылға сиымды барлық шараларды қолданады. Сауда комиссиясы мен Сатушының бiр-бiрiне қоятын талабы Қазақстан Республикасының заңында белгiленген тәртiп бойынша қаралады.
Тармақ 4.2
4.2. Егер саудаласу Сауда комиссиясының кiнәсiнсiз өткiзiлмеген жағдайда Сатушы саудаласуға қойылған сүректiң бастапқы құнының _________________ процентiн Сауда комиссиясына төлейдi.
Тармақ 4.3
4.3. Сатушы Сауда комиссиясының көрсеткен қызметiне ақыны дер кезiнде төлемеген жағдайда әрбiр кешiктiрiлген күн үшiн төленбеген сомадан _______________ процент мөлшерiнде өсiм төлейдi.
Тармақ 4.4
4.4. Сауда комиссиясы саудаласу жасалғаны туралы есептi дер кезiнде табыс етпеген жағдайда Сатушының әрбiр кешiктiрген күн үшiн аукцион көрсеткен қызмет ақысын _______________процент азайтуға құқығы бар.
Тармақ 4.5
4.5. Тараптар форс-мажорлық жағдай туғанда бiр-бiрiне жауапкершiлiктен босатылады.
Тармақ 4.6
4.6. Сатушының өнiмiмен салыстырғанда каталогтегi ақпарат бұрмаланған жағдайда Сауда комиссиясы Сатушыға келтiрiлген шығынға өтем жасайды.
Тармақ 4.7
4.7. Сауда комиссиясы Сатушының мiндеттемелерi бойынша, ал Сатушы Сауда комиссиясының мiндеттемелерi бойынша үшiншi адамдар алдында жауап бермейдi.
Тарау 5. 5. Өзге шарттар
5. Өзге шарттар
Тармақ 5.1
5.1. Осы келiсiм қолданылып жүрген заңдар негiзiнде, сондай-ақ тараптардың өзара ұйғарымы бойынша өзгертiлуi немесе жарамсыз деп танылуы мүмкiн.
Тармақ 5.2
5.2. Бұл Келiсiмге өзгертулер мен толықтырулардың бәрi жазбаша түрде жасалады және Келiсiмнiң ажырамас бөлiгi болып табылады.
Тармақ 5.3
5.3. Келiсiм оған қол қойылған кезден бастап күшiне енедi.
Тармақ 5.4
5.4. Келiсiм әр тарапқа 2 данадан 4 дана етiп жасалған, әрi барлығының бiрдей заңды күшi бар.
Тарау 6. 6. Келiсiмнiң қолданылатын мерзiмi және тараптардың заңды мекен-жайы
6. Келiсiмнiң қолданылатын мерзiмi және тараптардың заңды мекен-жайы
Тармақ 6.1
6.1. Келiсiмнiң қолданылатын мерзiмi Басталуы "___" ________________________________ 19___ж. Аяқталуы "___" ________________________________ 19___ж.
Тармақ 6.2
6.2. Тараптардың мекен-жайы мен есеп айырысу шоттары Алармандiкi _________________________________________________ __________________________________________________________________ (почта мен телеграф индексi және Аларман мен оның банкiсiнiң мекен-жайы) __________________________________________________________________ (шоты) Сатушынікi __________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ (почта мен телеграф индексi және Сатушы мен оның банкiсiнiң мекен-жайы)_______________________________________________________ (шоты) Аларманнан Сатушыдан ______________________________ _______________________________ ______________________________ _______________________________
Басқа 111. ӨТIНIМ Өсiп тұрған сүректi саудаласуда сатуға арналған
2-Қосымша 📌 Ескерту. Қосымша өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.04.14. N 358 қаулысымен . ӨТIНIМ Өсiп тұрған сүректi саудаласуда сатуға арналған (Сауда келiсiмiнiң ажырамас бөлiгi болып табылады) N ______               "_____" ________________________199__ж. __________________________________________________________________ __________________________________________________________________                         (сүрек иесiнiң аты) Саудаласу көлемi ________________________________________текше метр Өсiп тұрған сүректiң бастапқы бағасы _____________________________ __________________________________________________________________                         (сомасы жазбаша) бойынша сатуға ұсынады.
