О поpядке пеpеpасчета железнодоpожных таpифов на национальную валюту Күшін жойған
Басқа 0
Темiржол тарифтерiн ұлттық валютаға қайта есептеудiң тәртiбi туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 17.03.2003 № 258 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Қазақстан Республикасы Көлiк министрлiгiнiң Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен және Экономика министрлiгiнiң жанындағы Баға комитетiмен келiсiлген, 1994 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекетаралық қатынаста жүк тасымалдауға арналып қолданылып жүрген темiржол тарифтерiн жүк тасымалдауға арналған тасымалдау құжаттарын ресiмдеу күнiне Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi белгiленген ресей сомының теңгеге қатынасы жөнiндегi бағам бойынша ұлттық валютаға қайта есептеу туралы ұсынысы қабылдансын.