СОЦИАЛЬНЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 224-VII ·20.04.2023
01.07.2026 редакциясы
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

139-бап. Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін

СОЦИАЛЬНЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 224-VII

қызметтерге жүгіну
1. Арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж адамға (отбасына) тұрғылықты жері бойынша Отбасының цифрлық картасының деректері негізінде арнаулы әлеуметтік қызметтерді алуға келісетіні туралы хабарлама жіберіледі. Проактивті қызмет арқылы арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету үшін құжаттарды ресімдеуге жүгінген күн осы қызметті көрсетуге құжаттарды ресімдеуге келісім алған күн болып саналады. Ескерту. Осы Кодекстің 263-бабы 5-тармағына сәйкес 1-тармақтың осы редакциясы 01.01.2025 дейін қолданылады.
2. Баспанасыздық (тұрғылықты жері анықталмаған адамға), әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға алып келген қатыгездікпен қарау салдарынан арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж адамға (отбасына) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер тұрғылықты жеріне қарамастан ұсынылады.
3. Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж адамның (отбасының) мүддесі үшін арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер көрсету туралы өтінішті адамның (отбасының) өз бетінше бере алмау себебін көрсете отырып:
1) отбасының ересек мүшелерінің біреуі;
2) қамқоршысы (қорғаншысы);
3) кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі;
4) Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес сенімхаты бар адам;
5) мынадай: әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға алып келген қатыгездікпен қарау; баспанасыздық (белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамға) салдарынан арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж адамға (отбасына) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер ұсынатын субъект;
6) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаждықтың туындауының алдын алу жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырған ұйым жүгіне алады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/sotsialnyy-kodeks/st-139/