О предоставлении товариществу с ограниченной ответственностью «SMART MINING» права ограниченного целевого пользования (публичный сервитут) сроком на 6 лет на земельный участок для целей разведки полезных ископаемых в Антоновском сельском округе Қолданыста
Басқа 0
«SMART MINING» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне, Антоновка, ауылдық округтерінде пайдалы қазбаларды барлау мақсаттары үшін жер учаскесіне 6 жыл мерзімге шектеулі нысаналы пайдалану құқығын (жария сервитут) беру туралы
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 17-бабының 5-тармағының 5-1) тармақшасы, 67-бабының 2-тармағының 3) тармақшасы, 71-1 -бабының, 31-бабының 1-тармағының 10) тармақшасы, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 31-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес, «SMART MINING» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Д. Ж. Жанапиннің 2026 жылғы 12 қаңтардағы қатты пайдалы қазбаларды барлауға арналған лицензиясының өтініші негізінде, Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «SMART MINING» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Антоновка ауылдық округінде пайдалы қазбаларды барлау мақсаттары үшін жалпы ауданы 33 га жер учаскесіне, оның ішінде осы қаулының қосымшасына сәйкес учаскелер бойынша 6 жыл мерзімге шектеулі нысаналы пайдалану құқығын (жария сервитут) беру.
Жер учаскесіндегі шектеулер, ауыртпалықтар: «Көкшетау» МҰТП РММ күзет аймағы, жария сервитут, «Қазақтелеком» АҚ, ЭБЖ күзет аймағы, ТОБЖ.
Жер учаскесін «Көкшетау ЭНЕРГО» ЖШС ЭБЖ қиып өтеді.
Жер учаскесі бөлінбейтін болып есептелсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.