Об установлении публичного сервитута товариществу с ограниченной ответственностью «Silk Road Mining Corporaition» Күшін жойған
Басқа 0
«Silk Road Mining Corporaition» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қауымдық сервитут белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 17, 69 және 71-1-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес Амангелді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Silk Road Mining Corporaition» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен пайдалы қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу үшін, Амангелді ауданы Тасты ауылдық округі аумағында орналасқан жалпы алаңы 657,6957 гектар жер учаскесіне жер пайдаланушылардан алып қоймай, 2026 жылдың 2 қарашасына дейінгі мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
Тармақ 2
2. «Амангелді ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы қаулыны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;
Тармақша 2
2) осы қаулыны оның ресми жарияланғанынан кейін Амангелді ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Амангелді ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.