Қолданыста
·
01.07.2026 редакциясы
13-бап. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті
СОЦИАЛЬНЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 224-VII
органның құзыреті
Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган:
1) халықтың саламатты өмір салтын қалыптастыру және мүгедектіктің профилактикасы саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізеді және іске асырады;
2) уәкілетті мемлекеттік органмен және білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша денсаулық сақтау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын әзірлейді және бекітеді;
3) алып тасталды - ҚР 17.07.2025 № 213-VIII (алғашқы ресми жарияланған
күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
4) өз құзыреті шегінде әлеуметтік қорғау саласындағы нормативтік құқтық актілерді әзірлейді және бекітеді;
5) осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/sotsialnyy-kodeks/st-13/