О некотоpых вопpосах pегулиpования земельных отношений Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.07.1997. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жер қатынастарын реттеудiң кейбiр мәселелерi туралы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының Президентi мен жергiлiктi әкiмдерге уақытша қосымша өкiлеттiк беру туралы" Заңының негiзiнде және жер қатынастарын құқықтық реттеудi жетiлдiру мақсатында қаулы етемiн:
Тармақ 1
1. Азаматқа немесе заңды тұлғаға жер төлемi уақытша пайдалану үшiн жалдау шартымен 5 жылға дейiнгi /қысқа мерзiмдi жалдау/ және 99 жылға дейiнгi /ұзақ мерзiмдi жалдау/ мерзiмге берiледi деп белгiленсiн. 2,3,4. 📌 Ескерту. 2,3,4-шi тармақтардың күшi жойылған - ҚР Президентiнiң 1995.05.12. N 2269 Жарлығымен
Тармақ 5
5. "Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16 бабында тiзбеленген Қазақстан Республикасының азаматтары, олардың республиканың аумағында тұрған мерзiмiне қарамастан, жер телiмiн мұралықпен өмiрлiк иеленуге алуға құқылы деп белгiленсiн.
Тармақ 6
6. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi: ауыл шаруашылық мақсатында емес жылжымайтын мүлiктi, соның iшiнде құрылысы бiтпеген объектiлердi жекешелендiру кезiнде азаматтың немесе заңды тұлғаның жер телiмiн пайдалану немесе жалдау құқын иеленуiнiң тәртiбiн бiр ай мерзiмде бекiтетiн болсын; 📌 Ескерту. 6-шы тармақтың үшiншi абзацы күшiн жойған - ҚР Президентiнiң 1995.05.12. N 2269 Жарлығымен.
Тармақ 7
7. Осы Жарлықтың заңдық күшi бар және Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына тиiстi өзгертулер мен толықтырулар енгiзгенге дейiн күшiн сақтайды.
Тармақ 8
8. Жарлық жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.