О некоторых вопросах акционерного общества «Национальная компания «QazExpoCongress» Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.10.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«QazExpoCongress» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 166-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «QazExpoCongress» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Қоғам) акцияларының мемлекеттік пакетіне 100 (жүз) пайыз мөлшерде иелік ету және пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне берілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) Қоғамның акцияларының мемлекеттік пакетіне иелік ету және оларды пайдалану құқықтарын Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне беруді қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
Тармақ 3
3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы 2025 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы « » № қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
Тармақ 1
1. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында: көрсетілген қаулымен бекітілген Иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде: «Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 376-6-жолмен толықтырылсын: «376-6. «QazExpoCongress» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы.»; «Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігіне» деген бөлімде: реттік нөмірі 400-1-жол алып тасталсын.
Тармақ 2
2. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 17 және 2019 жылғы 1 шілдедегі № 46 жарлықтарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 10 шілдедегі № 497 қаулысында: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі туралы ережеде: Министрліктің және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде: реттік нөмірі 2-жол алып тасталсын.
Тармақ 3
_____________________________