О создании комиссии по пpовеpке состояния защитных сооpужений, сpедств индивидуальной защиты Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.03.2001. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қорғаныс ғимараттарының, жеке қорғау құралдарының жәйін тексеру жөнінде комиссия құру туралы Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 7 маусымындағы N 100 "Азаматтық қорғаныс туралы" Заңының, Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар жөніндегі Агентінің 2000 жылғы 1 желтоқсандағы N 270 "Қорғаныс ғимараттарының және жеке қорғау құралдарының жәйі туралы" бұйрығын орындау мақсатында және облыс аумағындағы жасырыну ғимараттарының, жеке қорғау құралдарының жәйін тексеру, олардың атқаратын істеріне дайындығын анықтау үшін ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Қорғаныс ғимараттарының жеке қорғау құралдарының жәйін тексеру жөнінде комиссия құрылсын (тіркеледі).
Тармақ 2
2. Қала және аудандар әкімдері осы жұмысты атқару үшін тиісті комиссиялар құрсын. Тексеру қорытындысының актісін 2000 жылғы 15 маусымға дейін тапсырсын.
Тармақ 3
3. Қорғаныс ғимараттар, жеке қорғау құралдары бар мекемелер мен ұйымдар басшылары оларды күту, жою және дұрыс пайдалану, анықталған кемшіліктерді жою, баспаналарға күрделі жөндеу жүргізу, пайдалануға дайындау және қорғау құралдарын сақтауын қамтамасыз ету үшін тиісті шаралар алсын.
Тармақ 4
4. Комиссия 2001 жылдың 15 маусымына дейін түгендеу актісін және тиісті нормативтік актілердің талабына сай оларды алдағы уақытта пайдалану жөнінде ұсыныс енгізсін.
Тармақ 5
5. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Басқа 6
Облыс әкімінің 2001 жылы 16 наурыз N 103 шешіміне қосымша Қорғаныс ғимараттарының, жеке қорғау құралдарының жәйін тексеру комиссиясының құрамы
Тармақ 1
1. Нүрпейіс Мақашұлы Мақашев - облыс әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы
Тармақ 2
2. Арыстанғали Қуанайұлы Әшімғалиев - облыстық құрылыс және коммуналдық-тұрғын үй басқармасының бастығы (келісім бойынша)
Тармақ 3
3. Ғибадолла Ғалиәскерұлы Жұмағалиев - облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасының бастығы (келісім бойынша)
Тармақ 4
4. Есенжан Қайыржанұлы Досанов - облыс прокурорының бірінші орынбасары (келісім бойынша)
Тармақ 5
5. Боран Төлегенұлы Дүйсенов - мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің төрағасы (келісім бойынша)
Тармақ 6
6. Жолдасқали Байғазыұлы Ерғалиев - облыс әкімі аппаратының мемлекеттік құқық бөлімінің бас маманы
Тармақ 7
7. Жанат Орынғалқызы Жарылғасова - облыстық мемлекеттік бас санитарлық дәрігері
Тармақ 8
8. Жоламан Қойбақұлы Қойбақов - облыстық коммуналдық меншік басқармасының бастығы