СОЦИАЛЬНЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 224-VII ·20.04.2023
01.07.2026 редакциясы
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

109-бап. Кәсіптік оқыту

СОЦИАЛЬНЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 224-VII

1. Жұмыссыздар қатарындағы Қазақстан Республикасы азаматтарының және қандастардың екі жыл ішінде бір рет кәсіптік оқуға құқығы бар.
2. Кәсіптік оқыту кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды және біліктілікті арттыруды қамтиды және:
1) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында, Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасына сәйкес білім беру қызметіне құқығы бар жұмыс берушілердің жанындағы оқу орталықтарында (бұдан әрі – оқу ұйымдары) немесе жұмыс берушінің өтінімі бойынша жұмыс берушінің жұмыс орнында;
2) сұранысқа ие кәсіптер тізбесі бойынша Электрондық еңбек биржасында жүзеге асырылады. Кәсіптік оқытуды ұйымдастыру мен қаржыландыру тәртібін уәкілетті мемлекеттік орган айқындайды.
3. Кәсіптік оқытуға жолдаманы, егер:
1) қажетті кәсіптік біліктіліктің болмауы салдарынан лайықты жұмыс таңдау мүмкін болмаса;
2) кәсіптік дағдыларға сай келетін жұмыстың болмауына байланысты кәсіпті (мамандықты), кәсіп түрін өзгерту қажет болса;
3) бұрынғы кәсібі бойынша жұмысты орындау қабілеті жоғалса, мансап орталығы береді.
4. Оқуды өз бетінше, дәлелді себепсіз тоқтатқан адамдар жұмыссыз ретінде қайта тіркелген күннен бастап күнтізбелік бір жыл өткен соң, бірақ бір реттен асырмай, оқуға қайта жіберілуі мүмкін.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/sotsialnyy-kodeks/st-109/