СОЦИАЛЬНЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 224-VII ·20.04.2023
01.07.2026 редакциясы
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

149-бап. Алдын ала барудың түрлері мен кезеңділігі

СОЦИАЛЬНЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 224-VII

1. Ұлттық алдын алу тетігіне қатысушылардың алдын ала баруы:
1) төрт жылда кемінде бір рет тұрақты негізде жүргізілетін кезеңімен алдын ала бару;
2) алдыңғы кезеңімен алдын ала бару нәтижелері бойынша ұсынымдардың іске асырылуына мониторинг жүргізу, сондай-ақ алдын ала баруға жататын ұйымдардың әкімшіліктері тарапынан ұлттық алдын алу тетігіне қатысушылар әңгімелесу жүргізген адамдарды қудалаудың алдын алу мақсатында кезеңімен алдын ала бару аралығындағы кезеңде жүргізілетін аралық алдын ала бару;
3) азаптау және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе қадір-қасиетті қорлайтын басқа да қарым-қатынастар мен жазалау түрлерінің қолданылғаны туралы келіп түскен хабарлардың негізінде жүргізілетін арнаулы алдын ала бару болып бөлінеді.
2. Үйлестіру кеңесі бөлінген бюджет қаражаты шегінде алдын ала бару мерзімдері мен алдын ала баруға жататын ұйымдардың тізбесін айқындайды.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/sotsialnyy-kodeks/st-149/