СОЦИАЛЬНЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 224-VII ·20.04.2023
01.07.2026 редакциясы
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

119-бап. Жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік

СОЦИАЛЬНЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 224-VII

төлемді тоқтата тұру, қайта бастау және тоқтату
1. Жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем мынадай мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден алынған мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады:
1) алушының банктік шоты бойынша үш және одан да көп ай бойы шығыс операцияларының болмауы туралы мәлімет. Бұл ретте әлеуметтік төлем тоқтатыла тұрған күнінен бастап қайта басталады;
2) шетел азаматының немесе азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын құжаттың, қандас куәлігінің қолданылу мерзімінің өтуі туралы мәлімет. Бұл ретте жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетел азаматының немесе азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын құжат, қандас куәлігі берілген күннен бастап қайта басталады;
3) өтініш берушінің жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемнің мөлшерін негізсіз айқындауға алып келген анық емес мәліметтерді ұсынуы туралы мәлімет. Бұл ретте жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тоқтатыла тұрған күнінен бастап осы Кодекске сәйкес айқындалған мөлшерде қайта басталады.
2. Жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемді алуға құқық сақталған жағдайда, ақпараттық жүйелерден алынған, әлеуметтік төлемді тоқтата тұруды туындатқан мән-жайлардың аяқталғанын растайтын құжаттардың және (немесе) мәліметтердің негізінде алушының өтініші бойынша қайта басталады.
3. Жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем:
1) алушы қайтыс болған (соттың оны қайтыс болды деп жариялау туралы шешімі заңды күшіне енген) жағдайда тоқтатылады. Бұл ретте жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем алушының қайтыс болған айын қоса алғанда (оны қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі заңды күшіне енген айды қоса алғанда) жүзеге асырылады;
2) алушының жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тағайындау туралы шешім қабылдауға негіз болған анық емес құжаттарды (мәліметтерді) ұсынуына байланысты тоқтатылады. Бұл ретте жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тағайындалған күнінен бастап тоқтатылады;
3) алушының жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемді тоқтатуға өтініш беруіне байланысты тоқтатылады. Бұл ретте жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем өтініш берілген айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатылады;
4) мансап орталығында алушыны жұмыссыз ретінде есептен шығарған айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап;
5) алушының «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген негіздер бойынша Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтатқаны туралы мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатылады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/sotsialnyy-kodeks/st-119/