О запуске пилотного проекта по государственной услуге «Назначение единовременной выплаты на погребение и единовременного пособия членам семьи умершего пенсионера Министерства обороны» в части уведомления в проактивном формате посредством использования цифровой-аналитической системы «Smart Data Ukimet» Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.05.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Қорғаныс министрлігінің зейнеткері қайтыс болған отбасы мүшелеріне жерлеу рәсіміне біржолғы төлем және біржолғы жәрдемақы тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша пилоттық жобаны «Smart Data Ukimet» цифрлық-талдамалық жүйесін пайдалану арқылы проактивті форматта хабарлама беру бөлігінде іске қосу туралы «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
Тармақ 1
1. «Қорғаныс министрлігінің зейнеткері қайтыс болған отбасы мүшелеріне жерлеу рәсіміне біржолғы төлем және біржолғы жәрдемақы тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша пилоттық жоба «Smart Data Ukimet» цифрлық-талдамалық жүйесін пайдалану арқылы проактивті форматта хабарлама беру бөлігінде іске қосылсын.
Тармақ 2
2. Қоса беріліп отырған Қайтыс болған зейнеткердің отбасы мүшелеріне «Қорғаныс министрлігінің зейнеткері қайтыс болған отбасы мүшелеріне жерлеу рәсіміне біржолғы төлем және біржолғы жәрдемақы тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша пилоттық жобаны «Smart Data Ukimet» цифрлық -талдамалық жүйесін пайдалану арқылы проактивті форматта хабарлама беру бөлігінде іске қосу кезінде мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жасау алгоритмі бекітілсін.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамы:
Тармақша 1
1) болған жағдайда «Smart Bridge» жүйесінде өтінім беру арқылы дербес деректерге қолжетімділікті бақылау мемлекеттік сервисіне (бұдан әрі – ДҚБ сервисі) қосылуды қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) пилоттық жоба шеңберінде қызмет көрсету кезінде Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы, жылжымайтын мүлікке құқықты (ауыртпалықты) мемлекеттік тіркеу туралы заңнамасына сәйкес ДҚБ сервисі арқылы субъектінің немесе оның заңды өкілінің дербес деректерді алуға келісімін алуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамы «Киберқауіпсіздік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 38-бабы 1 және 2-тармағының 1) және 5-тармақшаларына, 49-бабы 2-тармағының 4) және 6) тармақшаларына, 54-бабының 4-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрі міндетін атқарушының 2018 жылғы 29 наурыздағы № 123 бұйрығымен бекітілген «Цифрлық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін интеграциялау қағидаларының 4 және 8-тармақтарына сәйкес:
Тармақша 1
1) киберқауіпсіздік талаптарына сәйкес сынақтың оң нәтижесі бар сынақ хаттамасы болғанда;
Тармақша 2
2) өзінің киберқауіпсіздік жедел орталығы болғанда және ол жұмыс істегенде немесе Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес цифрландыру және киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарда белгіленген көлемде үшінші тұлғадан алғанда;
Тармақша 3
3) цифрлық және киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарға сәйкес келуі бойынша шаралар қабылдағанда интеграциялауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Зейнетақымен қамсыздандыру орталығы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) мемлекеттік орган басшыларының соңғысы осы бұйрыққа қол қойған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 6
6. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасарына және Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 7
7. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі және Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі осы бұйрықты мүдделі ведомстволық бағынысты ұйымға жеткізсін.
Тармақ 8
8. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап, бірақ 2026 жылғы 12 шілдеден кешіктірілмей қолданысқа енгізіледі және 2027 жылғы 12 шілдеге дейін қолданыста болады.
