Об установлении публичного сервитута товариществу с ограниченной ответственностью «Rocca» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.02.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Rocca» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қауымдық сервитутты белгілеу туралы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 17- бабының 5- 1) тармақшасына, 69, 71-1-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін- өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31- бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес, Қарқаралы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, «Rocca» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне, Қарқаралы ауданы, Томар ауылдық округі жерінде пайдалы қатты қазбаларды барлау жұмыстарын жүргізу үшін, жалпы көлемі- 1742,5263 га; меншік иелері мен жер пайдаланушылардан жер учаскелерін алып қоймай, 2031 жылдың 19 маусымға дейін қауымдық сервитут белгіленсін.
Тармақ 2
2. Жер пайдаланушы- «Rocca» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (келісім бойынша) жер пайдаланушыларға және жер учаскесінің иелеріне толық көлемде шығындарын өтеуді қамтамасыз етсін, шығын көлемі және олардың өтемақысы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тараптардың келісімдері бойынша белгіленсін.
Тармақ 3
3. Барлау жұмыстарын жүргізу мерзімін, олардың нақты орнын, шығындарды өтеу және жердің нысаналы мақсаты бойынша пайдалануға жарамды күйге келтіру жөніндегі міндеттерді айқындау мақсатында уәкілетті органдармен пайдаланған жер учаскелерін жарамды күйде тапсыруға міндетті.
Тармақ 4
4. «Қарқаралы ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын басқа да шараларды қабылдасын.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалысына бақылау жасау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 6
6. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. «Rocca» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қауымдық сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізбесі
Қарқаралы ауданының әкімдігінің 2026 жылғы «03» ақпандағы № 28 қаулысына қосымша «Rocca» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қауымдық сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізбесі № Орналасқан жері Кадастырлық номері Жалпы көлемі, га қауымдық сервитут белгіленуге жататын учаскелердің бөліктерінің ауданы (лицензия шекарасында) га; 1 Алькешов Ф.Ж. (ШҚ жүргізу) 09-133-034-074 3035,3006 512,0422 2 Жаналинова Л.А. (ШҚ жүргізу) 09-133-034-099 2201,6332 1230,4841 Барлығы: 5236,9338 1742,5263