Об утверждении Положения о комиссии по распределению на работу молодых специалистов и докторов философии (PhD) Күшін жойған
Басқа 0
Жас мамандарды және философия докторларын (PhD)
жұмысқа бөлу жөніндегі комиссиялар туралы ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 390 қаулысының Маманды жұмысқа жіберу, өз бетімен жұмысқа орналасу құқығын беру, мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алған азаматтарды жұмысын өтеу жөніндегі міндетінен босату немесе олардың міндетін тоқтату қағидаларының 7-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Жас мамандарды және (немесе) философия докторларын (PhD) жұмысқа бөлу жөніндегі комиссиялар туралы ереже бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электронды түрдегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 4
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы ақпаратты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі О.А. Әбішевке жүктелсін
Тармақ 5
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Жас мамандарды және философия докторларын (PhD) жұмысқа бөлу жөніндегі комиссия туралы ереже
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2019 жылғы 14 мамырдағы
№ ҚР ДСМ-77
бұйрығына қосымша
Жас мамандарды және философия докторларын (PhD) жұмысқа бөлу жөніндегі комиссия туралы ереже
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Жас мамандарды және философия докторларын (PhD) жұмысқа бөлу жөніндегі комиссия туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) Медициналық мамандықтар бойынша ауыл жастары қатарынан шыққан азаматтарға берілетін квота шегінде оқуға түскен азаматтарды және медициналық мамандықтар бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде оқуға түскен азаматтар қатарынан жас мамандарды және философия докторларын (PhD) жұмысқа бөлу жөніндегі комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) мәртебесі мен өкілеттіктерін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) – азаматтардың денсаулығын сақтау, медицина және фармацевтика ғылымдары, медициналық және фармацевтикалық білім беру, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналымы, медициналық қызметтердің сапасын бақылау саласында басшылық етуді және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
Тармақша 2
2) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы (бұдан әрі – білім беру ұйымы) – жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын және ғылыми-зерттеу қызметін жүзеге асыратын жоғары оқу орны;
Тармақша 3
3) жас маман – жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламасы бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алатын азамат;
Тармақша 4
4) философия докторы (PhD) – ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша докторантураның бағдарламасын меңгерген және Қазақстан Республикасында немесе оның шегінен тыс Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте мойындалған диссертацияны қорғаған адамдарға берілетін дәреже.
Тармақ 3
3. Комиссия консультативтік-кеңесші орган болып табылады және уәкілетті органның жанында құрылады.
Тармақ 4
4. Комиссия өз жұмысында «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын (бұдан әрі – Заң), Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 390 Қаулымен бекітілген Маманды жұмысқа жіберу, өз бетімен жұмысқа орналасу құқығын беру, мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алған азаматтарды жұмысын өтеу жөніндегі міндетінен босату немесе олардың міндетін тоқтату қағидаларын (бұдан әрі – Қағида), басқа нормативтік құқықтық актілерді және осы Ережені басшылыққа алады.
Тарау 2. 2-тарау. Комиссияның міндеттері, функциялары мен ұйымдаструшылық қызметі
2-тарау. Комиссияның міндеттері, функциялары мен ұйымдаструшылық қызметі
Тармақ 1. 1-параграф. Комиссияның міндеттері мен функциялары
1-параграф. Комиссияның міндеттері мен функциялары
Тармақ 5
5. Комиссияның міндеті медициналық мамандықтар бойынша ауыл жастары қатарынан шыққан азаматтарға берілетін квота шегінде оқуға түскен азаматтарды және медициналық мамандықтар бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде оқуға түскен азаматтарды жұмысқа дербес бөлу болып табылады.
Тармақ 6
6. Комиссия өзіне жүктелген міндеттерді іске асыру үшін мынадай функцияларды жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) Комиссияның жас мамандарды және философия докторларын (РhD) жұмысқа бөлу бойынша отырысын өткізу;
Тармақша 2
2) жыл сайын облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарына бітірушілердің санын, тұратын жерлерін, алған мамандығы мен оқыған тілін көрсете отырып, ауыл жастары қатарынан шыққан азаматтарға берілетін квота шегінде және мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде түскен ағымдағы жылғы түлектерді одан әрі жұмысқа орналастыру үшін бос жұмыс орындарын ұсынуға өтінімдер жолдау;
Тармақша 3
3) жыл сайын облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарына бітірушілердің санын, тұратын жерлерін, алған мамандығы мен оқыған тілін көрсете отырып, мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде философия (PhD) докторларын даярлау бағдарламасы бойынша докторантураға түскен және оқуды ағымдағы жылы бітіретін адамдарды одан әрі жұмысқа орналастыру үшін бос жұмыс орындарын ұсынуға өтінімдер жолдау;
Тармақша 4
4) жас мамандарға және философия (PhD) докторларына бос орынның сақталуы туралы кепілдік беретін әлеуетті жұмыс берушілерімен тікелей өзара іс-қимыл жасау;
Тармақша 5
5) осы Ереженің 12-тармағына сәйкес шешімдердің бірін қабылдайды;
Тармақша 6
6) шешімдерді медициналық білім және ғылым ұйымдарына жіберу.