Басқа 1. Қайтыс болған зейнеткердің отбасы мүшелеріне «Қорғаныс министрлігінің зейнеткері қайтыс болған отбасы мүшелеріне жерлеу рәсіміне біржолғы төлем және біржолғы жәрдемақы тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша пилоттық жобаны «Smart Data Ukimet» цифрлық-талдамалық жүйесін пайдалану арқылы проактивті форматта хабарлама беру бөлігінде іске қосу кезінде мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жасау алгоритмі
Бұйрығына қосымша Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2026 жылғы _22_ _мамыр №_539_ Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2026 жылғы _11_ маусым №_307/НҚ _ бірлескен бұйрығымен бекітілген Қайтыс болған зейнеткердің отбасы мүшелеріне «Қорғаныс министрлігінің зейнеткері қайтыс болған отбасы мүшелеріне жерлеу рәсіміне біржолғы төлем және біржолғы жәрдемақы тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша пилоттық жобаны «Smart Data Ukimet» цифрлық-талдамалық жүйесін пайдалану арқылы проактивті форматта хабарлама беру бөлігінде іске қосу кезінде мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жасау алгоритмі
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Алгоритм қайтыс болған зейнеткердің отбасы мүшелеріне «Қорғаныс министрлігінің зейнеткері қайтыс болған отбасы мүшелеріне жерлеу рәсіміне біржолғы төлем және біржолғы жәрдемақы тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – көрсетілетін қызмет) бойынша пилоттық жобаны «Smart Data Ukimet» цифрлық-талдамалық жүйесінде проактивті тәсілмен хабарлама беру бөлігінде мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жасау тәртібін (бұдан әрі – Алгоритм) айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Алгоритмде мынадай негізгі ұғымдар мен қысқартулар қолданылады:
Тармақша 1
1) абоненттік ұялы байланыс құрылғысы – абонент берген ақпаратты беру немесе қабылдау үшін электр байланыс сигналын түзетін және ұялы байланыс желісінде жұмыс істейтін қызмет көрсетілетін аумақ шеңберінде географиялық тұрғыдан нақты айқындалған орналасқан жері жоқ ұялы байланыс операторының желісіне қосылған жеке қолданылатын байланыс құралы;
Тармақша 2
2) «Азаматтық хал актілерін тіркеу» цифрлық жүйесі (бұдан әрі –«АХАТ» ЦЖ) – белгілі бір жағдай (бала туу, қайтыс болу, неке қию немесе некені бұзу, бала асырап алу, әкелік қатынасты анықтау және ТАӘ-ні өзгерту) бойынша Қазақстан Республикасы тұрғындарының хал актісін тіркеу үшін арналған, бұл ретте бала туу және қайтыс болу туралы мәліметтер «ЖТ МДК» ЦЖ-ға беріледі;
Тармақша 3
3) бірыңғай байланыс орталығы – телефондық қызмет көрсету орталығы;
Тармақша 4
4) «Жеке тұлғалар бойынша мемлекеттік дерекқор» цифрлық жүйесі (бұдан әрі – «ЖТ МД» ЦЖ) – Қазақстан Республикасы барлық азаматының, сондай-ақ шетелдік және ел аумағында тіркелген адамдардың дербес деректерін қамтитын цифрлық жүйе;
Тармақша 5
5) «Жоғары білім берудің бірыңғай платформасы» цифрлық жүйесі (бұдан әрі – «ЖБП» ЦЖ) – жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағыты бойынша ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу мен беру үшін арналған;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «Автоматтандырылған жұмылдыру ресурсы жүйесінің интеграциялық шлюзі» цифрлық жүйесі (бұдан әрі – АЖРЖ ИШ» ЦЖ);
Тармақша 7
7) көрсетілетін қызметті алушы – мемлекеттік көрсетілетін қызметті алатын Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалары, заңды тұлғалардың филиалы мен өкілділігі, сондай-ақ шетел азаматтары, азаматтығы жоқ адамдар;
Тармақша 8
8) көрсетілетін қызметті беруші – мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекітетін және тиісті салада мемлекеттік қызмет көрсету процесін ұйымдастыратын орталық мемлекеттік орган, сондай-ақ тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте мемлекеттік қызмет көрсету процесін ұйымдастыратын облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) және ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы;
Тармақша 9
9) қысқа мәтіндік хабарлама (бұдан әрі – SMS-хабарлама) – байланыс операторы ұялы байланыс желісі арқылы ақпарат жіберу және қабылдау бойынша көрсететін қызмет;
Тармақша 10
10) медициналық деректерді цифрлық жинау, сақтау мен өңдеу үшін Electronic Health (бұдан әрі – E-health) электрондық денсаулық сақтау цифрлық жүйесі (электрондық денсаулық сақтау);
Тармақша 11
11) мобильді азаматтар базасы (бұдан әрі – МАБ) – өрісті желінің абоненттік құрылғысы арқылы мемлекеттік қызмет көрсету және цифрлық хабарлама жіберу, сондай-ақ проактивті мемлекеттік қызмет көрсету үшін пайдаланылатын «электрондық үкімет» пайдаланушылары ұялы байланыс желісінің бірыңғай абоненттік нөмірлер базасы;
