Об уpегулиpовании вопpоса автоpского пpава на дизайн денежных знаков Қолданыста
Басқа 0
Ақша белгiлерi дизайнына авторлық құқық мәселесiн реттеу туралы
"Қазақстан Республикасы Президентi мен жергiлiктi әкiмдерге уақытша қосымша өкiлеттiк беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңының негiзiнде және Қазақстан Республикасы ақша жүйесiнiң тұрақтылығына кепiлдiк күшейту мақсатында қаулы етемiн:
Тармақ 1
1. Қолданылып жүрген азаматтық Заңдарға сәйкес банкноттар мен монеталардың бекiтiлген дизайны мемлекет меншiгi болып табылады және оларға авторлық құқық жүрмейдi деп белгiленсiн.
Тармақ 2
2. Осы Жарлықтың Заңмен бiрдей күшi бар және ол "Қазақстан Республикасындағы ақша жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгертулер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы қабылданғанға дейiн қолданылатын болады.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi "Қазақстан Республикасындағы ақша жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгертулер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасын Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесiне енгiзсiн.
Тармақ 4
4. Осы Жарлық жарияланған күннен бастап күшiне енгiзiлсiн.