Тармақ 1. 1. Сауда бiрлiгiнiң ерекшелiгi
1. Сауда бiрлiгiнiң ерекшелiгi Сауда бiрлiгiнiң орналасқан жерi __________________________________________________орман иесi ________________________________________________________орманшылығы Орам ______________________Тiлкем__________________________________ Мөлдек__________________________________кесiлген жылы______________              (нөмiрi)      Сауда бiрлiгi туралы жалпы мәлiмет:      Ормандар тобы ________________________________________________      Қорғаныштық санаты ___________________________________________      Шаруашылық ___________________________________________________      Мөлдек көлемi барлығы ________________________________________      Кесу тәсiлi __________________________________________________      Өскiндер сақтаулы көлем ______________________________________      Сүйреп шығару қашықтығы ______________________________________      Көлiк жолының бар-жоғы _______________________________________                               (жолдың түрi, қашықтығы көрсетiлсiн) ___________________________________________________________________   (жалпы пайдаланылатын жолға дейiн және таяу жердегi темiр жол    стансасына дейiн)      Буылған текшенiң орташа көлемi _______________________________      Жер бетiнiң бедерi ___________________________________________      (таулы, дөңес, жазық)      Топырақ жағдайы ______________________________________________      Дайындалған мерзiмi __________________________________________      (басталуы, аяқталуы)
Тармақ 2. 2. Сауда бiрлiгiнiң сандық және сапалық сипаттамасы
2. Сауда бiрлiгiнiң сандық және сапалық сипаттамасы ____________________________________________________________________                !      Саны, текше метр, төлем ставкасы, теңге    Тұқымы      !----------------------------------------------------                !            кәделiк ағаш          !         !                !----------------------------------!  отын   !барлығы                !  iрi  ! орташа  ! ұсақ  ! жиыны  !         ! --------------------------------------------------------------------     Жиыны __________________________________________________________
Тармақ 3. 3. Төлем шарттары
3. Төлем шарттары Саудаласуға қатысу үшiн алдын-ала тауар бiрлiгiнiң бастапқы бағасынан ____________ процент мөлшерiнде кепiлдiк енгiзiлуi қажет,    ол теңге мөлшерiнде болады __________________________________________________________________                     (жазбаша сомасы)      Қалған сомасы ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ __________________________________________________________________ ________________________________________________алдынан өткiзiледi.
Тармақ 4. 4. Дайындау шарттары Ағаш кесiлетiн алаңды игерудiң технологиялық картасы
4. Дайындау шарттары Ағаш кесiлетiн алаңды игерудiң технологиялық картасы Сатушыдан
Басқа 116. 199 жылғы саудаласуға ұсынылған тауар бiрлiктерi бойынша енгiзiлген кепiлдiктер туралы ведомость (Кесте)
3-Қосымша 📌 Ескерту. Қосымша өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.04.14. N 358 қаулысымен . "Бекiтемiн" 199 жылғы саудаласуға ұсынылған тауар бiрлiктерi бойынша енгiзiлген кепiлдiктер туралы ведомость (Кесте)
Басқа 117. Орман иесiнiң өсiп тұрған сүрегiн сатуға арналған
4-Қосымша 📌 Ескерту. Қосымша өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.04.14. N 358 қаулысымен . "Бекiтемiн" 1 99 жылғы______________ өткiзiлген саудаласуда__________ Орман иесiнiң өсiп тұрған сүрегiн сатуға арналған САУДА ПАРАҒЫ________________________________________________ (саудаласу өткiзiлген орын) (Кесте) 5-Қосымша Ескерту. Қосымша өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.04.14. N 358 қаулысымен . "Бекiтемiн"        Орман шаруашылығына ___________________________бойынша        "__________________" ____________________өткiзiлген        _____________________________________________________                      (саудаласу өткiзiлген орын) Саудаласу нәтижелерi туралы ведомость (Кесте) 6-Қосымша Ескерту. Қосымша өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.04.14. N 358 қаулысымен . Өсiп тұрған сүректi сатып алу-сатуға арналған ШАРТ Қол қойылған күнi ____________________________________199___ж. ___________________________________________________________________           (заңды немесе жеке тұлғаның атауы) бiр жағынан, бұдан былай Сатушы деп аталып, _______________________ ___________________________________________________________________           (Сауда келiсiмiнiң атауы, датасы) негiзiнде iс-әрекет жасайтын ______________________________________                               (аукционды ұйымдастырушы өкiлiнiң ___________________________________________________________________                лауазымы, фамилиясы, аты, әкесiнiң аты) атынан және _________________________________________ екiншi жағынан            (бiрлестiктiң, ұйымның, кәсiпорынның атауы) бұдан былай Аларман деп аталып, 199___жылғы _______________________ негiзiнде iс-әрекет жасайтын ______________________________________                             (лауазымы, фамилиясы, аты, әкесiнiң аты) ___________________________________________________________________ атынан мыналар жайында осы шартты жасасты:
Тармақ 1. 1. Шарттың пәнi
1. Шарттың пәнi 1.1. _________________________________________________________                   (аукционды ұйымдастырушы, датасы, орны) ____________________________________________ұйымдастырған аукционда Аларман саудаласылған мынадай тауар бiрлiктерiн сатып алуға, ал Сатушы оларды сатуға тiлек бiлдiредi. -------------------------------------------------------------------- Каталог ! Тауардың  ! Бастапқы  ! Ақырғы   ! Кепiлдiк  !Төленуге бойынша ! атауы     ! бағасы    ! бағасы   ! сомасы    !тиiстi нөмiрi  !           !           !          ! -------------------------------------------------------------------- ___________________________________________________________________ ___________________________________________________________________ ___________________________________________________________________      а) жиынтық бастапқы құны _________________________________________________________теңге                               (жазбаша) ___________________________________________________________________      ә) ақырғы жиынтық құны __________________________________теңге ___________________________________________________________________                               (жазбаша)      б) кепiлдiк сомасы ___________________________________________                                           (жазбаша)      в) төленуге тиiстiсi, барлығы ________________________________                                           (жазбаша)      Тауар бiрлiктерiнiң ерекшелiктерi каталогта келтiрiлген_______ ___________________________________________________________________                  (аукционды ұйымдастырған) табыс еткен деректерге сәйкес келедi.
Тармақ 2. 2. Тараптардың мiндеттерi
2. Тараптардың мiндеттерi
Тармақ 2.1
2.1. Аларман мыналарды мiндетiне алады :
Тармақ 2.1.1
2.1.1. Шарт ресiмделгеннен кейiн 10 күннен кешiктiрмей өсiп тұрған сүректi сатып алғаны үшiн заңнамада белгiленген тәртiппен:
Тармақша а
а)
Тармақша б
б) саудаласудан (аукциондардан) сатып алынған өсіп тұрған сүректiң ақшалай қаражаты жергiлiктi бюджетке. 📌 ЕСКЕРТУ. 2.1.1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.06.07. N 708 қаулысымен .
Тармақ 2.1.2
2.1.2. Осы шартқа қол қойылғаннан кейiн ________________күннен кешiктiрмей, ағаш кесу билетiн жаздыру үшiн төлемдiк тапсырманың көшiрмесiн алып, Сатушыға келуге тиiс.
Тармақ 2.2
2.2. Сатушы мыналарды мiндетiне алады.
Тармақ 2.2.1
2.2.1. Төлемдiк тапсырманың көшiрмесiн табыс еткен соң ағаш кесу билетiн немесе саудаласуда сатып алынған сүректiң тауар накладнойын жазып бередi.
Тармақ 2.2.2
2.2.2. Ағаш кесу билетiн жазып беру кезiнде сатушы аларманды өрт қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау ережелерiмен, оларды бұзғандық үшiн салынатын ақшалай айып-пұлмен таныстырады, сонан соң осылармен танысқаны жөнiнде аларман қолын қояды.
Тармақ 3. 3. Есеп айырысудың және аларманның сатушыдан өнiм алуының шарттары
3. Есеп айырысудың және аларманның сатушыдан өнiм алуының шарттары ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ _______________________________________________________________
Тармақ 4. 4. Орындау кепiлдiгi және тараптардың жауапкершiлiгi
4. Орындау кепiлдiгi және тараптардың жауапкершiлiгi
Тармақ 4.1
4.1. Аларман мен Сатушы туындайтын проблемаларды келiсе отырып реттеу үшiн ақылға қонымды барлық шараларды қолданады.
Тармақ 4.2
4.2. Аларман мен Сатушының бiр-бiрiне қоятын талабы Қазақстан Республикасының заңдары белгiлеген тәртiп бойынша қаралады.
Тармақ 4.3
4.3. Сатушы каталогта ұсынылған мәлiметтердiң ағаш кесу таксациясының қолданылып жүрген ережелерi пұрсат беретiн дәлдiк шегiндегi дәлме-дәлдiгiне кепiлдiк бередi. Босатылатын сүректiң саны мен сапасын анықтаудың дәлдiгiнде жоғарыда белгiленген нормативтерден ауытқушылықтың бетi ашылған жағдайда Сатушы қысқа мерзiм iшiнде Аларманмен келiсе отырып, өзара тиiмдi шешiм ұсынады.