Тармақша 12
12) проактивті көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті берушінің бастамасы бойынша көрсетілетін қызметті алушының өтінімінсіз көрсетілетін мемлекеттік қызмет;
Тармақша 13
13) «Тіркелген тұрғындар тізілімі» цифрлық жүйесі (бұдан әрі – «ТТТ» ЦЖ) – пациент, оның ауруы, диспансерлік есебі, бастапқы медициналық-санитариялық көмек ұйымына тіркелуі, бала тууы/қайтыс болуы туралы демографиялық деректердің біріңғай дереккөзі;
Тармақша 14
14) «Ұлттық білім беру дерекқоры» цифрлық жүйесі (бұдан әрі – «ҰБДҚ» ЦЖ) – білім саласындағы бастапқы статистикалық деректерді жинау және өңдеу бойынша бизнес-процесті автоматтандыру үшін арналған «электрондық оқыту жүйесінің» (бұдан әрі – ЭОЖ») кіші жүйесі;
Тармақша 15
15) «цифрлық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – ЦҮП) – мемлекеттік көрсетілетін қызметке қатысатын мемлекеттік органдар мен өзге де субъектілер орналастыратын жинақталған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда мемлекеттік көрсетілетін қызметке, сондай-ақ электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік және өзге де қызметтерге қол жеткізудің «бірыңғай терезесін» білдіретін цифрлық объекті;
Тармақша 16
16) «Smart Data Ukimet» ақпараттық-талдамалық жүйесі (SDU АТЖ) – мемлекеттік органның цифрлық жүйесінде жинақталатын деректерді жинау, сақтау және кешенді талдау үшін арналған және мемлекеттік органдарға деректерге негізделген басқарушылық шешім қабылдау үшін талдамалық платформаны береді;
Тармақша 17
17) www.egov.kz (eGov) «цифрлық үкімет» – азаматтарға, бизнеске және мемлекеттік органдарға цифрлық мемлекеттік көрсетілетін қызметке қолжетімділік беру үшін арналған мемлекеттік бірыңғай веб-ресурс. Осы Алгоритмде қолданылатын барлық өзге де терминдер Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексінде, «Мемлекеттік және әлеуметтік-жауапты көрсетілетін қызметтер туралы» Заңда, «Киберқауіпсіздік туралы» Заңда, «Халықтың көші-қоны туралы» Заңда және өзге де нормативтік құқықтық актілерде қолданылатын мәнде қолданылады.
Тармақ 3
3. Пилоттық жобаға қатысушылар Қазақстан Республикасы Цифрлық кодексінің және «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Заңның талаптарын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 832 қаулысымен бекітілген цифрлық технологиялар және киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарды сақтайды.
Тармақ 4
4. Пилоттық жобаға қатысушылар дербес деректерге қолжетімділікті бақылаудың мемлекеттік сервисі арқылы дербес деректерді жинауға, өңдеуге келісім береді.
Бөлім 2. 2-бөлім. «Қорғаныс министрлігінің зейнеткері қайтыс болған отбасы мүшелеріне жерлеу рәсіміне біржолғы төлем және біржолғы жәрдемақы тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша пилоттық жобаны іске қосу кезінде «Smart Data Ukimet» цифрлық талдамалық жүйесін пайдалану арқылы проактивті форматта қайтыс болған зейнеткердің отбасы мүшелерін хабардар ету бөлігінде мемлекеттік органдардың және ұйымдардың өзара іс-қимылы тәртібі
2-бөлім. «Қорғаныс министрлігінің зейнеткері қайтыс болған отбасы мүшелеріне жерлеу рәсіміне біржолғы төлем және біржолғы жәрдемақы тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша пилоттық жобаны іске қосу кезінде «Smart Data Ukimet» цифрлық талдамалық жүйесін пайдалану арқылы проактивті форматта қайтыс болған зейнеткердің отбасы мүшелерін хабардар ету бөлігінде мемлекеттік органдардың және ұйымдардың өзара іс-қимылы тәртібі
Тармақ 5
5. Пилоттық жоба шеңберінде қызмет көрсету Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2022 жылғы 18 тамыздағы № 680 бұйрығымен бекітілген «Қорғаныс министрлігінің қайтыс болған зейнеткерін жерлеуге арналған біржолғы төлемді және оның отбасы мүшелеріне берілетін біржолғы жәрдемақыны тағайындау» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29203 болып тіркелген) (бұдан әрі – НҚА) және осы бірлескен бұйрыққа сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 6
6. Жеке деректерді жинау мен өңдеуге келісім мемлекеттік жеке деректерге қолжетімділікті бақылау сервисі арқылы беріледі
Тармақ 7
7. SDU АТЖ зейнеткер жастағы әскери қызметшіге қатысты ЦЖ АЖРЖ ИШ-дан алынған деректер негізінде «АХАТ» ЦЖ деректері негізінде Жерлеуге арналған біржолғы төлемді және біржолғы жәрдемақыны тағайындау қағидаларына сәйкес «Қайтыс болған адам» мәртебесінің бар-жоғын, сондай-ақ қайтыс болған күннің өту мерзімін тексереді.
