СОЦИАЛЬНЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 224-VII ·20.04.2023
01.07.2026 редакциясы
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

156-бап. Сырттай проактивті куәландыру ерекшеліктері

СОЦИАЛЬНЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 224-VII

1. Сырттай проактивті форматта мүгедектік және еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесі белгіленген кезде уәкілетті мемлекеттік орган медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізуге сараптамалық қызметтер көрсетуге келісімшарт негізінде медициналық-әлеуметтік сараптаманың тәуелсіз сарапшыларын тартады.
2. Медициналық-әлеуметтік сараптаманың тәуелсіз сарапшыларының тізілімін жүргізу тәртібін, сондай-ақ тізілімге енгізуді және одан шығаруды уәкілетті мемлекеттік орган айқындайды.
3. Медициналық-әлеуметтік сараптаманың тәуелсіз сарапшылары жұмысының нәтижелерін бағалау тәртібі мен өлшемшарттарын уәкілетті мемлекеттік орган айқындайды.
4. Медициналық-әлеуметтік сараптаманың тәуелсіз сарапшыларының қызметтеріне ақы төлеу тәртібін және медициналық-әлеуметтік сараптаманың тәуелсіз сарапшылары көрсететін қызметтерге тарифтерді уәкілетті мемлекеттік орган бекітеді.
5. Сырттай проактивті куәландыру уәкілетті мемлекеттік орган денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп айқындаған нозологиялық нысандар тізбесі бойынша жүргізіледі. Ескерту. Осы Кодекстің 263-бабы 3-тармағына сәйкес 156-бап 01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/sotsialnyy-kodeks/st-156/