О пpедоставлении льгот пpедпpиятиям и оpганизациям по налогу на экспоpт товаpов (услуг) Күшін жойған
Басқа 0
Кәсiпорындар мен ұйымдарға тауарлар (көрсетiлетiн қызмет) экспортына салынатын салық жөнiнен жеңiлдiктер беру туралы
📌 Ескерту. Күшi жойылды - ҚР Министрлер Кабинетiнiң 02.08.1995 № 1069 қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "1992 жылы валюта қорын жасау және экспорт салығын енгiзу, валюта операцияларын жүзеге асыруға бақылауды күшейту туралы" 1992 жылғы 10 сәуiрдегi N 716 қаулысын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
Тармақ 1
1. Меншiк нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан республика территориясында тiркелген және орналасқан кәсiпорындар мен ұйымдарға өз өндiрiсiнiң өнiмдерiн (көрсетiлетiн қызметтi) экспортқа шығарған кезде алынған валюталық түсiмiнiң көлемiне экспорт салығының жеңiлдiк берiлетiн ставкалары белгiленетiн болсын, ол өнiмдер мыналар:
халық тұтынатын өнеркәсiп тауарлары - 2 процент;
тәттi тамақ өнiмдерi, оларды өндiруге арналған шикiзаттан басқасы - 2 процент;
құрылыс материалдары - 2 процент;
дәрi-дәрмек препараттары - 0,5 процент;
шетел делегациялары мен азаматтарына көрсетiлетiн ақылы қызмет - 1 процент;
өнеркәсiп кәсiпорындарының күресiндiлерiн (қалдықтарын) және оларға
теңестiрiлген басқа да шикiзатты осы заманғы технологияларды қолдану
арқылы өңдеуден алынған өнiмдер - 1 процент.
Тармақ 2
2. Экспорт салығынан кәсiпорындар республика Министрлер Кабинетiнiң
шешiмдерiне сәйкес азық-түлiк пен астық сатып алу үшiн экспортқа шығаратын
өнiмдер босатылатын болып белгiленсiн.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң бұрын қабылданған
шешiмдерi арқылы белгiленген жекеленген кәсiпорындар мен ұйымдар үшiн
валюта түсiмiне жеңiлдiкпен салық салу сақталатын болсын.