Тармақ 8
8. SDU АТЖ осы Алгоритмнің 7-тармағы нәтижесінде жасалған ықтимал көрсетілетін қызметті алушыға қатысты E-health деректері негізінде жеке тұлғаның қайтыс болуы туралы азаматтық хал актісін тіркеу үшін жүгінген адам туралы мәлімет алады. Азаматтық хал актісін тіркеу үшін жүгінген адам туралы мәлімет болмағанда мәйітті алған адам туралы мәліметтің бар-жоғын тексереді.
Тармақ 9
9. SDU АТЖ «АХАТ» ЦЖ-дан алынған деректер негізінде көрсетілетін қызметті алушы болып табылатын жұбайының/зайыбының (некеде тұрған) бар-жоғын тексереді.
Тармақ 10
10. SDU АТЖ Алгоритмнің 8 және 9-тармақтары нәтижесінде жүгінген ықтимал көрсетілетін қызметті алушыға қатысты «ЖТ МДК» ЦЖ-да, «АХАТ» ЦЖ-да, «ТТТ» ЦЖ-да мынадай өлшемшарт бойынша тексереді:
Тармақша 1
1) ықтимал көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады;
Тармақша 2
2) ықтимал көрсетілетін қызметті алушы «Тірі адам» мәртебесінде;
Тармақша 3
3) ықтимал көрсетілетін қызмет алушы басқа елде тұрақты тұрмайды;
Тармақша 4
4) ықтимал көрсетілетін қызметті алушы бас бостандығынан айыру орнында болмауын растау;
Тармақша 5
5) ықтимал көрсетілетін қызметті алушы әрекетке қабілетті болып табылады (психикалық ауыруы немесе ақыл-ойы кемістігі салдарынан әрекет ету қабілетінің мәнін түсінбейтін немесе оны басқара алмайтын азамат сотпен әрекетке қабілетсіз деп танылуы мүмкін, осыған орай оған қамқоршылық белгіленген). Жоғарыда көрсетілген өлшемшартқа сәйкес келмейтін көрсетілетін қызметті алушы тізімнен алынады.
Тармақ 11
11. SDU Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің қайтыс болған зейнеткерінің отбасы мүшелеріне жерлеу рәсіміне біржолғы төлем тағайындау үшін жасалған көрсетілетін қызметті алушылар тізімін МЦБ-да көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірінің бар-жоғын тексеру үшін ЭҮП-ға жібереді.
Тармақ 12
12. МЦБ-да ықтимал көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі болмағанда ЭҮП қызмет көрсету процесін тоқтату туралы бастама танытады. Абоненттік нөмірдің бар-жоғы туралы жазба тіркеу журналында жазылады. МАБ-да көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі болғанда одан әрі осы Алгоритмге 1-қосымшаға сәйкес қызмет көрсету туралы көрсетілетін қызметті алушының ұялы телефон құрылғысына SMS-хабарлама жіберіледі. SMS-хабарлама жіберу туралы жазба тіркеу журналында жазылады.
Тармақ 13
13. Қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» көрсетіледі.
