О создании специальной экономической зоны «Qyzyljar» Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.10.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағын құру туралы «Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы» 2019 жылғы 3 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2044 жылға дейінгі кезеңге «Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрі – «Qyzyljar» АЭА) құрылсын.
Тармақ 2
2. Қоса беріліп отырған:
Тармақша 1
1) «Qyzyljar» АЭА туралы ереже;
Тармақша 2
2) «Qyzyljar» АЭА нысаналы индикаторлары бекітілсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. «Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағы туралы ЕРЕЖЕ
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы « » № қаулысымен бекітілген «Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағы туралы ЕРЕЖЕ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрі – «Qyzyljar» АЭА) қоса беріліп отырған жоспарға сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының аумағында Петропавл қаласының және Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы және Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының әкімшілік-аумақтық шекаралары шегінде орналасқан. «Qyzyljar» АЭА аумағы 622,3 гектарды құрайды және Қазақстан Республикасы аумағының ажырамас бөлігі болып табылады.
Тармақ 2
2. «Qyzyljar» АЭА:
Тармақша 1
1) Петропавл қаласын қарқынды дамыту;
Тармақша 2
2) республика экономикасының әлемдік шаруашылық байланыстар жүйесіне кіруін жандандыру, тиімділігі жоғары, оның ішінде жоғары технологиялық және бәсекеге қабілетті өндірістер құру, өнімнің жаңа түрлерін шығаруды игеру, инвестициялар тарту, нарықтық қатынастардың құқықтық нормаларын жетілдіру, басқару мен шаруашылық жүргізудің қазіргі заманғы әдістерін енгізу, сондай-ақ әлеуметтік проблемаларды шешу үшін өңірді жедел дамыту мақсатында құрылады.
Тармақ 3
3. АЭА-ны құру мақсаттарына сәйкес келетін оның қызметінің басым түрлерінің тізбесін, сондай-ақ көрсетілген тізбеге қызметтің басым түрлерін енгізу тәртібін арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарды құру, оның жұмыс істеуі және оны тарату саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен және салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен келісу бойынша айқындайды.
Тармақ 4
4. «Qyzyljar» АЭА-ның қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясымен, «Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасымен реттеледі. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта арнайы экономикалық аймақтар туралы заңнамада қамтылғаннан өзгеше қағидалар белгіленген болса, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
Тармақ 5
5. «Qyzyljar» АЭА-ның аумағында арнайы құқықтық режим белгіленеді.
Тарау 2. 2. «Qyzyljar» АЭА-ны басқару
2. «Qyzyljar» АЭА-ны басқару
Тармақ 6
6. «Qyzyljar» АЭА-ны басқару «Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
Тарау 3. 3. «Qyzyljar» АЭА-ның аумағында салық салу
3. «Qyzyljar» АЭА-ның аумағында салық салу
Тармақ 7
7. «Qyzyljar» АЭА аумағында салық салу Қазақстан Республикасының салық заңнамасымен реттеледі.
Тарау 4. 4. Кедендік реттеу
4. Кедендік реттеу
Тармақ 8
8. «Qyzyljar» АЭА аумағында кедендік реттеу Еуразиялық экономикалық одақтың және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасының ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.
Тарау 5. 5. Шетел азаматтарының «Qyzyljar» АЭА аумағында болу тәртібі
5. Шетел азаматтарының «Qyzyljar» АЭА аумағында болу тәртібі
Тармақ 9
9. «Qyzyljar» АЭА аумағына Қазақстан Республикасының заңнамасында және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық келісімдерде белгіленген шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдардың, сондай-ақ олардың көлік құралдарының келуі, одан кетуі, транзитпен өтуі және болу тәртібі қолданылады.
Тарау 6. 6. Қорытынды ережелер
6. Қорытынды ережелер
Тармақ 10
10. Осы Ережеде белгіленген шарттар Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен өзгертілуі мүмкін.
Тармақ 11
11. «Qyzyljar» АЭА «Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген негіздер бойынша таратылады.
Тармақ 12
12. «Qyzyljar» АЭА-ны басқару «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 13
13. Құрылған мерзімнің өтуіне байланысты «Qyzyljar» АЭА-ны тарату кезінде Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі:
Тармақша 1
1) көрсетілген мерзім өткенге дейін кемінде үш ай бұрын бұқаралық ақпарат құралдарында «Qyzyljar» АЭА-ны алдағы тарату, оның таратылуына байланысты өтініштер мен наразылықтарды қабылдау тәртібі мен мерзімдері туралы хабарландыру жариялайды;
Тармақша 2
2) «Qyzyljar» АЭА аумағында қызметін жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғаларға оның аумағындағы тауарларды өзге кедендік рәсіммен қайта ресімдеу тәртібін түсіндіруді қамтамасыз етеді;
Тармақша 3
3) «Qyzyljar» АЭА таратылғаннан кейін бір ай мерзімде Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметіне «Qyzyljar» АЭА қызметінің нәтижелері туралы есеп береді.