Тармақ 3. 3-параграф. Комиссияның ұйымдаструшылық қызметі
3-параграф. Комиссияның ұйымдаструшылық қызметі
Тармақ 7
7. Комиссияның құрамы уәкілетті органның бұйрығымен бекітіледі және кемінде тоғыз адамнан тұрады. Комиссия жыл сайын тағайындалатын төрағадан, төрағаның орынбасарынан, хатшысы мен оның мүшелерінен тұрады. Комиссия мүшелері Төрағаны сайлайды, ол төрағаның орынбасары мен хатшыны тағайындайды. Төраға болмаған кезде оның функцияларын төрағаның орынбасары атқарады. Комиссия хатшысы шешім қабылдауға қатыспайды және оның мүшесі болып табылмайды.
Тармақ 8
8. Комиссия отырысының күн тәртібін дайындауды, отырыс хаттамаларын ресімдеуді Комиссия төрағасына тікелей есеп беретін хатшы жүзеге асырады.
Тармақ 9
9. Комиссияның құрамы:
Тармақша 1
1) уәкілетті органның өкілдерінен;
Тармақша 2
2) уәкілетті органның ведомстволық бағынысты ұйымның өкілінен;
Тармақша 3
3) «Атамекен» ұлттық кәсіпкер палатасының өкілінен (келісім бойынша);
Тармақша 4
4) жергілікті атқарушы органдардың өкілдерінен (келісім бойынша);
Тармақша 5
5) денсаулық сақтау саласындағы білім беру және ғылым ұйымдарының өкілдерінен (келісім бойынша);
Тармақша 6
6) үкіметтік емес ұйымдардың, оның ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің жанындағы аккредиттелген жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерінің өкілдерінен (келісім бойынша);
Тармақша 7
7) жастар ұйымдарының өкілдері (келісім бойынша);
Тармақша 8
8) денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің атынан әрекет ететін қоғамдық бірлестіктердің өкілдерінен (келісім бойынша) тұрады.
Тармақ 10
10. Комиссияның отырыстары қажеттілікке қарай өткізіледі және оларға Комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысқан кезде заңды болып есептеледі.
Тармақ 11
11. Отырыстары өткізу күнін, уақытын, күн тəртібін Комиссияның Төрағасы, оның мүшелерінің ұсыныстарын ескере отырып белгілейді.
Тармақ 12
12. Кворум болған кезде Комиссия ашық дауыс беру арқылы отырысқа қатысатын Комиссия мүшелерінің қарапайым көпшілік дауысымен шешім қабылдайды. Дауыстар тең болған жағдайда, төрағалық етушінің дауысы шешуші болып табылады.
Тармақ 13
13. Комиссия:
Тармақша 1
1) Заңның 47-бабының 17-2-тармағына сәйкес жас мамандарды жұмыспен өтеу жөніндегі міндеттен босату туралы;
Тармақша 2
2) жұмыс берушінің берген қолдаухаты негізінде жас мамандарды жұмысқа жіберу туралы;
Тармақша 3
3) ЖОО-ның және ғылыми ұйымдарының кадрлардағы қажеттіліктер туралы өтінімдер негізінде философия (PhD) докторларына жұмысқа жіберу туралы;
Тармақша 4
4) жұмысқа бөлу сәтінде бос жұмыс орындары болмаған жағдайда жас мамандарды және философия (Phd) докторларын тұрғылықты жеріндегі халықты жұмыспен қамту орталығында тікелей не «Электрондық үкіметтің» веб-порталы немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркеуге жіберу туралы шешімдердің біреуін қабылдайды.
Тармақ 14
14. Дәлелсіз себептермен белгілі бір мерзімге дейін жұмысқа орналасуға өтінім бермеген жас мамандар және/немесе философия докторлары (РhD) қалған вакансияларға Комиссияның шешімімен бөлінеді.
Тармақ 15
15. Комиссияның шешімдері хаттамалармен ресімделеді, оған комиссияның төрағасы мен барлық мүшелері қол қояды.