Тармақ 14
14. SDU АТЖ осы Алгоритмнің 9-тармағы нәтижесінде жасалған ықтимал көрсетілетін қызметті алушыға қатысты «АХАТ» ЦЖ-да, «ҰББДҚ» ЦЖ-да, «ЖББП» ЦЖ-да қайтыс болуды тіркеуге жүгінген адамның қайтыс болған адаммен туыстық байланысын тексереді:
Тармақша 1
1) көрсетілетін қызметті алушының жұбайы/зайыбы (некеде тұрған);
Тармақша 2
2) қайтыс болған адамның қазіргі некеден туған 18 жасқа дейінгі балалары – көрсетілетін қызметті алушы екінші ата-ана/қамқоршы;
Тармақша 3
3) қайтыс болған адамның басқа некеден туған 18 жасқа дейінгі балалары – қызмет алушы екінші ата-ана/қамқоршы;
Тармақша 4
4) қайтыс болған адамның кез келген оқу орнында күндізгі оқу бөлімде білім алатын қазіргі некеден туған 18 – 23 жас аралығындағы балалары – көрсетілетін қызметті алушы;
Тармақша 5
5) қайтыс болған адамның кез келген оқу орнында күндізгі оқу бөлімде білім алатын басқа некеден туған 18 – 23 жас аралығындағы балалары – қызмет алушы. 15.Қайтыс болған адамда туыстық байланыс болмағанда (жеке тұлғаның қайтыс болуы туралы акт жазбасын тіркеуге жүгінген және мәйітті алған адам туралы мәліметте туыстық байланысы болмағанда), SDU АТЖ «АХАТ» ЦЖ-да, «ҰББДҚ» ЦЖ-да, «ЖББП» ЦЖ-да қайтыс болған адамда туыстық байланыстың бар-жоғын тексереді:
Тармақша 1
1) көрсетілетін қызметті алушының жұбайы/зайыбы (некеде тұрған);
Тармақша 2
2) қайтыс болған адамның қазіргі некеден туған 18 жасқа дейінгі балалары – көрсетілетін қызметті алушы екінші ата-ана/қамқоршы;
Тармақша 3
3) қайтыс болған адамның басқа некеден туған 18 жасқа дейінгі балалары – көрсетілетін қызметті алушы екінші ата-ана/қамқоршы;
Тармақша 4
4) қайтыс болған адамның кез келген оқу орнында күндізгі оқу бөлімде білім алатын қазіргі некеден туған 18 – 23 жас аралығындағы балалары – көрсетілетін қызметті алушы;
Тармақша 5
5) қайтыс болған адамның кез келген оқу орнында күндізгі оқу бөлімде білім алатын басқа некеден туған 18 – 23 жас аралығындағы балалары – көрсетілетін қызметті алушы.
Тармақ 16
16. SDU АТЖ Алгоритмнің 14, 15-тармақтары бойынша жасалған ықтимал көрсетілетін қызметті алушыға қатысты «ЖТ МДК» ЦЖ-да, «АХАТ» ЦЖ-да, «ТТТ» ЦЖ-да мынадай өлшемшартты тексереді:
Тармақша 1
1) ықтимал көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады;
Тармақша 2
2) ықтимал көрсетілетін қызметті алушы «Тірі адам» мәртебесінде;
Тармақша 3
3) ықтимал көрсетілетін қызметті алушы басқа елде тұрақты тұрмайды;
Тармақша 4
4) ықтимал көрсетілетін қызметті алушы бас бостандығынан айыру орнында болмауын растау;
Тармақша 5
5) ықтимал көрсетілетін қызметті алушы әрекетке қабілетті болып табылады (психикалық ауыруы немесе ақыл-ой кемістігі салдарынан әрекет ету қабілетінің мәнін түсінбейтін немесе оны басқара алмайтын азамат сотпен әрекетке қабілетсіз деп танылуы мүмкін, осыған орай оған қамқоршылық белгіленген).
Тармақ 17
17. SDU Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің қайтыс болған зейнеткерінің отбасы мүшелеріне жерлеу рәсіміне біржолғы төлем тағайындау үшін жасалған көрсетілетін қызметті алушылар тізімін МЦБ-да көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірінің бар-жоғын тексеру үшін ЭҮП-ға жібереді.
Тармақ 18
18. МЦБ-да ықтимал көрсетілетін қызмет алушының абоненттік нөмірі болмағанда ЭҮП қызмет көрсету процесін тоқтату туралы бастама танытады. Абоненттік нөмірдің бар-жоғы туралы жазба тіркеу журналында жазылады. МАБ-да көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі болғанда одан әрі осы Алгоритмге 1-қосымшаға сәйкес қызмет көрсету туралы қызмет алушының ұялы телефон құрылғысына SMS-хабарлама жіберу жүзеге асырылады. SMS-хабарлама жіберу фактісі туралы жазба тіркеу журналында жазылады.
Тармақ 19
19. Қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» көрсетіледі.
Тармақ 20
20. Ұсынған деректердің дұрыс болуына мемлекеттік орган цифрлық жүйесінің иесі жауапты болады.
Тармақ 21
21. Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өзара іс-қимылы қызмет көрсетудің үздіксіз және дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін тұрақты негізде жүргізіледі.