Тармақ 14
14. «Qyzyljar» АЭА Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен мерзімінен бұрын таратылған кезде рәсім алты айдан кешіктірілмейтін мерзімде осы Ереженің 13-тармағында көзделген рәсімдер сақтала отырып аяқталуға тиіс.
Тармақ 15
15. Осы Ережемен реттелмеген «Qyzyljar» АЭА қызметі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Басқа 1.0. «Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағы шекарасының жоспары
«Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағы туралы ережеге қосымша «Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағы шекарасының жоспары «Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрі – «Qyzyljar» АЭА) Солтүстік Қазақстан облысының аумағында Петропавл қаласының және Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының және Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының әкімшілік-аумақтық шекаралары шегінде орналасқан (№ 1 субаймақ – 15 га, № 2 субаймақ –7,3 га, № 3 субаймақ –160 га, № 4 субаймақ – 30 га, № 5 субаймақ – 150 га, № 6 субаймақ – 200 га, № 7 субаймақ – 60 га). «Qyzyljar» АЭА жалпы ауданы – 622,3 га. «Qyzyljar» АЭА № 1 қосалқы аймағы. Аумақ қала орталығында орналасқан, Парковая көшесі. Ауданы – 15 га. «Qyzyljar» АЭА № 2 қосалқы аймағы. Аумақ Береке шағын ауданында орналасқан, Нефтепроводная көшесі. Ауданы – 7,3 га. «Qyzyljar» АЭА № 3 қосалқы аймағы. Аумақ айналма жол ауданында орналасқан, Промышленная көшесі, ЖЭО 2. Ауданы – 160 га. «Qyzyljar» АЭА № 4 қосалқы аймағы. Аумақ Шығыс шағын ауданында орналасқан. Ауданы – 30 га. «Qyzyljar» АЭА № 5 қосалқы аймағы. Аумақ Петропавл қаласының солтүстік бөлігінде орналасқан, Теплые Кусты көшесі. Ауданы – 150 га. «Qyzyljar» АЭА № 6 қосалқы аймағы. Аумақ Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша ауданы Амандық ауылдық округінде орналасқан. Ауданы – 200 га. «Qyzyljar» АЭА № 7 қосалқы аймағы. Аумақ Солтүстік Қазақстан облысының Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы Новоишимка ауылдық округінің Новоишимка ауылында орналасқан. Ауданы – 60 га. ____________________
Басқа 2. «Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағының нысаналы индикаторлары
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 11қазандағы № 758 қаулысымен бекітілген «Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағының нысаналы индикаторлары Р/с № Мақ­сат­тар, мін­дет­тер және көр­сет­кіш­тер Өл­шем бір­лі­гі* Ба­за­лық ке­зең (2019 жыл) 2024 жы­л­ға қа­рай ны­са­на­лы ин­ди­ка­тор­ға қол жет­кі­зу 2029 жы­л­ға қа­рай ны­са­на­лы ин­ди­ка­тор­ға қол жет­кі­зу 2034 жы­л­ға қа­рай ны­са­на­лы ин­ди­ка­тор­ға қол жет­кі­зу 2039 жы­л­ға қа­рай ны­са­на­лы ин­ди­ка­тор­ға қол жет­кі­зу 2044 жы­л­ға қа­рай ны­са­на­лы ин­ди­ка­тор­ға қол жет­кі­зу 1 2 3 4 5 6 7 8 9 1. Тар­ты­л­ған ин­ве­сти­ци­я­лар­дың жал­пы кө­ле­мі, оның ішін­де: млрд тең­ге 21 175 225,55 227,6 228 229 1.1 ше­тел­дік ин­ве­сти­ци­я­лар кө­ле­мі млрд тең­ге 16 158 98,157 100,2 100,2 101,2 1.2 отан­дық ин­ве­сти­ци­я­лар кө­ле­мі млрд тең­ге 5 17 127,4 127,4 128,4 128,4 2. АЭА ау­ма­ғын­да та­у­ар­лар­ды және көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­ді (жұ­мыстар­ды) өн­ді­ру кө­ле­мі млрд тең­ге - 4,5 250 260 265 270 3. Қа­ты­су­шы­лар са­ны ком­па­ни­я­лар 1 15 22 24 26 28 4. Қо­сал­қы қыз­мет түр­ле­рін жү­зе­ге асы­ра­тын адам­дар­дың са­ны адам 10 23 29 35 41 47 5. АЭА ау­ма­ғын­да құ­ры­ла­тын жұ­мыс орын­да­ры­ның са­ны адам 300 1 000 2 641 2680 2 800 3 000 6 АЭА ау­ма­ғын­да­ғы өн­ді­рі­стің жал­пы кө­ле­мін­де­гі қа­зақ­стан­дық қам­ту үле­сі % 30 55 65 75 75 85 * - индикаторлардың көрсеткіштері өсу қорытындысымен келтірілген. _________________