Қолданыста
·
01.07.2026 редакциясы
124-бап. Учаскелік комиссиялар
СОЦИАЛЬНЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 224-VII
1. Учаскелік комиссиялар жергілікті атқарушы органдарға және кент, ауыл, ауылдық округ әкімдеріне халыққа атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі қызметте жәрдемдеседі.
Учаскелік комиссиялар атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайы туралы қорытындылар дайындайды.
2. Учаскелік комиссиялар жергілікті мемлекеттік басқару органдарының, қоғамдық бірлестіктердің, мүлік иелері бірлестіктерінің,
көппәтерлі тұрғын үйлердің, халықтың, білім беру, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау ұйымдары мен уәкілетті органдарының өкілдерінен, құқық қорғау органдарының қызметкерлерінен құралуы мүмкін.
3. Учаскелік комиссиялар өз қызметін астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары жергілікті өкілді органдармен келісу бойынша бекітетін учаскелік комиссиялар туралы ережелерге сәйкес жүзеге асырады.
Учаскелік комиссиялар туралы үлгілік ережені, сондай-ақ өтініш берушінің материалдық жағдайын тексеру нәтижелері бойынша атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаждықты айқындау өлшемшарттарын уәкілетті мемлекеттік орган әзірлейді және бекітеді.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/sotsialnyy-kodeks/st-124/