СОЦИАЛЬНЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 224-VII ·20.04.2023
01.07.2026 редакциясы
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

151-бап. Ұлттық алдын алу тетігіне қатысушылардың жыл

СОЦИАЛЬНЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 224-VII

сайынғы жинақталған баяндамасы
1. Үйлестіру кеңесі ұлттық алдын алу тетігіне қатысушылардың алдын ала бару нәтижелері бойынша есептерін ескере отырып, олардың жыл сайынғы жинақталған баяндамасын дайындайды.
2. Ұлттық алдын алу тетігіне қатысушылардың жыл сайынғы жинақталған баяндамасында: уәкілетті мемлекеттік органдарға алдын ала баруға жататын ұйымдарда ұсталатын адамдармен қарым-қатынас жағдайларын жақсарту және азаптау және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе қадір-қасиетті қорлайтын басқа да қарым-қатынастар мен жазалау түрлерінің алдын алу бойынша ұсынымдар; Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстар да қамтылады. Ұлттық алдын алу тетігіне қатысушылардың жыл сайынғы жинақталған баяндамасына өткен жылғы алдын ала бару жөніндегі қаржылық есеп қоса беріледі.
3. Ұлттық алдын алу тетігіне қатысушылардың жыл сайынғы жинақталған баяндамасы қарау үшін уәкілетті мемлекеттік органдарға жіберіледі және Үйлестіру кеңесі бекіткен күннен бастап бір айдан кешіктірілмейтін мерзімде Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің интернет-ресурсында орналастырылады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/sotsialnyy-kodeks/st-151/