Мазмұнға өту
СОЦИАЛЬНЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста 01.07.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

114-бап. Жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік

Қолданыста 01.07.2026 редакциясы

СОЦИАЛЬНЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 224-VII

төлемді тағайындау мен жүзеге асыру тәртібі
1. Әлеуметтік төлем алуға құқығы бар адамның өтініші жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемді тағайындауға негіз болып табылады.
2. Жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес проактивті көрсетілетін қызмет арқылы тағайындалған кезде оны тағайындау үшін өтініш беру талап етілмейді.
3. Егер міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы жұмыссыз ретінде тіркелсе, оның мансап орталығының жолдамасы бойынша субсидияланатын жұмыс орындарына, кәсіптік оқуға қатысу фактісіне қарамастан, жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тағайындалады.
4. Жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемнің мөлшерін есептеу (айқындау), тағайындау, жүзеге асыру, тоқтата тұру, қайта есептеу, қайта бастау, тоқтату және оны тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешімді қайта қарау тәртібін уәкілетті мемлекеттік орган айқындайды.