СОЦИАЛЬНЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 224-VII ·20.04.2023
01.07.2026 редакциясы
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

133-бап. Адамды (отбасын) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін

СОЦИАЛЬНЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 224-VII

қызметтерге мұқтаж деп танудың негіздері
1. Адам (отбасы) мынадай негіздер:
1) жетімдік;
2) ата-ана қамқорлығының болмауы;
3) кәмелетке толмағандардың қадағалаусыз қалуы, оның ішінде девиантты мінез-құлық;
4) кәмелетке толмағандардың арнаулы білім беру ұйымдарында, ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарында болуы;
5) туғаннан бастап үш жасқа дейінгі балалардың ерте психофизикалық даму мүмкіндіктерінің шектелуі;
6) мүгедектік және (немесе) дене бітімі және (немесе) ақыл-ой мүмкіндіктеріне байланысты организм функцияларының тұрақты бұзылуы;
7) әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналадағыларға қауіп төндіретін аурулардың салдарынан тыныс-тіршілігінің шектелуі;
8) жасының егде тартуына байланысты өзіне-өзі күтім жасай алмауы;
9) әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға алып келген қатыгездікпен қарау;
10) баспанасыздық (белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдар);
11) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылуы;
12) пробация қызметінің есебінде болу бойынша арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж деп танылады.
2. Әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға алып келген қатыгездіктің болуын бағалау өлшемшарттарын Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі уәкілетті мемлекеттік органмен және білім беру мен денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органдармен бірлесіп айқындайды. Жасалған әрекеттер бойынша қылмыстық іс қозғау фактісінің болуына қарамастан, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа, адам, оның ішінде кәмелетке толмаған балалар саудасына, оларды қанаудың басқа да түрлеріне, сондай-ақ адам ұрлауға байланысты іс-әрекеттер әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға алып келген қатыгездіктің нысандары болып табылады.
3. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген негіздер бойынша арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаждар қатарына жатпайтын адамға (отбасына), сондай-ақ әкімшілік, қылмыстық құқық бұзушылықты күш қолдана отырып жасаған адамға сот ерекше талаптар белгілеген кезеңде арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер ұсыну көрсетілетін қызметтерді алушының қаражаты есебінен уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/sotsialnyy-kodeks/st-133/