Қолданыста
·
01.07.2026 редакциясы
101-бап. Лайықты жұмыс
СОЦИАЛЬНЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 224-VII
1. Кәсіптік даярлығына, еңбек өтіліне және бұрынғы мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесіне, денсаулық жағдайына, жұмыс уақытының режиміне, жұмыс орнына көлікпен жетудің қолжетімді болуына сәйкес келетін, оның ішінде уақытша сипаттағы жұмыс лайықты жұмыс деп есептеледі.
2. Жұмыс іздеуші адамның немесе жұмыссыз адамның келісуімен ғана тұрғылықты жерін өзгертуге байланысты лайықты жұмыс ұсынылуы мүмкін.
Тұрғылықты жерден лайықты жұмысқа көлікпен жетудің қолжетімділігін мансап орталықтары қоғамдық көлік қозғалысы маршруттарының болуын және лайықты жұмыстың тұрғылықты жерден қашықтығын ескере отырып айқындайды.
3. Бірінші рет жұмыс іздеп жүрген, бірақ кәсібі (мамандығы) жоқ, сондай-ақ екі жылдан артық жұмысы болмаған адамдар үшін алдын ала кәсіптік даярлауды талап ететін жұмысты, ал оны ұсыну мүмкін болмаған жағдайда – адамдардың жас шамасы мен өзге де ерекшеліктері және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының талаптары ескеріле отырып, ақы төленетін басқа жұмысты (уақытша сипаттағы жұмысты қоса алғанда) лайықты жұмыс деп есептеуге болады.
4. Мүгедектігі бар адам үшін оның тыныс-тіршілігінің шектелу дәрежесі ескеріле отырып, оған қолжетімді болуы қамтамасыз етілген жағдайдағы жұмыс, ал үш жасқа дейінгі балаларды күтумен айналысатын
адамдар үшін –
икемді және толық емес жұмыс уақыты режиміндегі, он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған адамдар үшін – икемді жұмыс уақыты режиміндегі
жұмыс лайықты жұмыс деп есептеледі.
5. Алдын ала даярлықты талап ететін немесе талап етпейтін (азаматтардың жас шамасы мен өзге де ерекшеліктерін ескере отырып) уақытша сипаттағы жұмыс:
1) бірінші рет жұмыс іздеп жүрген (бұрын жұмыс істемеген) және бұл ретте біліктілігі жоқ;
2) жазғы демалыс кезеңінде студенттер және жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушылары;
3) тоқтап тұруға байланысты жұмыспен қамтамасыз етілмеген адамдар;
4) ұзақ (екі жылдан астам) үзілістен кейін еңбек қызметін қайта жалғастыруға талпынғандар, сондай-ақ мансап орталықтары оқуға жібергендер және дәлелсіз себеппен оқуын тоқтатқандар;
5) жұмысынан айырылу жағдайы бойынша төленетін әлеуметтік төлем тоқтатылғаннан кейін кәсіптік оқытудан немесе қосымша білім алудан бас тартқан адамдар қатарындағы жұмыс іздеуші адамдарға және жұмыссыздарға лайық деп есептеледі.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/sotsialnyy-kodeks/st-101/