Мазмұнға өту
СОЦИАЛЬНЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста 01.07.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

116-бап. Жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік

Қолданыста 01.07.2026 редакциясы

СОЦИАЛЬНЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 224-VII

төлем алушының құқықтары мен міндеттері
1. Жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем алушының:
1) осы Кодексте көзделген тәртіппен жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемді алуға;
2) Мемлекеттік корпорациядан және Қордан жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемді тағайындау және алу тәртібі туралы ақпаратты сұратуға және тегін алуға;
3) мемлекеттік органдардың, Мемлекеттік корпорацияның және Қордың шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасауға құқығы бар.
2. Жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемді алушы:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемді тағайындау үшін толық және анық құжаттарды (мәліметтерді) ұсынуға;
2) жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемді алу кезеңінде Мемлекеттік корпорацияны төлемді тоқтатуға негіз болуы мүмкін мән-жайлар туралы он жұмыс күні ішінде хабардар етуге;
3) жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемнің артық есепке жатқызылған (төленген) сомаларын ерікті түрде, ал бас тартқан жағдайда – соттың заңды күшіне енген шешімінің негізінде сот тәртібімен қайтаруды жүргізуге міндетті.