Мазмұнға өту
СОЦИАЛЬНЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста 01.07.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

127-бап. Жан басына шаққандағы орташа кірісті есептеу

Қолданыста 01.07.2026 редакциясы

СОЦИАЛЬНЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 224-VII

1. Атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық кірісін айқындау атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш жасалған кезде ұсынылған өтініштің және (немесе) Отбасының цифрлық картасының және (немесе) ұйымдардың деректері негізінде алынған мәліметтердің негізінде жүргізіледі. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдары өңірдің ерекшеліктерін ескере отырып, үй малын, құсты және жер учаскесін (жер үлесін) кіріс бермейді деп айқындауға құқылы. Атаулы әлеуметтік көмекті алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық кірісін есептеу қағидаларын уәкілетті мемлекеттік орган әзірлейді және бекітеді.
2. Жан басына шаққандағы кіріс атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсанда алынған жиынтық кірісті отбасы мүшелерінің санына және үш айға бөлу жолымен есептеледі.