Об установлении публичного сервитута товариществу с ограниченной ответственностью «Володарское PRP» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.03.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Володарское PRP» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жария сервитут белгілеу туралы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 17-бабының 1-1) тармақшасына, 69-бабының 4-тармағының 2) тармақшасына, 71-1-бабының 2-тармағына, «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес, «Володарское PRP» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 2026 жылғы 19 ақпандағы өтініші, 2013 жылғы 22 сәуірдегі № 4210-ТПИ келісімшартының № 4 толықтыру негізінде, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданында орналасқан, осы қаулының қосымшасына сәйкес «Володарское PRP» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жалпы ауданы 28915,498 гектар жер учаскелеріне 2026 жылғы 8 шілдеге дейінгі мерзімге Солтүстік Қазақстан облысындағы Володарское алаңының полиметалл кендері мен асыл металдарын барлауға геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу үшін, жер пайдаланушылардың жер учаскелерін алып қоймай, жария сервитут белгіленсін.
Тармақ 2
2. «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі:
Тармақша 1
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде көшірмесін электрондық түрде мемлекеттік және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберу;
Тармақша 2
2) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыру.
Тармақ 3
3. «Володарское PRP» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне бұзылған жерлерді қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу ұсынылсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау осы салаға жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. № 4210 ТПИ келісімшарттық аумақтың жер учаскелерінің әкімшілік жағдайының кестесі
Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің 2026 жылғы 12 наурыздағы № 48 қаулысына қосымша № 4210 ТПИ келісімшарттық аумақтың жер учаскелерінің әкімшілік жағдайының кестесі № Учаскенің атауы Әкімшілік жағдайы Жалпы ауданы гектарда 1 Петаевский Солтүстік Қазақстан облысы, Ғабит Мүсірепов атындағы аудан, Тахтаброд ауылдық округі 2710,73 2 Тахтабродский Солтүстік Қазақстан облысы, Ғабит Мүсірепов атындағы аудан, Тахтаброд ауылдық округі 1333,15 3 Кургарагайский Солтүстік Қазақстан облысы, Ғабит Мүсірепов атындағы аудан, Тахтаброд ауылдық округі 2610,79 4 Литвиновское Солтүстік Қазақстан облысы, Ғабит Мүсірепов атындағы аудан, Салқынкөл ауылдық округі 242,188 5 Красный Казахстан Солтүстік Қазақстан облысы, Ғабит Мүсірепов атындағы аудан, Қырымбет ауылдық округі 622,65 6 Дубровский Солтүстік Қазақстан облысы, Ғабит Мүсірепов атындағы аудан, Чистопол ауылдық округі 5884,28 7 Шоккарагайский Солтүстік Қазақстан облысы, Ғабит Мүсірепов атындағы аудан, Чистопол ауылдық округі 10244,17 8 Северо-Золотоношенский Солтүстік Қазақстан облысы, Ғабит Мүсірепов атындағы аудан, Андреев ауылдық округі 1928,6 9 Шарыкский Солтүстік Қазақстан облысы, Ғабит Мүсірепов атындағы аудан, Көкалажар ауылдық округі 3338,94 Барлығы 28915,498