Бөлім 3. 3-бөлім. Мемлекеттік органдардың жауапкершілігі
3-бөлім. Мемлекеттік органдардың жауапкершілігі
Тармақ 22
22. Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өзара іс-қимылы қолданылатын цифрлық жүйесінің үздіксіз және дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін тұрақты негізде жүргізіледі.
Тармақ 23
23. Берілетін деректердің толық, түпнұсқалы, нақты болуын және бұрмаланбауын цифрлық жүйе тарапы – ақпарат беретін сервис иесі қамтамасыз етеді.
Тармақ 24
24. Мемлекеттік органдар мен ұйымдар цифрландыру, киберқауіпсіздік, цифрлық қауіпсіздік саласындағы заңнама талаптарының сақталуын және цифрлық жүйе пайдаланушылары қалыптастырған мәліметтер қауіпсіздігін және өзгермейтінін және форматтық-логикалық уақтылы бақылануын белгілеуді қамтамасыз етеді.
Басқа 1.1. Ықтимал көрсетілетін қызметті алушыға Қорғаныс министрлігінің қайтыс болған зейнеткерінің отбасы мүшелеріне жерлеу рәсіміне біржолғы төлем тағайындау бойынша көрсетілетін қызмет үшін жүгіну қажеттілігі туралы хабарлама
Қайтыс болған зейнеткердің отбасы мүшелеріне «Қорғаныс министрлігінің зейнеткері қайтыс болған отбасы мүшелеріне жерлеу рәсіміне біржолғы төлем және біржолғы жәрдемақы тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша пилоттық жобаны «Smart Data Ukimet» цифрлық -талдамалық жүйесін пайдалану арқылы проактивті форматта хабарлама беру бөлігінде іске қосу кезінде мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жасау алгоритміне 1-қосымша Ықтимал көрсетілетін қызметті алушыға Қорғаныс министрлігінің қайтыс болған зейнеткерінің отбасы мүшелеріне жерлеу рәсіміне біржолғы төлем тағайындау бойынша көрсетілетін қызмет үшін жүгіну қажеттілігі туралы хабарлама SMS-хабарлама мәтіні: Құрметті азамат(ша)! «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңның 51-бабының 6-тармағына сәйкес Сізге Қорғаныс министрлігінің еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы алушы қайтыс болған сәттегі үш айлық зейнетақы төлемі мөлшерінде жерлеу рәсіміне біржолғы төлем алу құқығы берілді. Сізге біржолғы төлем алу үшін www.egov.kz цифрлық үкімет порталы арқылы мемлекеттік қызмет көрсету үшін өтінім беру қажет. Барлық сұрақ бойынша 1414 нөмірі арқылы Бірыңғай байланыс орталығына хабарласуыңызға болады. Қоңырау шалу тегін.
Басқа 1.2. Ықтимал көрсетілетін қызметті алушыға Қорғаныс министрлігінің қайтыс болған зейнеткерінің отбасы мүшелеріне біржолғы жәрдемақы тағайындау бойынша көрсетілетін қызмет үшін жүгіну қажеттілігі туралы хабарлама
Қайтыс болған зейнеткердің отбасы мүшелеріне «Қорғаныс министрлігінің зейнеткері қайтыс болған отбасы мүшелеріне жерлеу рәсіміне біржолғы төлем және біржолғы жәрдемақы тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша пилоттық жобаны «Smart Data Ukimet» цифрлық-талдамалық жүйесін пайдалану арқылы проактивті форматта хабарлама беру бөлігінде іске қосу кезінде мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жасау алгоритміне 2-қосымша Ықтимал көрсетілетін қызметті алушыға Қорғаныс министрлігінің қайтыс болған зейнеткерінің отбасы мүшелеріне біржолғы жәрдемақы тағайындау бойынша көрсетілетін қызмет үшін жүгіну қажеттілігі туралы хабарлама SMS-хабарлама мәтіні: Құрметті азамат(ша)! «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңның 51-бабының 6-тармағына сәйкес Сізге Қорғаныс министрлігінің еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемін алушы қайтыс болған біржолғы жәрдемақы алу құқығы берілді. Сізге біржолғы жәрдемақы алу үшін www.egov.kz цифрлық үкімет порталы арқылы мемлекеттік қызмет көрсету үшін өтінім беру қажет. Барлық сұрақ бойынша 1414 нөмірі арқылы Бірыңғай байланыс орталығына хабарласуыңызға болады. Қоңырау шалу тегін.