Тармақ 4.4
4.4. Тараптар форс-мажорлық жағдай пайда болған ретте өзара жауапкершiлiктен босатылады.
Тармақ 4.5
4.5. Егерде Аларман 10 күн iшiнде шотты төлемесе және аукцион өткiзген күннен бергi ____________ күн iшiнде ағаш кесу билетi жазып берiлмесе, онда аукцион нәтижесiнiң күшi, ал Аларманның жыл бойы сүрек аукционына қатысуға құқығы болмайды. Бастапқы ақшалай жарна (кепiлдiк) оған қайтарылмайды, жергiлiктi бюджеттiң кiрiсiне есептеледi. 📌 ЕСКЕРТУ. 4.5-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.06.07. N 708 қаулысымен .
Тармақ 4.6
4.6. Аларман Сатушының мiндеттемелерi бойынша, ал Сатушы Аларманның мiндеттемелерi бойынша үшiншi адам алдында жауап бермейдi.
Тармақ 5. 5. Өзге шарттар
5. Өзге шарттар
Тармақ 5.1
5.1. Осы Шарт қолданылып жүрген заңдар негiзiнде, сондай-ақ тараптардың өзара келiсуi негiзiнде өзгертiлуi немесе жарамсыз деп танылуы мүмкiн.
Тармақ 5.2
5.2. Аталған Шартқа өзгерiстер мен толықтырулардың бәрi жазбаша түрде жасалады және оның ажырамас бөлiгi болып табылады.
Тармақ 5.3
5.3. Шарт қол қойылған сәтiнен бастап күшiне енедi.
Тармақ 5.4
5.4. Шарт уағдаласушы тараптардың әрқайсысына және Аукционға 2 данадан 6 дана етiп жасалған, әрi барлығының бiрдей заңды күшi бар.
Тармақ 6. 6. Шарттың қолданылу мерзiмi және тараптардың заңды мекен-жайы
6. Шарттың қолданылу мерзiмi және тараптардың заңды мекен-жайы
Тармақ 6.1
6.1. Шарттың қолданылу мерзiмi Басталуы "___" __________________________________199___ж. Аяқталуы "___" __________________________________199___ж.
Тармақ 6.2
6.2. Тараптардың мекен-жайы мен есеп айырысу шоты Сауда комиссиясының __________________________________________ ___________________________________________________________________       (почта және телеграф индексi және Сауда комиссиясының және                   оның банкiсiнiң мекен-жайы) ___________________________________________________________________                           (шоты)      Сатушынiкi ___________________________________________________ ___________________________________________________________________ ___________________________________________________________________     (почта және телеграф индексi мен Сатушының және оның                         банкiсiнiң мекен-жайы) ___________________________________________________________________                           (шоты)
Тармақ 6.3
6.3. Осы шартқа қоса тiркелгенi: Саудаласуға ұсынылған сауда бiрлiктерiне арналған өтiнiмдер _______________________________ бет. Сауда комиссиясынан Сатушыдан
Басқа 145. 199 жылғы ____________өсiп тұрған сүректi саудаласуды өткiзгенi туралы сауда комиссиясының есебi
7-Қосымша 📌 Ескерту. Қосымша өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.04.14. N 358 қаулысымен . "Бекiтемiн" Сауда комиссиясының төрағасы _____________________ (қолы) 199 жылғы ____________өсiп тұрған сүректi саудаласуды өткiзгенi туралы сауда комиссиясының есебi Қазақстан Республикасында Ағаш саудаласуын (аукциондарды) өткiзу тәртiбi туралы ережеге сәйкес ______________________________ ___________________________________________________________________ ___________________________________________________________________ (сүрек иесiнiң атауы, Сауда келiсiмiнiң нөмiрi, жиынтық таксалық құны) сүрегiн сату жөнiндегi саудаласу өткiзiлдi. Саудаласу __________ сағатта басталып, ___________ сағатта аяқталады. Саудаласуға қатысуға келген адамдардың қолхат беруiмен саудаласудан сүрек сату ережелерiмен таныстырылады, саудаласуға ниет бiлдiрушiлердiң кепiлдiк сомасын төлегенiн қуаттайтын құжаттар алынды, ол жайында "кепiлдiк туралы ведомость" жасалды. Саудаласу басталғанға дейiн ____________________ жабық жазбаша өтiнiм алынды. Жазбаша өтiнiмдердiң бәрi жарамды деп танылды. Саудаласу ұсынылған ақырғы бағалар "Сауда нәтижелерi туралы ведомосте" келтiрiлген. Сауда комиссиясы мүшелерiнiң қолдары: