Қолданыста
·
01.07.2026 редакциясы
138-бап. Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге
СОЦИАЛЬНЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 224-VII
мұқтаждықтың алдын алу бойынша
ведомствоаралық өзара іс-қимыл
Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаждықтың туындауының алдын алу жөніндегі іс-шараларды жергілікті атқарушы органдар белгіленген құзыреттері шегінде:
1) адамды (отбасын) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге ықтимал мұқтаж деп тануға болатын негіздерді анықтау;
2) адамның (отбасының) тыныс-тіршілігі жағдайларын тексеру, осы жағдайлардың нашарлауына әсер ететін себептерді айқындау;
3) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаждықтың туындауын болдырмауға ықпал ететін жеке іс-шаралар жоспарын жасау;
4) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаждықтың туындауының алдын алу нәтижелерін талдау;
5) Отбасының цифрлық картасының деректері негізінде адамның (отбасының) әлеуметтік әл-ауқатын мониторингтеу және болжамдау арқылы жүзеге асырады.
Ескерту. Осы Кодекстің 263-бабы 3-тармағына сәйкес 5) тармақшасы 01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/sotsialnyy-kodeks/st-138/