Об установлении публичного сервитута для проведения работ по разведке полезных ископаемых товариществу с ограниченной ответственностью «Sirius Minerals Company» Қолданыста
Басқа 0
«Sirius Minerals Company» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне пайдалы қазбаларды барлау жұмыстарын жүргізу үшін қауымдық сервитут белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 17-бабының 1-1) тармақшасына, 69-бабының 4-тармағына және 71-1 бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабына сәйкес, Әйтеке би ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Sirius Minerals Company» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қатты пайдалы қазбаларды барлау жұмыстарын жүргізу үшін, Әйтеке би ауданы аумағында орналасқан № 4113-EL лицензиясы бойынша жалпы алаңы 79,85 гектар жер учаскелеріне жер пайдаланушылардан алып қоймай, 2032 жылдың 21 ақпанға дейінгі мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
Тармақ 2
2. «Әйтеке би аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы қаулыны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;
Тармақша 2
2) осы қаулыны оны ресми жарияланғаннан кейін Әйтеке би ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. «Sirius Minerals Company» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жер пайдаланушыларға қауымдық сервитут белгілеуден келтірілген шығынды толық көлемде өтеуді қамтамасыз етсін және пайдалы қазбаларды барлау жұмыстарын жүргізу жұмыстары аяқталғаннан кейін бүлінген жерді қалпына келтіру жұмыстарын жүргізсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау осы салаға жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы оның алғашқы жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.