Об установке приборов автоматизированного учета потребления электрической и тепловой энергии на базе PLS технологий в городе Алматы Күшін жойған
Басқа 0
Алматы қаласында PLS-технология негiзiнде электр және жылу энергиясын тұтынудың автоматтандырылған есебiнiң құралдарын орнату туралы
Алматы қаласында электр және жылу энергиясын тұтыну жүйесiнiң Мемлекеттiк стандартпен бекiтiлген класына сай келмеуi, сондай-ақ тұрмыстық абоненттердiң ақысын төлемеуi, электр және жылу энергиясын мөлшерден тыс шығындап бақылаусыз пайдалану жағдайына әкеп соғады.
Сонымен бiрге, алдыңғы қатарлы бiрқатар елдерде энергия тұтынуды бақылап қана қоймай, тұтынушылармен автоматтандырылған есеп жүргiзетiн, сондай-ақ, қасақана төлемеушiлердi ара қашықтықта ажыратып тастайтын PLS-технология негiзiнде электр және жылу энергиясын тұтынудың автоматтандырылған есебiн зерттеу жүргiзiлiп отыр.
Электр және жылу энергиясының мөлшерден тыс шығындарын азайту мақсатында, Алматы қаласының Әкiмшiлiгi қаулы етедi:
Тармақ 1
1. "Алматинский ЭнергоПул" Ашық Акционерлiк Қоғамының ара қашықтықта есеп жасау және коммуналдық қызмет тұтыну басқаруына мүмкiндiк беретiн РLS технология негiзiнде электр және жылу энергиясын тұтынудың автоматтандырылған есебiнiң құралдарын енгiзу туралы ұсынысы қабылдансын.
Тармақ 2
2. "Алматы Пауэр Консалидейтед" Жабық Акционерлiк Қоғамы, "Алматыжылукоммуноэнерго" Акционерлiк Қоғамы 07.12.2000 ж. N 1822 Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысымен бекiтiлген 21; 48 тармақтарын басшылыққа ала отырып, Алматы қаласында қайтадан салынып жатқан және қайта жаңғыртылатын объектiлерге техникалық талаптар беру кезiнде, ара қашықтықта есеп жасауды және коммуналдық қызмет тұтыну басқаруын енгiзуге мүмкiндiк беретiн РLS технология негiзiнде электр және жылу энергиясы есебiнiң құралдарын орнатуды қарастыру мiндеттелсiн.
Тармақ 3
3. Архитектура және қалақұрылысы Департаментi архитектура-жоспарлау тапсырмасында (АЖТ) қаладағы коммуналдық кәсiпорындар тұтынушыларымен берiлген техникалық талаптарын ескерсiн.
Тармақ 4
4. Мемархқұрылысбақылау Департаментi және архитектура-құрылыс бақылау және лицензиялау Аумақтық басқармасы коммуналдық қызмет тұтынудың ара қашықтықта есеп жасау құралдары болған жағдайда ғана объектiнi пайдалануға қабылдауды iске асырсын.
Тармақ 5
5. "Алматы қаласында PLS-технология негiзiнде электр және жылу энергиясын тұтынудың автоматтандырылған есебiнiң құралдарын орнату туралы" Алматы қаласы Әкiмшiлiгiнiң 2003 жылы 21 ақпандағы N 1/103 қаулысының күшi жойылды деп есептелсiн.
Тармақ 6
6. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Алматы қаласы Әкiмiнiң бiрiншi орынбасары Я. Заяцқа жүктелсiн.