О сpоках введения таможенного таpифа Республики Казахстан на экспоpтиpуемые товаpы Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.12.1995. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының экспортқа шығарылатын тауарларға кеден тарифiн енгiзу мерзiмi туралы "Қазақстан Республикасының Президентi мен жергiлiктi әкiмдерге уақытша қосымша өкiлеттiк беру туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 10 желтоқсандағы Заңына сәйкес, экспортқа шығарылатын өнiмнiң бәсекелiк қабiлетiн арттыру мақсатында және осыған орай жаңа кеден бажын жеделдете енгiзу қажеттiлiгiне байланысты қаулы етемiн:
Тармақ 1
1. "Қазақстан Республикасының экспортқа шығарылатын тауарларға кеден тарифi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1994 жылғы 11 қаңтардағы N 1499 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының экспортқа шығарылатын тауарларға кеден тарифi 1994 ж. 21 ақпаннан бастап енгiзiлсiн.
Тармақ 2
2. Осы Жарлықтың Заң күшi бар және ол жаңадан сайланған Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесi тиiстi Заң қабылдағанға дейiн қолданылады.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi тиiстi заң актiлерiнiң жобаларын дайындап, оны жағадан сайланған Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң қарауына енгiзсiн.
Тармақ 4
4. Осы Жарлық жарияланған күннен бастап күшiне енедi.