СОЦИАЛЬНЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 224-VII ·20.04.2023
01.07.2026 редакциясы
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

10-бап. Әлеуметтік қорғалу құқығы

СОЦИАЛЬНЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 224-VII

1. Осы Кодексте белгіленген жағдайлар туындаған кезде адамдарға (отбасыларға) әлеуметтік қорғау:
1) балалы отбасыларды әлеуметтік қорғау;
2) жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау және халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету шаралары, сондай-ақ міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысқан жағдайда жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемдер;
3) жан басына шаққандағы орташа кірісі кедейлік шегінен аспайтын адамдарға (отбасыларға) атаулы әлеуметтік көмек;
4) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер ұсынылуға мұқтаж деп танылған адамдарға (отбасыларға) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету;
5) мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау;
6) осы Кодекске және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төлеу арқылы азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек;
6-1) еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда істейтін адамдарды әлеуметтік қорғау;
7) зейнетақымен қамсыздандыру;
8) асыраушысынан айырылған адамдарды әлеуметтік қорғау;
9) жасына байланысты зейнетақы төлемдерін алушы немесе мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды алушы қайтыс болған жағдайда оның отбасына не жерлеуді жүзеге асырған адамға жерлеуге арналған біржолғы төлем түрінде беріледі.
2. Осы бапта көзделген құқықтар осы Кодекстің Ерекше бөлігінде көзделген тәртіппен және шарттарда іске асырылады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/sotsialnyy-kodeks/st-10/