СОЦИАЛЬНЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 224-VII ·20.04.2023
01.07.2026 редакциясы
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

107-бап. Жұмыс орындарының квоталары

СОЦИАЛЬНЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 224-VII

1. Астананың, облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары белгілейтін жұмыс орындары квотасының шеңберінде жұмысқа орналасуға:
1) мүгедектігі бар адамдардың;
2) пробация қызметінің есебінде тұрған адамдардың;
3) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдардың;
4) он сегіз жасқа толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтардың құқығы бар.
2. Жергілікті атқарушы органдар ауыр жұмыстардағы, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыскерлердің тізімдік саны 50 адамнан асатын және одан жоғары жұмыс берушілерге мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын тәртіппен екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерде квота белгілейді.
3. Мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бірлестіктеріне, сондай-ақ мүгедектігі бар адамдардың саны жұмыскерлердің жылдық орташа санының жиырма пайызынан астамын құрайтын ұйымдарға квота белгіленбейді.
4. Осы баптың 1-тармағында көзделген квоталарды белгілеу кезінде жіберуші тарап жұмыскерлерінің тізімдік санында персоналды ұсыну жөніндегі қызметтер көрсетуге арналған шартқа сәйкес жұмысқа тартылатын жұмыскерлер есепке алынбайды.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/sotsialnyy-kodeks/st-107/