О ратификации Протокола о внесении дополнения в Договор между Правительством Республики Казахстан и Международным обществом по созданию SOS детских деревень "SOS KINDERDORF INTERNATIONAL" Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен "SOS KINDERDORF INTERNATIONAL" SOS балалар ауылдарын құру жөніндегі халықаралық қоғам арасындағы шартқа толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы
Астанада 2008 жылғы 15 мамырда қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен "SOS KINDERDORF INTERNATIONAL" SOS балалар ауылдарын құру жөніндегі халықаралық қоғам арасындағы шартқа толықтыру енгізу туралы хаттама ратификациялансын.
📌 Ескерту. Нормативтік құқықтық актіге қоса тіркелген халықаралық хаттаманың мәтіні ресми болып табылмайды. ҚР халықаралық хаттамасының жасасқан тілдердегі ресми куәландырылған көшірмесін ҚР халықаралық хаттамаларын тіркеуге, есептеуге және сақтауға жауапты ҚР Сыртқы істер министрлігінен алуға болады
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен "SOS KINDERDORF INTERNATIONAL" SOS балалар ауылдарын құру жөніндегі халықаралық қоғам арасындағы шартқа толықтыру енгізу туралы хаттама
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен "SOS KINDERDORF INTERNATIONAL" SOS балалар ауылдарын құру жөніндегі халықаралық қоғам Қазақстан Республикасының Үкіметі мен "SOS KINDERDORF INTERNATIONAL" SOS балалар ауылдарын құру жөніндегі халықаралық қоғам арасындағы шартқа (бұдан әрі - Шарт) мынадай толықтыру енгізуге келісті:
Бап 1. 1-бап
1-бап
Шарттың 2-бабының 2.9-тармағындағы "қамтамасыз етуге міндеттенеді." деген сөздер "қамтамасыз етуге;" деген сөздермен ауыстырылып, аталған бап мынадай редакциядағы 2.10-тармақпен толықтырылсын:
"2.10. Егер ол қажет болса, жергілікті бюджеттердің жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап-бағуға арналған қаражаты есебінен SOS балалар ауылдарының шығындарын ішінара немесе толық өтеуді қамтамасыз етуге міндеттенеді.".
Бап 2. 2-бап
2-бап
Осы Хаттама Шарттың ажырамас бөлігі болып табылып, ратификациялануға тиіс және Шарттың 5.2-бабында көзделген тәртіппен күшіне енеді.
2008 жылғы 15 мамырда Астана қаласында әрқайсысы қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде екі түпнұсқа данада жасалды, бұл ретте барлық мәтіндердің күші бірдей.
Осы Хаттаманың мәтінін түсіндіруде келіспеушіліктер туындаған жағдайда Тараптар орыс тіліндегі мәтінге жүгінетін болады.
Қазақстан Республикасының "SOS KINDERDORF INTERNATIONAL"
Үкіметі үшін SOS балалар ауылдарын құру
жөніндегі халықаралық қоғамы
үшін
2008 жылғы 15 мамыр 2008 жылғы 15 мамыр
2008 жылғы 15 мамырда Астана қаласында жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен "SOS KINDERDORF INTERNATIONAL" SOS балалар ауылдарын құру жөніндегі халықаралық қоғам арасындағы шартқа толықтырулар енгізу туралы хаттаманың бұл көшірмесінің дәлдігін куәландырамын.
Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрлігі
Халықаралық-құқық
департаментінің кеңесшісі
Д. Сүлейменов